8.Масштабы 1:200000 тең картада ауылдар арасындағы қашықтық 10см бір ауылдан екінші ауылға 5км/ сағ жылдамдықпен жолаушы шықты. Бір ауылдан екінші ауылға жету үшін қанша уақыт керек. 1:200000 1см де 2км 2км×10=20км 20км:5км/сағ =4сағ
Белгілі бір нүктенің координатасын анықтау 1) А Қаласының координатасын анықтау. А қаласы 20-30 градус параллельдің аралығында орналасқан 20градустан А қаласына дейінгі қашықтықты градус есебімен анықтау керек. 20 -30 градус аралығы 10градусқа тең. Оны сызғышпен өлшегенде 27мм. Олай болса 10градус=27мм. Ал 20 градустан А қаласына дейін 14мм. Осы 14мм-дің неше градусқа тең екенін табуымыз керек
2) Жер шары шеңберінің 1градус доғасы қанша км екенін анықтаңыз. Шешуі: 40000:360градус=111км Жауабы: 1°= 111км
3)Африканың солтүстігінен оңтүстікке дейін қанша созылып жатқанын. Градус және км есебінде анықта. Солт.шеткі нүктесінің координатасы 37 ° с.е Оңт.шеткі нүктесінің координатасы 35° о.е Екі нүктесінің арақашықтығы 37° с.е +35 о.е= 72° тең 72°·111=7992км=8000км Жауабы:72° 8000км Африканың батыстан шығысқа арақашықтығын табу. Батыс шеткі нүктесінің координатасы 16º б.б Шығыс шеткі нүктесінің координатасы 53º ш.б 10ºпараллель арқылы өтеді. 10º параллельде 1º доғаның ұзындығы 109км тең. 16º б.б + 53º ш.б = 69º 69º·109км = 7521км = 7,5км Жауабы: 69° 7,5км
4) Қазақстанның солт. шеткі нүктесінің координатасы 55° 26мин с.е Оңт. шеткі нүктесінің координатасы 40° 56мин с.е
55°26мин - 40°56 мин=14°30мин=14,5° 14,5·111км= 1609,5км=1600км Батыс шеткі нүктесінің шеткі координатасы 46° 30мин Шығыс шеткі нүктесінің координатасы 87° 20мин
87°20мин-46°30мин=40°50мин=41º 50°паралель арқылы өтеді 50° параллельде 1° доғаның ұзындығы - 71,7км оны жуықтағанда -72км 41°·72км=2982км=3000км
Ауаның көлемін табу 1.Егер ұзындығы 6м, ені 4м, биіктігі 3м сынып бөлмесіндегі ауаның салмағы қанша болатынын есептеп шығарыңыз. Шешуі: бөлмедегі ауаның көлемін табамыз. V=a·b·c V=3·6·4=72м³ 1м³ ауаның салмағы 1кг 300грамм =1,3кг 72·1,3=93,6кг Жауабы: 93,6кг