Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


-ші лекция Беткейлік гравитациялық процестер және бедерлер пішіндері



бет27/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

8-ші лекция Беткейлік гравитациялық процестер және бедерлер пішіндері
Беткейлік гравитациялық процестер Шыңдарда және тау беткейлерінде, аңғарларда және кейде жазық жерлерде өнім жиынтықтарының жиналуы және қозғалысында туындайтын әртүрлі пішіндер мен жаралымдар кеңінен таралған. Салыстырмалы түрде тегіс беттерде тыныш жатқан және құздарда, құламалы беткейлерде пайда болған тастардың құлауы, бастапқы таужыныстардан белгілі бір үлкен және ұсақ сынықтардың бөлінуі тауларда қарқынды дамыған мору процесі (әсіресе физикалық) нәтижесінде туындайды.
Тегіс беттерде және жалпақ шыңдарда ірі тасжақпарлар мен тасшақпалар жиналуы тас теңіздер және тас шашылымдар, ал беткейлерде немесе олардың етегінде орналасқандары – тас сусыма деп аталады
Жылғаларда және аңғарлардың түбінде, беткейлердегі сусымалардың жіңішке жолақтары тас өзендер мен тас мұздықтар деп аталады.
Беткейлерде мору өнімдерін жылжытатын және беткейлерді қирататын басты фактор – ауырлық күші. Дегенмен, беткейлер биіктігі ме еңістігіне қарай, сонымен бірге су ықпалының күші мен сипатына байланысты ауырлық күші бірқатар процестерді туындатады. Оларға гравитациялық, су-гравитациялық процестер кіреді.
Гравитациялық процестер – еңістігі 300-тан асатын құлди беткейлерде ауырлық күші ықпалынан дамиды. Олар негізінен таулы алқаптарда таралады. Жазық аумақтарда өте құлди беткейлер бар жерде ғана кездеседі. Тік және аспалы беткейлерде опырылым процестері – ірі таужыныстар блоктарының кенеттен жұлынып құлауы дамиды. Құлдилығы аздау беткейлерде бос таужыныстар сынықтарының сусыма процестері пайда болады.
Құзарт беткейлерден құлаған опырылымдар төмен қарай өте қатты жылдамдықпен сырғиды, олардың жылдамдығы 150 м/с-ке жетеді. Тау опырылымдары апаттылығымен сипатталады. Мысалы, Памирдің Мұрғаб өзені шатқалында 1911-ші жылы болған опырылымда аңғарға 7 млрд тоннадай таужыныс массасы құлап, шатқалды бітеп тастаған. Нәтижесінде биіктігі 740 мдей тосқауыл бөгет пайда болып, оның ішінде тереңдігі 505 м, ал ұзындығы 60 км Сарез деп аталған көл пайда болған. Беткейлердің опырылымдық денудациясы нәтижесінде гравитациялық немесе құзарттық опырылымдар, опырылымдық цирктер мен қуыстар пайда болады. Аккумуляциялық пішіндерге опырылым жоталары мен төбелері жатады. Опырылым шөгінділері өздері жасаған пішіндерді құрайды, ал олардың құрамы қираған таужыныстар құрамына сәйкес келеді. Бұл шөгінділерде іріктелу мен жұмырлану болмайды.
Сусыма процестер кең таралғанымен, олардың жылдамдығы баяулау. Олар тауларда болатын адамдар әрекетіне қатты ықпал жасайды. Сусыма түзілімдер беткейлерде де, олардың етегінде де орналасады.
Коллювий құламалардан опырылып немесе сусып түскен түзілімдерден құралады да, тау етегіне жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет