2. Мәтінді қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
|
Балқаш кен-металлургия комбинаты алғашқы мысты берген уақыттан бері (1938ж) қиындығы мол ауыр кезеңдерге қарамастан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп мол табысқа ие болды. Ол бүгін "Қазақмыс" корпорациясының құрамында.
Бұл комбинат Балқаш өңіріндегі қоршаған ортаның ең үлкен ластаушысы болып есептеледі. Мыс өндіру комплексінің іске қосылу кезінен бастап 1995 жылға
|
дейін көлге еш тазартусыз өндірістік ағынды сулар құйылған болатын. Нәтижеде қоршаған орта ауыр металлдармен ластанып, су биосферасы көптеген ауру-науқастарға тап болды. Қала тұрғындардың айғақтауымен, 2004 жылдың жазында комбинат атмосфераға газдың үлкен көлемін шығарып, қаладағы құстардың кілең мерт болуына себепші болған.
|
а. Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтаңыз.
b. Балқаш кен-металлургия комбинатының қоршаған орта мен адамзатқа тигізер әсерін азайтуға бағытталған 3 шешу жолын ұсыныңыз.
3. Тапсырманы орындаңыз.
а. Табиғатты тиімді пайдалануға және қорғауға арналған ұйымдарды анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
Табиғатты қорғау ұйымдары
Жауап
Анықтамалары
1. Гринпис («Жасыл әлем»)
a) германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін э
ологиялық қоғамы.
2. «Робин Вуд»
b) бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. Канадада 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше.
3. ВФОП (WWF)
c) бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерьлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады.
b. «Киото хаттамасының» негізгі қағидатын анықтап, оған сипаттама беріңіз.
|