Қорытынды:
Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақ салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың туындауындағы темекінің ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері туралы ақпарат беріледі.
Тактикалық тұрғыда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру ләзім. Бұл жұмыс жас, жыныс, денсаулық жағдайын ескере отырып жүгізіледі. Осылайша балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттың негізін денеміздің табиғи дамуына, психикалық эмоциялық әлеміне етер әсері, қыздар мен бала туар жастағы әйедермен, темекі тартатын жүкті әйелдер организмдеріндегі өзгерістер салдар және осындай аналардан туар бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар құрайды.
Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компоненттер:
-тиімді тамақтану;
- табиғатына орай қимыл белсенділігі;
- шынығу;
- психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас;
- тән, киім күтімі;
- тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану;
- еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау;
- денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;
- темекңіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;
- экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық.
Міне, осылай өз денсаулығына деген кімнің де болмасын бұған ұқсас айқын сенім, салауатты өмір салты, жас , әлеуметтік және басқа ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға деген бағдардың алғы шарты болып қала бермек.
СӨС насиқатын денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу т.с.с. шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ әдістер аспектілерінде өткізу керек. Осы әдістердің арасында тұрғындарды табиғи сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше көңіл бөлінбек.
СӨС мақсат еткен, кең таралған қозғалыстардың бірі- судың, жердің, ауаның пайдалы қасиеттерін пайдалану прициптеріне негізделген 12 қағидадан тұратын П.К. Ивановтың тұрғындарды табиғи сауықтыру жүйесі болып табылады. ТМД республикаларының көбінде, облыстарда , қалаларда П.К Иванов жүйесіне негізделген арнайы орталықтар ұйымдастырылып ашылды.
СӨС қалыптастыруда жалпы қоғам азаматтары болып күрес жүргізу, залалды заттардың адам организміне зиян екенін ашық, айқын түсіндіру. Және де жасөспірімдердің залалды заттарға құмарлығын жою ең басты мақсат етіп қойылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |