Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


Геоморфологиялық карталар



бет43/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Геоморфологиялық карталар. Далалық геоморфологиялық зерттеу материалын толығымен анық, қорытып, графикалық тәсілмен көрсететін құрал геоморфологиялық карта болып саналады. Ол бедердің уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарын және бедер мен геологиялық құрылысын, бедер мен тектоникалық жағдайын, бедер мен басқа да географиялық ландшафт құрамбөліктерінің арасындағы байланысын белгілейді. Геоморфологиялық карталардың басты ерекшеліктерінің бірі - бедер элементтерінің морфологиясын, жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу. Сайып келгенде, геоморфологиялық карта - геоморфологиялық зерттеулердің қажетті және маңызды нәтижесі, бедер туралы графикалық түрде жиналып алынған толық мәліметтер мен практикалық қолданылуының негізгісі.
Геоморфологиялық карталар өздерінің масштабына, мазмұнына және қойылған мақсатына қарай әр түрлі болып келеді.
Геоморфологиялық карталардың дәлдік дәрежесі олардың масштабына байланысты. Масштаб ірі болған сайын, картадағы мәліметтер де толығырақ көрсетіледі. Әдетте геоморфологиялық карталар геологиялық және топографиялық карталар сияқты стандартты масштабта жасалады. Карталардың масштабы бойынша: үлкен аумақтардың (мысалы, бүкіл Қазақстан аумағын) геоморфологиялық құрылысын жалпы көрсетуге арналған ұсақ масштабты (1:1000 000 ұсақ), жеке облыстардың геоморфологиялық құрылысын көрсететін орта масштабты (1:1000 000-нан 1:200 000 дейін) аймақтық карта және шаруашылық мақсатында игерілетін жеке аудандардың геоморфологиялық және геологиялық жағдайларын көрсететін ірі масштабы (1:200 000 және одан да ірі) карталарға болып ажыратылады. Шолу және ұсақ масштабты карталар әдетте тыңғылықты өндеу тәсілмен, орта және ірі масштабты карталар дала геоморфологиялық зерттеу жолымен жасалады.
Мазмұны бойынша геоморфологиялық карталар жеке және жалпы геоморфологиялық карталарға бөлінеді. Жеке геоморфологиялық карталар тек бедердің морфография, морфометрия, қалыптасу тегі немесе жасы жайлы және тағы сондайларға байланысты жеке көрсеткіштер негізінде құрастырылады.
Жалпы геоморфологиялық карталар жеке көрсеткіштердің жиынтығы ретінде бедердің жалпы сипаттамасын, оның ішінде маңыздылары болып табылатын: морфографиясын, мофрометриясын, қалыптасу тегін және бедердің жасын бейнелеп береді.
Карталардың мазмұны олардың алдына қойылған мақсатын анықтайды.
Геоморфологиялық карталарды құрастыру және рәсімдеу үшінкөптеген шартты белгілер – легенда жүйесі. Бірақ қазіргі уақытқа дейін біркелкі жалпы қабылданған, мысалы көп масштабтарда комплексті карталарда қолданылатын легенда жоқ. Сонымен қатар кейбір авторлар бірдей масштабтағы карталар үшін мазмұнд және рәсімдеуге әртүрлі легенданы ұсынады Бәріне бірдей легенда жоқтығы геоморфологиялық карталармен жұмыс жасауды қиындатады. Негізгі әдебиет : 2 [208-219], 4 [396-410].
Бақылау сұрақтары:
1.Геоморфологиялық карта кеңістікте бедер сипаттамасын суреттеу құралы.
2.Геоморфологиялық карталардың масштабы, мазмұны, қолданылуы бойынша бөлінуі.
3.Геоморфологиялық карталарды құрастыруда қолданылатын шартты белгілер (легенда) жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет