География кафедрасы Тақырыбы: Салауатты өмір салты


Салауаттанудың негізгі мақсаты



бет2/8
Дата26.12.2023
өлшемі61.99 Kb.
#488136
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-30722

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бүдан мынандай міндеттер туындайды:
- салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».
Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».
Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.
Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.
Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.
Әлеуметгік түр — тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.
Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.
Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Рухани тазалық— тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.
Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
• зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;
• өсу мен даму көрсеткіштері;
• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
• қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
• имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.
СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.
СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:
- жеке бас гигиенасы;
- дене шынықтыру;
- тиімді тамақтану;
- оңтайлы қимыл тәртібі;
- зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;
- жағымды эмоциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет