7-ші лекция. Экзогендік процестер. Мору.
Экзогендік (сыртқы) процестерге мору, жербеті және жер асты сулардың, теңіздердің, мұздықтардың, организмдердің (жануарлар және өсімдіктер), адамзат қоғамының әрекеті т.б. Бұл процестің басты энергия көзі - Күн.
Экзогендік процестің негізгі бағыты – эндогенді процестерде жасалған бедердің оң пішіндерін қирату және теріс пішіндер тасындыларымен толтыру – планетаның гравитациялық өрісімен анықталады. Бұл жұмыс таужыныстардың бұзылуымен, өнімдерді және шөгінділерді көшіру, шөгу жолдарымен жасалады. Экзогенді процесс қарқындылығы климат, бедермен және басқа геологиялық процестермен анықталады.
Климат аумақтың географиялық жағдайымен, теңіз деңгейінен биіктігі, ауа ағыны бағыты, бедер ерекшеліктері, теңізден алшақтығы және басқа факторлармен анықталады.
Климат шөгінділердің саны және таралуы, өсімдік пен жануарлар әлемі, экзогенді бедер түзуші факторлар сипаты, ауаның және жер бетінің температуралық режимін анықтайды. Температураның кенеттен тербелістері физикалық мору процесімен, флювиальды процестермен - мол шөгінділер, климат құрғақшылығы – жел әрекетінің байқалуымен жағдай жасайды.
Бедердің әсер етуі, негізінен экзогендік процестердің белсенді болуын қамтамасыз етеді. Биіктік айырмашылығы үлкен әрі қатты жіктелген бедерде оны жапқан мору өнімдері тез ысырылып, түбірлік таужыныстардың ары қарай жылдам бұзылуына әкеледі. Процестер тегіс бедерлерде ақырын жалғасады, бастапқы таужыныстардың бетінде оны бұзатын көп масса өнімдер жиналып, сыртқы агенттердің әрекетін азайтады. Жылжымай бастапқы орнында қалып таужыныстардың бетінде жатқан, бұзылу өнімдері жиналған масса элювий деп аталады.
Мору процесімен байланысты бедерлер пішіндері
Минералдар мен таужыныстардың жер бетiнде және оның жақын маңында қирау және ыдырау процестерiнiң жиынтығы мору деп аталады. Тау жыныстар күйi мен құрамы олардың жатқан жерiнде, судың, оттегiнiң, көмiрқышқыл газының, әртүрлi қышқылдардың, тiрi организмдер мен температура ауытқуының физикалық, химиялық және билогиялық әрекетi нәтижесiнде өзгерiске ұшырайды.
Бiрегей әрi күрделi мору процесi екi түрге бөлiнедi: физикалық және химиялық. Олар өзара тығыз байланысты және бiр мезгiлде өте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |