Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет7/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
АШМ

Суару кезеңі- сиыр сауу тоқтағаннан бастап келесі бұзаулағанға дейінгі аралық.
Суды қажетсіну(пайдалану) – су ресурстарын қайтармай пайдалану.
Суландыру- жергілікті су қорын пайдалану немесе жармамен басқа жақтан су жеткізу жолымен суландыру. Сусыз немесе суға тапшы аймақты сумен қамтамасыз ету.
Суландыру мөлшері- өсімдіктің бір өсіп-өну кезеңінде 1 га жерге жұмсалатын судың мөлшері.
Суландыру желісі- суармалы жерге су жіберіп тұратын тұрақты немесе уақытша жасалған жармалар, су желісі.
Суландыру жүйесі- гидротехникалық құрылыстар( су жиналатын, су айдайтынорын, жармалар мен түтіктері) бар жер, суаруға мүмкіндік беретін басқа да жағдайлар жасалған жер.
Суландыру жармасы- суландыру жер танабына су баратын жарма.
Суландыру, суару, ирригация- топырағы ылғалсыз танапты суарып, екпе өсімдік өсіру.
Топырақтың су балансы – топырақтың су режимінің комплексті сипаттамасы немесе топырақтағы барлық ылғал қорының жиынтығы және белгілі бір уақытта және топырақтың белгілі бір қабатында оның шығыны ( мм немесе м3/га есептелінеді) .
Топырақтын су режимі– топырақ ылғалдың ауысуын, шығындалуын және өсімдіктермен пайдалануын анықтайтын қозғалыстар мен процестер жиынтығы, топырақ құнарлығынының бір факторы.
Топырақтын астынан суару- ылғалды топырақ бетінен емес, топырақ астынан жіберу арқылы жер суару.
Топырақ ылғалы- топырақ құрамында болатын ылғал.
Топырақты эрозияға қарсы өндеу- мұндай өндеу кезінде суға тосқауыл болатын микрорельефжасайды және желге қарсыаңыздық дақылдар қалдығын орналастырады.
Үсікке қарсы суару- көкөністерді, жеміс –жидек дақылдарын, жүзімдікті үсіктен сақтп қалу үшін көктемде және күзде үзіп-үзіп жаңбырлатып суғару.

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Дәріс № 1.
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық мелиорация пәніне кіріспе»

    1. Мелиорация пәні және міндеттері

    2. Ауыл шаруашылық гидрология элементтері

    3. Суару мелиорациясының түрлері



1.1. «Мелиорация» латын тілінде жақсарту деген мағына береді. Жер мелирациясы дегеніміз табиғи жағдайларды ауыл шаруашылық дақылдар үшін қолайлы бағытта топырақтың су және ауа режимдерін қадағалау жолымен жақсарту.
Елімізде Азық-түлікті және ауыл шарушылығы өнімін молайтуда мелиорация жұмыстарың алатын орын өте зор, өйткені барлық егістіктің 60 проценті қуаң және ылғалдылығы жеткіліксіз аймақтарда, ал 30 проценттен көбі -суы мол жерлерде орналасқан.
Топырақ пен өсімдікке әсер ететін мелиорациялар түрлері:

  • Агротехникалық – жерді дұрыс тереңдікке, бағытта жыртумен байланысты. Арнайы капитал жұмсауды талап етпейді, шаруашылықтағы бар техникамен орындалады. Осыған жататындар: қар тоқтату, жайылым мен шабындықтарды жақсарту, топырақты ұсақтау және т.б.;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет