Галикарнастағы мавзолей



Pdf көрінісі
Дата07.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#482551
Документ (5) 2



ГАЛИКАРНАСТАҒЫ 
МАВЗОЛЕЙ 
25.09.2023 
“МӘДЕНИЕТТАНУ” 
мавзолейдің қазіргі уақыттағы түрі 
жасаған:Қуатбай Динара 



Галикарнастағы Мавзолей әлемнің жеті кереметінің бірі 
болып саналады. Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы 
үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде керемет 
адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. 
Ол б.э.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы 
мемлекеттің басты тұлғасы - патша Мавсолдың моласы ретінде 
жасалған. 
Мавсол
(б.э.д. 377-323 жж.) 
Кари патшалығын
 және оған 
тәуелсіз 
Парсы империясының
 бір бөлігінің басшысы болды. 
Оның атаққұмар жобаларының арқасында 
Галикарнас
 
Эгей 
теңізі
 жағасындағы ұла қала болды. Оның құрылысы Мавсолдың 
тірі уақытында басталған. Мавзолейдің жобасын атақты 
сәулетшілер 
Сатир

Пифей

Леохар

Скопас

Бриаксид

Тимофей
 ж
асады. Мавсол өлгеннен кейін б.э.д. 353 ж. құрылыс жұмысын 
билік тізгінін өз қолыны алған әйелі 
Артимисия III
басқарды. 
Артимисия III де құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып өлген, өз 
даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты 
аяғына жеткізу керек деп шешкен. Ақырында мемориал қирап, 
археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан. 
Галикарнас аты кейін 
Бодрумға
 өзгертілген, Мавзолейдің 
қалдықтары осы қаланың мұражайында сақталған. 



Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала 
болатын. Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне: Марс Шіркеуі 
және әйгілі көпшілік ойын-сауықтар өткізілетін амфитеатр, 
Мавсолдың отбасы және қызметшілері тұратын сарай кірді. 
Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсолдың 
маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің 
бойына, базар алаңының жанына салынды. Биіктігі 6м мүсіндер 
тобы – төрт ат жегілген екі аяқты арба, пирамиданың бас 
жағында тұрады. Өз көлемімен екі есе үлкен ол мәрмәр тастан 
істелінген еді, аттардың ауыздығы қоладан жасалған, ал жүгені 
алтынмен жалатылды. Арбаны Мавсолдың мүсіні «басқырып тұр». 
Арбаның тұғыры жан-жағы фриз деп аталатын гректердің 
кентавр – жартылай адам, жартылай аттармен соғысын 
бейнелейтін әшекейлі жиектастармен безендірілді. Баспалдақ 
түрінде жасалған биіктігі 7м мәрмәр тастан жасалған пирамида 
пішініндегі бөлігі шатырын құрайды. Археологтардың есебі 
бойынша баспалдақтың әр басқышының биіктігі 30см. Шатырды 
айналдыра мәрмәр тастан жасалған арыстандар қатарланып 
тұрулары мүмкін. Олрадың моланы күзетулері де мүмкін. 
Шатырдың фризде арбалардың жарысы бейнеленді. Ол 
Мавсолды жерлеу кезіндегі төрт ат жеккен арбалардың жарысын 
бейнеленген көрініс болуы мүмкін. Биіктіктері 12м мәрмәр 
бағандар шатырға тірек болды. Екі шиыршықтан құралған 
(қошқардың мүйізіне ұқсаған) волюта деп аталатын, иондық 
стильде жасалған ою, бағандардың бас жақтарының сәнін 
келтіріп тұрды. Мавсолдың отбасы мүшелерінің мүсіндері 
бағандардың аралығында тұрды. Сақталып қалғаны – екі алып 
еркек пен әйелдің мүсіндері. Олар қазір Лондондағы Британия 
музейінде тұр. Кейбір адамдар бұлар Мавсол мен Артемиссияның 



мүсіндері деп есептейді. Подиумның жоғарғы бөлігіндегі 
(бағандардың арасын қосып тұрған) фризде гректердің 
амазонкалармен соғысы беунеленген. Амазонкалар – мифтік 
күрескер-әйелдер нәсілі. 
Мавзолейді
ң құлауы 
Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны бір-жола 
1522 ж. крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар 
оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің 
бекінісін нығайтуға пайдаланды. 1846 жылы қалдықтарды 
Британияның музейі Чарльз Томас Ньютон басқарған экспедиция 
зерттеді. 
Қызықты мағлұматтар 
• 
Мавзолей 
Хеопс пирамидасынан
 басқа, әлемнің кейбір кереметтеріне 
қарағанда ең ұзақ сақталды. 
• 
Бірнеше мүсіндер ғимарат құлаған кезде топырақтың астында қалып 
сақталып қалған. Дренажды (құрғатқыш) жабу үшін пайдаланылған 
фриз, бірнеше жылдар бойы белгісіз жата берген. 
• 
Мавсолдың атына байланысты шыққан «Мавзолей» сөзі қазірге дейін 
үлкен кесененің аты ретінде пайдаланылып жүр. 
• 
Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны біржола 1522 
жылы крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның 
материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін 
нығайтуға пайдаланды. 
 
 

Document Outline

  • “мәдениеттану”


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет