Газдардың электрөткізгіштігі. Газдағы разрядтар, плазма туралы түсінік. Вакуумдағы электр тогы. Термоэлектрлік эмиссия. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Газдардың электр өткізгіштігі


Вакуумдегі электр тогы дегеніміз не? Қасиеттері қандай?



бет3/4
Дата14.12.2023
өлшемі102.31 Kb.
#486556
1   2   3   4
f63172304a4eb8

Вакуумдегі электр тогы дегеніміз не? Қасиеттері қандай?
Ыдыстың бір қабырғасынан екінші қабырғасына дейін газ молекулалары бір бірімен ешбір соқығыспайтындай етіп, ыдыстағы газды сору арқылы сиретуга болады. Түтіктегі газдың мұндай күйін вакуум деп атайды.
Вакуум дегеніміз ауасы жоқ кеңістік. Вакуумдегі электрон аралық өткізгішті түтікке зарядты бөлшектер көзін енгізу арқылы қамтамассыз етуге болады.
Термоэлектрондық эмиссия. Вакуумде ток жүру үшін еркін электрондар енгізу керек. Ол термоэлекторндық эмиссия көмегімен жүзеге асырылады. Термоэлекторндық эмиссия температураның әсерінен электрондардың ыршып шығуын айтады.
Екі электродты (катод, анод) шам диод, үш электродты (катод, анод, тор) шам триод деп аталады. Осциллографтардың, теледидарлардың, радиолокациялық қондырғылардың экрандарында электрондардың шоғының көмегімен кескіндерді алу үшін электрондық сәулелік түтікті қолданады.
Жеткілікті жоғарғы температураларда шапшаң қозғалған атомдар немесе молекулаларының соқтығысуларының есебінен газдрдың иондалуы басталады. Газ плазма деп аталатын жаңа күйге ауысады.
Плазма оң және теріс зарядтардың тығыздығы бірдей яғни оң және теріс иондар саны тең болатын толық немесе жартылай иондалған газ. Егер плазмада бейтарап атомдар не молекулалар кездессе, оларды жартылай ионданған плазма деп атайды. Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.
Рекомбинация – иондану процесіне кері процесс: оң және теріс иондар, оң иондар мен электрондар қайта қосылып бейтарап молекулалар мен атомдар түзеді.
Газ разрядының түрлері.
Газ разряды өздік емес разраяд және өздік разряд болып екіге бөлінеді:
өздік емес (тәуелді) газ разряды – сыртқы иондауыштардың үздіксіз әсерінен электр тогының газ арқылы өтуі.
өздік (тәуелсіз) газ разряды – электродтар арасына берілген кернеу есебінен, яғни электр өрісінің ықпалымен иондардың пайда болып, электр тогының газ арқылы өтуі. (токтың өту процесіне сыртқы иондауыштың қосымша әсері қажет емес, заряд тасушылар соққы иондану есебінен үздіксіз толығып отырады.)
Газдың қысымына және электродтарға берілген кернеу шамасына байланысты өзіндік(тәуелсіз) газ разрядының түрлерісолғын разряд, ұшқынды разряд, доғалық разряд, тәж разряды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет