Тапсырма
1. Геоэкологиялық зерттеулердің мәні мен мазмұнына және бағыттарына қатысты мәтінді оқып, инфографика түрінде көрсетіңіз.
Геоэкология-жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкология терминін алғаш 1939 жылы К.Тролль ұсынған еді. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Геоэкология пәнінің мақсаты – табиғатты қорғау туралы ілімнің ғылыми негіздерін жердің табиғи-антропогендік жүйелерінің экологиялық саны ретінде геоэкологияның негіздеуші прициптерін зерттеу, анықталған заңдылықтарды қолданбалы экологияның теориясы мен тәжірибесін іс жүзінде қолдану.
Геоэкология пәнінің негізгі міндеттері табиғатты қолдану негіздерін зерттеу және экологиялық аудандастыру әдістерін карастыру. Негізгі ластайтын заттардың қайнар өздерін, олардың таралуының жалпы заңдылықтарын табу және аудандардың геологиялық құрылымын зерттеу және қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтау. Сонымен қатар қоршаған орта зерггтеулерінің әдістемелерін, химиялық элементтердің табиғи және жасанды көздерінің сипаттамасын, шаруашылык қызметтің коршаған ортаға техногендік тәуелділігін түсіндіру. Техногенездің ерекшілігімен, табиғи шарттардың ролімен таныстыру және коршаған орта ластануында адамдардың шаруашылық қызметін анықтау, аймақтарды экологиялық аудандастыру, минералды қорлардың тиімді колдану туралы және экологиялық– геологиялық карталарды құрастырудың ғылыми - әдістемелік принциптерін білу.
Геоэкологияның негізгі бағыттары: Жалпы геоэкология - Жерге ортақ жаһандық үдерістер мен құбылыстарды зерттейді (экологиялық геоморфология, табиғи ресурстар экологиясы, атмосфера экологиясы, гидроэкология және т.б.)
Қолданбалы геоэкология – шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің өзгерістерін зерттейді (агроэкология, урбанэкология, орман шаруашылығы және т.б.)
Аймақтық геоэкология – нақты бір территориядағы шаруашылық іс-әрекетке байланысты геоэкожүйенің өзгерістерін зерттейді (табиғат зоналарының геоэкологиясы, өзен бассейндерінің геоэкологиясы және т.б.)
2. Дүниежүзі бойынша мұнаймен ластанған картаны қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы картасы
a. Дүниежүзілік мұхиттардың мұнаймен ластану деңгейін анықтап, кестені толтырыңыз.
Ластану деңгейі
|
Дүниежүзілік мұхит атауы
|
Өте ластанған
|
|
Ластанған
|
|
Орташа ластанған
|
|
Ластану мөлшері аз
|
|
b. Мұнаймен ластанған аудандардың ластануының екі себебін анықтаңыз.
c. Мұнаймен ластанған аудандардың қоршаған ортағы тигізер екі салдарын түсіндіріңіз.
3. Мәтінді және суретті қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
22 тамыз, 1975 жыл
Эскондида – 1990 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан Чили мемлекетіндегі ірі мыс кен орны. 2007 жылы бұл кен орнында 1,5 млн т мыс өндірілді. 2 карьері бар Эскондида кен орны 2011 жылдан бастап жер шарындағы ең ірі мыс өндіруші кен орны болып табылады. Эскондида мыс кен орны жылына миллиондаған тонна су шығындайды. Мысалы, 1 т мыс өндіру үшін 200–250 т су керек. Мыс өндіруден бұл ауданда су қоры таусылып, жергілікті жер әлемдегі ең құрғақ аудандардың біріне айналып отыр. Карьер мен террикондар өте улы болғандықтан жергілікті халықтың денсаулығы мүлдем нашарлап, ал ауданның жер бедері өте қатты өзгеріске ұшыраған.
22 тамыз, 1975 жыл жыл
14 сәуір, 2008 жыл
а. Антропогендік факторлардың 1975 жыл мен 2008 жылдар аралығында жер бедері мен қоршаған ортаны қалай өзгерткенін сипаттаңыз.
b. Эскондидо мыс кен орнына әсер еткен антропогендік факторларды азайтудың 2 жолын қарастырыңыз.
1.______________________________________________________________________
2.______________________________________________________________________
|