Газет тарихы


Бас Жүлде – ZAZ Chance маркілі автокөліктің иесі – ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл



бет2/10
Дата28.01.2024
өлшемі241.13 Kb.
#490048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тәрбие сағаты Көк тудың желбірегені

Бас Жүлде – ZAZ Chance маркілі автокөліктің иесі – ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлтанылды. Темір тұлпардың кілтін авторға Азат Перуашев тапсырды
1-3 орындардың ақшалай сыйлығын қазылар алқасы деңгейіне қарай теңдей етіп бөліпті:
- 1 орын — 500 000 теңге, теңдей – Аманғазы Кәрібжанұлы мен Әлібек ШегебайғаҚазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай табыс етті.
- 2 орын — 400 000 теңге, теңдей – Талғат Ешенұлы мен Көбен Асқарұлына (ҚХР) ақын Ибрагим Исаев табыстады.
- 3 орын — 250 000 теңге, теңдей – Алмас Темірбай мен Ақберен Елгезекке ақын Қазыбек Иса тапсырды.
Арнайы жүлделер (әр қайсысына 100 000 теңгеден):
- Қайрат Рысқұлбеков атындағы – Тоқтарәлі Таңжарыққа;
- Ербол Спатаев атындағы – Жарас Кемелжанға;
- Ләззат Асанова атындағы – Динара Мәлікке табысталды.
Барлық жеңімпаздарды «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитетінің төрағасы Смағұл Елубай, осы жобаның бастамашысы Азат Перуашев, қазылар алқасының мүшелері Ибрагим Исаев пен Қазыбек Иса және «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айдос Сарым құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Жүлдегер шығармалар республикалық басылымдарда жарияланып, іріктелген өлеңдер «Тұран» баспасынан жеке кітап болып шығады.


СМАҒҰЛ, Бас жүлде
ЖЕЛТОҚСАН
Алтыныңды айырбастап қолаға,
Отаныңды айналдырса молаға.
Өз тіліңді босағаға лақтырып,
Өз еліңде күн кешуге бола ма?!
Сол кешегі желтоқсанның аспанын,
Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.
Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,
Намыс өлсе керегі не басқаның.
Сен қазағым шыныменен ұлысың,
Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.
Ұл – қызыңның қаны судай шашылды,
Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.
Ереуілде ит пен құсқа таланған,
Шырқыраған шындық іздеп ғаламнан.
Қазағымның қызыл қанын мәңгілік,
Жуғанымен кетіре алмас алаңнан.
Соның бәрін еске алатын шақ бүгін,
Құрбан қылды қарындастар пәктігін.
Құрбан қылды ғұмырларын боздақтар,
Табамыз деп ақиқаттын ақ туын.
Жеткенімше белім қанша бүгілді,
Сол аппақ ту – азаттығың бүгінгі.
Сол қыршындар жүрегімен көтерді,
Нар көтере алмайтұғын жүгіңді.
Сол бір күнді көзбен көрген жан ұған,
Жанарымда ащы шындық табы бар.
Біздің әрбір күлкімізде сол күннің,
Қатып қалған бір, бір түйір қаны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет