Түсіну:
- табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің
ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін.
Қолдану:
- тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін.
Талдау:
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми–жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның географиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалау:
- түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
Достарыңызбен бөлісу: |