гендерлект ұғымын енгізуді ұсынады.Гендерлектілер белгілі бір қарым-қатынас жағдайында көрініс табады.Тілді тұтынушы оған өзінің болмысына сай «еніп,араласа алады» [1996,38 б.].Қазіргі уақытта ерекше гендерлік-лингвистикалық әдістер туралы айту қиын.Сол сияқты бұл бағыттың аталуына байланысты мәселелер толық шешілді деп айта алмаймыз.Әлеуметтік ғылымдарда гендеристика, гендерология, гендергетика секілді ғылыми терминдер ұсынылып,пікірталас тудырып жүргені рас,бірақ осы терминдердің нақты біреуі қабылданып,тұрақталған жоқ.Батыстың ғылыми дәстүріне сүйенсек,әр ғылымға қатысты мәселен,философия (психология,әлеуметтану) саласындағы гендерлік зерттеулер делінеді [Халеева 1999, 59б.].
Гендерлік қатынастардың тіл мен сөйлеудегі көрінісін талдау барысында гендер көбінесе әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық фактор ретінде танылады.Алайда тіл білімінің басқа салаларын,лексикон мен грамматиканы,тілдік таңба мен сөйлеуші арасындағы қатынас (референция) теориясының мәселелерін,лингводидактика мен лингвомәдениеттануды,тіл тарихын,психолингвистиканы гендерлік қырынан зерттеп,тіл білімі үшін мәнді деректер алуға болады.Сол сияқты ілгеріде И.Гоффман, М.Фуко еңбектерінде көрсетілгендей,гендердің таңбалар жүйесі (семиотикасы) мен қалыптасқан дәстүрге сәйкестігі қоғамның мәдни ерекшеліктері мен дискурсқа талдау жасау тұрғысынан зерттегенде ғана нәтиже береді.
Гендерлік лингвистика үшін маңызды-әлемнің гендерлік бейнесі ұғымының енгізілуі.Әлемнің гендерлік бейнесі әрбір мәдениетке тән.Әлем бейнесі гендерлік нормалармен,идеалдармен,таптаурындармен байланыстырылады. Гендерлік меафора алуан түрлі қоғамдық және табиғи құбылыстарға баға беруке қатысады,оларға үнемі ықпал етіп отырады.О.В.Рябовтың анықтамасын келтірсек,әлемнің гендерлік бейнесі дегеніміз-адам санасында ақиқаттың,яғни заттардың,қасиеттердің,қатынастардың жұптық қарама-қарсылыға арқылы категориялануы және жұптардың аталық (еркектік),аналық (әйелдік) бастаумен ассоциацияланатынын білдіретін таным-түсініктер жиынтығы.Ендеше,әлем бейнесі,тілдік сана,әлемнің тілдік бейнесі,менталитет ұғымдарына «гендерлік» сын есімін қосып атап,оларды гендерлік қырынан зерттеп-зерделеуге әбден болады [1997, 17б.].
Тілдік сана ретінде ең алдымен,тілдік құралдар арқылы,яғни сөздермен, тіркестермен,фразеологизмдермен, мәтіндермен, ассоциативтік өріспен, сондай-ақ осы өрістің жиынтығы ретіндегі ассоциациялық тезауруспен көрініс табатын сана бейнелері қарастырылады (Караулов).Сөздің ассоциативтік мағынасына зер сала отырып адамның тілдік санасында әлем бейнесінің құрылымдану көрінісін анықтап,адамзаттық ментальдік ерекшеліктерге талдау жасап,гендерлік компонентпен байланысын білуге болады. (Леонтьев).
Көп жылдардан бері ерлер мен әйелдердің сөйлеу әрекетіндегі ерекшеліктерді психолингвичтикалық қырынан зерттеп жүрген ғалым Е.И.Горошко ассоциативтік тәжірибелеріне гендер категориясын негіз етуінің себебін былай түсіндіреді:біріншіден, соңғы он жыл көлемінде әлеуметтік ғылымдар саласында.лингвистикада гендерлік зерттеулер қарқыны күшейе түсті.Қазіргі таңда тіл ғылымында бұл бағыттың бастапқы қалану сатысы толық аяқталды,гендерлік лингвистика тіл білімінің жеке ғылыми бағыты ретінде қалыптасты;екіншіден, әлеуметтік ғылымдар саласында гендерлік зерттеулердің теориялық және әдіснамалық қоры жинақталып,пәнаралық сипат алды;үшіншіден гендерлік фактордың ассоциативтік әрекеттерге ықпалын кешенді зерттеуде жүйеліліктің болмауы себебінен туындап отыр [2003].
Тіл біліміндегі гендерлік зерттеулердің ендігі бір тобы пәнаралық сипатта дамып келеді.Мәселенің маңыздылығы мен күрделілігі,ауқымдылығы ғалымдар назарына іліккен.Сонымен бірге гендерлік белгілердің тіл деңгейінлеріндегі көрінісін сипаттау, «жыныс» ұғымының концептуалдануын сипаттайтын тілдік тәсілдерді анықтау, «әлемнің гендерлік тілдік бейнесін» (гендерлік концепт,гендерлік таптаурындар) белгілеу және соларға сәйкес,мәдениетаралық салыстырулар жүргізу гендерлік зерттеулерде өзекті мәселелер қатарында қарастырылады.
Тілді гендерлік қырынан зерттеудің аксиологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып,мәдени доминанттар рөлін танып-білудің де маңызы зор.Мәдени доминанттарды зерттеу (басқа ғылым салаларының мәліметтерін пайдаланса да) алдымен лингвистикалық білімді игеруді қажет етеді (лексикалық,фразеологиялық бірліктерді жинап-теру,сөздіктерден, мақал-мәтелдер жинағынан,көркем әдебиеттен,бұқаралық ақпарат құралдарынан қажетті мәтіндер жинау).Сол сияқты психолингвистикалық тәжірибелердің нәтижесі ретінде ассоциативтік сөздік материалдарын (әсіресе жаңа функционалдық сипаттағы талдауларға) пайдаланудың тиімділігі басым [Кирилина 1999,79-81бб.].
Гендерлік зерттеулерде қолданылатын әдіс-тәсілдер:салыстырмалы әдіс-тілдің ішкі формаларына талдау жүргізу арқылы түрлі тілдерге тән тұжырымдық ерекшеліктерді айқындау;мәдени маңызды белгілерді сипаттауда «лингвистикалық емес» амалдарды (салт-дәстүрлер,фальклорлық материалдар)пайдалану,олардың Д.О.Добровольский атап көрсеткендей, «бейнелік мәртебесінен» гөрі «таңбалық мәртебесін» жоғары қою керек [1997,41б.]; өзінөзі бақылау әдісі,сапалық,сандық.статистикалық,әлеуметтік-психолингвистикалық зерттеулер,жобалар жасау, т.б.
Гендерлік лингвистиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы әлеуметтік мәні зор ірі проблемаларды қамтитынын ерекше айтуымыз керек.Лингвистикалық мәні басым болып келетін материалдар осы ір этносқа гендерлік жорадан қалыатасқан таптаурындарға,дәстүрге байланысты қалыптасып,тілде берік орын алған.