«География» пәнінен Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10 сынып


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет13/13
Дата25.02.2022
өлшемі2.95 Mb.
#455747
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
10SYNYPBJB GEOGRAFIYa 1178 GB 10 SYNYP VK-10SYNYPBJB

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Кешенді географиялық аудандастыру. Салыстырмалы елтану

Оқу мақсаты

10.6.1.1 Дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық
географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
10.6.2.3 Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде
дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша)
10.6.2.6 Елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін
географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында)



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді

  • Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді

  • Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Геосаяси аудандарға қатысты берілген картадағы шартты белгілерді анықтаңыз.



2. Геосаяси ауданға қатысты картаның мазмұнын түсіндіріңіз.


_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________





3. Кестеде берілген ақпартты қолданып, өсу реттілігі бойынша тік бағаналы график сызыңыз.
Дүниежүзі елдерінің ЖІӨ номиналды көрсеткіші. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, 2017 жыл.

Рейтинг

Мемлекеттер

ЖІӨ көлемі,
АҚШ доллары есебімен

16

Индонезия

932

19

Швейцария

660

25

Бельгия

467

37

Сингапур

297

51

Қазақстан

134

61

Украина

119

62

Пуэрто-Рико

101










  1. Кестеде берілген АДИ көрсеткішін қолданып,тапсырмаларды орындаңыз.

АДИ көрсеткіші жоғары, орташа және төмен мемлекеттер ондығы



Мемлекеттер

АДИ

АДИ өте жоғары мемлекеттер

Норвегия

0,949

Аустралия

0,939

Швейцария

0,939

Германия

0,926

Дания

0,925

Сингапур

0,925

Нидерланды

0,924

Ирландия

0,923

Ирландия

0,923

Исландия

0,921






Мемлекеттер

АДИ

АДИ орташа мемлекеттер

Молдавия

0,699

Ботсвана

0,698

Габон

0,697

Парагвай

0,693

Египет

0,691

Түркіменстан

0,691

Индонезия

0,689

Палестина

0,684

Вьетнам

0,683

Филиппин

0,682






Мемлекеттер

АДИ

АДИ төмен мемлекеттер

Эритрея

0,420

Сьерра-Леоне

0,420

Мозамбик

0,418

Оңтүстік Судан

0,418

Гвинея

0,414

Бурунди

0,404

Буркино Фасо

0,402

Чад

0,396

Нигер

0,353

ОАР

0,352




а.Таңдау бойынша кестедегі АДИ көрсеткіші жоғары, орташа немесе төмен кез-келген бір елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін әлеуметтік факторды анықтаңыз.

b.Таңдау бойынша кестедегі АДИ көрсеткіші жоғары, орташа немесе төмен кез-келген бір елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін экономикалық факторды анықтаңыз.


c. Таңдау бойынша кестедегі АДИ көрсеткіші жоғары, орташа немесе төмен кез-


келген бір елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін саяси факторды анықтаңыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді

1

1- шартты белгіні анықтайды;

1

2- шартты белгіні анықтайды;

1

геосаяси ауданға қатысты картаның мазмұнын түсіндіреді;

1

Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді

2

кестедегі ақпаратты қолданады;

1

тік бағаналы графикті өсу ретімен сызады;

1

графикті визуализациялайды (әрлейді);

1

Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттайды

3

елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін әлеуметтік факторды анықтайды;

1

елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін экономикалық факторды анықтайды;

1

елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін саяси факторды анықтайды.

1

Жалпы балл

9

«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді

Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіруде қиналады

Геосаяси картаның 1/2 шартты белгісін анықтауда/ картаның мазмұнын түсіндіруде қателіктер жібереді

Дүниежүзі елдерінің геосаяси аудандарын бөлінуін дұрыс түсіндіреді

Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді

Көрсеткіштерді өсу реттілігін сақтай отырып, графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін анықтауда қиналады

Кестедегі ақпаратты қолдануда/ тік бағаналы графикті өсу ретімен сызуда/ графикті визуализациялауда қателіктер жібереді

Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін дұрыс көрсетеді

Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттайды

Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды сипаттауда қиналады

Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін әлеуметтік /экономикалық/саяси факторларды анықтауда қателіктер жібереді

Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін факторларды дұрыс анықтайды


«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері

Оқу мақсаты

10.7.1.2 Ғаламдық проблемалардың критерийлерін
анықтау
10.7.1.4 Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды

  • Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма
1. Ғаламдық проблемаларының ішінен бірін таңдаңыз.
Адамзаттың ғаламдық проблемаларының тізімі

  1. Ресурстар проблемасы

  2. Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы

  3. Энергетикалық проблема

  4. Демографиялық проблема

  5. Климаттың өзгеруі

  6. Экологиялық проблемалар

  7. «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою

  8. Қауіпті ауруларды жою

  9. Әлемдік мұхит пен космосты игеру

  10. Қылмыспен және терроризммен күрес

  11. Наркобизнеспен күрес

a. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ауқымдылығын түсіндіріңіз.


b. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың екі салдарын сипаттаңыз.


c.Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ықтимал үш шешу жолын ұсыныңыз.


2. Ғаламдық проблемалардың Қазақстанда орын алған көріністерін анықтаңыз.


a. Қазақстанда орын алған ғаламдық проблемаларды атаңыз.

b. Сіз атаған проблеманың ішінен бірін таңдап, ол Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттаңыз.



c.Сіз таңдаған проблемаға қатысты әлем елдеріне арналған 3 пунктен тұратын үндеу жазыңыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды

1

ғаламдық проблеманың ауқымдылығын түсіндіреді;

1

ғаламдық проблеманың 1-салдарын сипаттайды;

1

ғаламдық проблеманың 2-салдарын сипаттайды;

1

1-шешу жолын ұсынады;

1

2-шешу жолын ұсынады;

1

3-шешу жолын ұсынады;

1

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды

2

Қазақстанда орын алған бірнеше ғаламдық проблемаларды атайды;

1

проблеманың Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттайды;

1

1- пунктін ұсынады;

1

2- пунктін ұсынады;

1

3- пунктін ұсынады.

1

Жалпы балл

11

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша сипаттайды

Ғаламдық проблемалардың критерийлерін сипаттауда қиналады

Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтауда / проблеманың ауқымдылығын түсіндіреді / ғаламдық проблеманы сипаттауда / шешу жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді

Ғаламдық проблемалардың критерийлерін сипаттайды

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауда қиналады

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтауда / Қазақстанда орын алған бірнеше ғаламдық проблемаларды атауда / Қазақстанның қай аймағын қамтитынын сипаттауда/ проблемаға қатысты үндеудің 1/2/3 пунктерін ұсынуда қателіктер жібереді

Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет