Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттамасы
|
Ұсынылған тапсырма түрі
|
Білу және түсіну
|
География пәнін ғылым ретінде тани отырып, осы ғылымның дамуын үлес қосқан саяхатшылар мен ғалымдардың еңбектерімен танысады, географиялық қабық және оның құрамдас бөліктері туралы білім негіздерін қалыптастырады, әлем халықтарымен, жеке мемлекеттердің орналасу ерекшеліктерімен танысады, табиғат ресурстарының түрлері мен ерекшеліктерін түсінеді, шаруашылық ұғымымен
танысады, негізгі салаларын ажыратады.
|
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Қолдану
|
Саяхатшылардың жолдарын, географиялық нысандарды картада көрсетеді, кескін картада белгілейді географиялық қабықта болатын үрдістерді АКТ арқылы әртүрлі форматта көрсетеді (кестелер, диаграммалар, макеттер т.б.), дүниежүзі халықтарының тығыздығын есептейді, халықтардың нәсілдік, этникалық және діни таралу аймақтарын картадан көрсетеді, картадан мемлекеттердің орналасуына қарай бөліну түрлерін ажыратады және көрсетеді, шаруашылықтың салаларын анықтайды.
|
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
География ғылымының дамуына қосқан саяхатшылардың үлесін талдап, бағалайды, географиялық қабықта болатын құбылыстардың себебі мен салдарын анықтап, алдын алу жолдарын ұсынады, халықтың қоныстануы мен тығыздығына, этнолингвистикалық және діни таралуына байланысты туындайтын мәселелерге экологиялық, экономикалық баға береді,
шаруашылық салаларын талдайды, табиғат ресурстарының қорына баға береді.
|
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |