Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Рентгенді спектральды және рентген



бет7/8
Дата12.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#129881
1   2   3   4   5   6   7   8

9-параграф. Рентгенді спектральды және рентген

құрылымдық анализ
575. Рентген құрылғылары жеке ғимараттарда орналастырылады. Басқару пульттары олар жеке блоктар ретінде орындалған жағдайда араласқан ғимаратта орналастырылады.

576. Арнайы бөлінген ғимараттарда құрылғыларды орналастыру:

1) құрылғылар арасындағы өтетін орындар ені 1,5 м кем емес;

2) ғимараттар көлемдері құрылғылардан бос аумақтар жалпы алаңның жартысынан кем емес құрамын құрайды.

577. Едендер оқшауланған материалдардан (ағаш, линолеум немесе ағаш төселім бойынша полихлоридті жабулар) орындалады.

578. Рентген лабораториялары құрылғының қоректендіру желісінен бөлек электр жарықтарымен қамтамасыз етіледі.

579. Құрылғыларды монтаждау және қайтадан монтаждауды рұқсаты бар құрам жүргізіледі.

580. Жоғары вольтты сымдар сымдарға және клеммаларға тиюі толық жойылатындай етіп орналастырады. Блокировкалау құрылғылары аптасына бір реттен жиі емес тексеріледі.

581. Құрылғыларды жөндеу кернеулік алынған кезде жүргізіледі.

582. Рентген камераларын орнату немесе рентген спектрометрлерінде кассеталарды орнату кезінде қызмет көрсетуші қызметкер тікелей шағылысу әсері трубкасының алдында тұруға жол берілмейді. Көрсетілген операциялар мырышты шынылардың қорғаныс экранын пайдалана отырып жүргізіледі.

583. Түтікшелерді тексеру кезінде жұмыс режимі құрылғысының барлық түтікшелері мырышпен жабылады.

50 кВ дейінгі жұмыс кернеулігі кезінде мырыш табақшалары 1 мм кем емес; 100 кВ-2 мм; 150 кВ-3 мм болады.


10-параграф. Электронды-микроскопты зерттеулер
584. Электронды микроскопия зертханасында приборларды пайдалану осы Талаптың 20 тарауының 9 параграфына сәйкес іске асырылады.

585. Әрбір электронды микроскоптың желіден сөндірілетін жеке құрылғысы болады.

586. Блоктарда блокировкалаушы құрылғыларынсыз жоғары кернеулікті қосуға жол берілмейді.

587. Жоғары кернеулік алынғанға дейін приболарға ауа енгізуге жол берілмейді.

588. Конденсаторларды бәсеңдетуден кейін кейін ағынды іздеуішті жөндеуге жол беріледі.

589. Ағын іздеуіштің торын және электронографты суыту үшін сұйық азот қолданылады. Сұйық оттегін қолдануға жол берілмейді.

590. Барлық формалы вакуумды насостардың дауысы оқшауланады.

11-параграф. Масс-спектрометрикалық зерттеулер және

абсолюттік жасын анықтау
591. Зертханаларда аргонды құрылғылар болған жағдайда абсолютті жасты анықтау үшін осы Талаптың 20 тарауының 3 параграфының талаптары орындалады.

592. Масс-спектрометр құрғақ қиылысқан тартпа желдеткішпен жабдықталған құрғақ ғимаратта орнатылады.

593. Аналитикалық бөлшектер бағандары және іске қосу бағандары биіктігі 20 мм металл (ғимарат еденінің сынаптан ластануынан қорғау үшін) табандардан жасалған орындарға орналастырылады.

594. Аргонды құрылғы үстінен сорғыш құрылғылар орналастырылады.

595. Жұмыс аяқталғанннан кейін сынап Мак-Леод манометріне салынады.

596. Сынап буларын жою үшін форвакуумды насостың выхлоп патрубкаларының ғимараттан шығатын орны болады.

597. Дардың шыны ыдыстары шүберектен немесе жұмсақ сым сеткалардан жасалған тыстарға салынады.

598. Масс-спектрометрмен жұмыс істеу кезінде келесі қауіпсіздік шаралары сақталады:

1) қосылған жоғары кернеулікте жалғыз адамның ғимаратта болуына, аспаптың өлшеу бағанының ішіне кіруге жол берілмейді;

2) аналитикалық бөлік бағанының күштік щитіне сөндіргіші бар жеке қабырға щитінен фазалардың үзілу рельесі және магнитті іске қосушы арқылы кернеулік беруге;

3) блокировкалау құрылғысының іс-әрекеті аптасына бір реттен жиі емес тексеріледі;

4) жоғары вакуумды торларды толтыру үшін сұйық азот пайдаланылады.

599. Масс-спецтрометрдің барлық бағандары жерге қосылады.

12-параграф. Люминесцентті анализ
600. Люминесцентті анықтауларды орындау приборлары жеке ғимаратта орналастырылады.

601. Люминесцентті анализбен айналысатын қызметкерлер қорғаныс көзілдіріктерімен қамтамасыз етіледі.



13-параграф. Шлихоминералогиялық, петрографиялық палеонтологиялық және палинологиялық зерттеулер
602. Шлихоминералогиялық және петрографиялық анализдерге (ауыр сұйықтармен жұмыс істеу, сынамаларды алдын ала химиялық өңдеу, механикалық анализ) дайындалу операциялары қиылысқан тартпа желдеткіштерімен жабдықталған жеке ғимараттарда орындалады.

603. Ауыр сұйықтармен жүргізілетін барлық жұмыстар тартпа жәшіктерінде қорғаныс көзілдіріктерімен және резина қолғаптарымен орындалады.

Кездейсоқ шашыраған немесе төгілген сұйықтар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

604. Органикалық сұйықтар (эфир, спирт, бензин, бензол) жабық металл жәшіктерде сақталады. Олармен жұмыс істеу жанып тұрған газ оттықтары мен басқа да қыздыру приборларынан алыс орында тартпа жәшіктерінде жүргізіледі.

605. Сынамаларды орналастыру жұмыстары тартпа жәшіктерде жүргізіледі.

14-параграф. Фотожұмыстар
606. Әрбір фотозертханалық цехтар бөлімшесінде қиылысқан тартпа желдеткіштері орнатылады.

607. Ерітінділер тығындалатын шыны бөтелкелерде сақталады. Анықтағыш пен фиксаждың үлкен мөлшері қақпақтары бар банкілерді сақталады. Банкілер эмальданған немесе тот баспайтын болаттан жасалған. Химикаттар ерітінділері бар ыдыстардың тиісті этикеткалары болады.

608. Улы химиялық реактивтерді таразы ыдыстарына қағазсыз салуға болмайды, өлшегеннен кейін қағаз жойылады.

609. Этикеткалары жоғалған химиялық реактивтері бар банкілер сынамалық зертханаға құрамын анықтау үшін жіберіледі.

610. Қол терісінің зақымдануын және олардың метолды экземамен сырқаттануын болдырмау үшін ерітінділермен жұмыстар аяқталғаннан кейін қолды жылы сумен, сабын сырғанауы кеткенге дейін 2-3 минут шамасында жуады.

611. Шыныларды қышқылдармен жуу, аммиак қара түрімен қаралануы, сульфат ерітіндісіне күкірт қышқылын қосу, дақтарды күкіртті натрий ерітіндісіндегі түр сериясына бояу, күшті қышқылдар мен сілтілердің суда еруі, фиксаждың таңдалған күміс ерітінділерімен отырғызу тартпа жәшіктерде орындалады.

612. Доғалық және сынапты-кварцты жарықтандырушыларды пайдалану кезінде олар қорғаныс шыныларымен жабдықталады; осы жұмыстарды орындаушы қызметкерлер қара шынылы қорғаныс көзілдіріктерімен жабдықталады.

15-параграф. Пайдалы қазбаларды байыту
613. Ұсату, үгіту, соққылау және классификациялау, гравитациялау, магнитті және электр сепарациялау, флотациялау бөлімшелері жалпы алмасу қиылысқан тартпа желдеткішімен және тозаңданушы агрегаттардың жергілікті сорғыштармен жабдықталған әртүрлі ғимараттарында орналастырылады.

614. Кәріздік қарықтар щиттермен жабылады.

615. Ұсату және гравитация бөлімшелеріндегі едендердің 4-50 еңісі болады. Қондырғылар жанындағы сырғанаудың алдын алу үшін рифленген резина жолдары немесе ағаш төселімдер салынады.

616. Магниттік сепаратор жұмыс істеу кезінде оған металл заттарды жақындатуға және оның параметрлерін өлшеуге жол берілмейді.



16-параграф. Химиялық-технологиялық жұмыстар
617. Құрамында ұшпалы улы заттар болатын материалдарды (күкірт және мышьяк, мырыш, сынап және тағы басқа) күйдіру тартпа жәшіктерінде жүргізіледі.

618. Сұйық хлормен жұмыс істеу кезінде жұмыс ғимараттарында сыйымдылығы 0,5 кг артық баллондарды қыздыру приборларының жанында орналастыруға, аппараттарды герметикалыққа тексерусіз қосуға жол берілмейді.

Сұйық хлормен жұмыс істеу және сақтау орындарында нейтралдаушы заттар (улы натр) және әрбір қызметкердің газ қайтарушысы болады.

619. Автоклавтарда қысыммен жұмыс істеу тартпа желдеткішімен жарақтандырылған, жабдықталған ғимаратта келесі ережелерді сақтай отырып жүргізіледі:

1) автоклавты реакциялық қоспамен толтыру оның жұмыс көлемінен 70 % артпайды; автоклавты қақпақпен жабу алдында тығыздалу орындары мұқият құрғақ болғанға дейін сүртіліп, ал автоклавты жабу кезінде гайкалар айқыш-ұйқыш бұралады;

2) сынақ аяқталғаннан кейін бөлме температурасына дейін суытылмаған автоклавты ашуға жол берілмейді; дегерметизациялау қорғаныс көзілдірікте айқыш-ұйқыш гайкаларды біртіндеп босату арқылы және артық қысымды жіберу арқылы жүргізіледі.



17-параграф. Сынамалы анализ
620. Сынамалы зертхана ғимараты максималды сорғышты және қалыпты ауа алмасуды қамтамасыз ететін қиылысқан тартпа желдеткішпен жабдықталады, ауа ортасын және зертхананы мырышпен ластануға сынамалау жүргізіледі.

621. Қорытпа, қорытпаларды құю, мырышты балқытуларды қорғасынсыздау қара түстегі қорғаныс көзілдіріктерде жүргізіледі. Қоқыстарды мырышты қорытпадан алу қыздырғыштардан қолқаптар және сақтандыру көзілдіріктерінде жүргізіледі.

Тигльдердегі үлкен королькилерді қайнатуға жол берілмейді.

622. Жұмыс алаңдарына түскен балқытылған массалар сумен суарылып, құммен себіледі.



18-параграф. Қатты жанатын қазбалар талдауы
623. Сығылған газбен толтырылған баллондарды қолдану кезінде технологиялық регламент талаптары орындалады.

624. Көмірді қыздырылған кептіру жәшіктерінде қараусыз қалдыруға жол берілмейді.




19-параграф. Инженерлі-геологиялық зерттеулер
625. Жалпы химиялық операцияларды орындаумен байланысты жұмыстар осы Талаптың 20 тарауының 3 параграфының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

626. Жыныстарды соққыға сынау кезінде қорғаныс қоршаулары қолданылады.

627. Компрессорлы және гидравликалық инженерлі-геологиялық аспаптармен жұмыс істеу кезінде қысымдар алынғанға дейін оларды қараусыз қалдыруға, индикатордан есептеу көрсеткішін алудан басқа жағдайда аспапқа баруға жол берілмейді; басқа уақытта приборға қызмет көрсетуші қызметкер ілмектің бір жарым ұзындығынан кем емес қашықтықта болады. Струбциндер мен планкілер сенімді және мықты бекітілмесе сынамалар жүргізуге жол берілмейді.

628. Барлық инженерлік-геологиялық приборларда гирьлерді ілу гирьлер тесіктерін айқас орналастыра отырып жүргізіледі.

629. Ылғалдылығы минималды жыныстар кубиктерін ұсатуға сынау жүргізу кезінде ілмектің жоғары жағы рычагқа байланады, ал ілмектің дискісіне резиналы кілемше төселеді.

630. Приборлар мен баллондардың барлық қосулары максималды қысымды ескере отырып бекітіледі.

631. Баллондарға ауа айдау кезінде манометрлер көрсеткішін және қосу шлангілерінің ахуалы бақылауға алынады, шлангілердің қызуына жол берілмейді.

632. Артық қысымды алғаннан кейін қысымды сынау аяқталуына қарай гидравликалық аспап қақпағы алынады.

633. Тәжірибе кезінде қысым жетпеген уақытта жұмыс істеушінің қақпақ саңылауына жақындауына жол берілмейді.

20-параграф. Химиялық реактивтер қоймаларын пайдалану
634. Химиялық реагенттердің шығыстық қоймалары жеке орналасқан ғимараттарда орналастырылады. Зертханалық және өндірістік корпустарда қоймалар орналастыруға жол берілмейді.

635. Қоймалар ғимараттарының жекелеген қабырғалары, едендері және төбелері химиялық әсерлерге төзімді және жууға ыңғайлы.

636. Әрбір ғимаратта ағынды сұйықтарды нейтрализациялау үшін суару бұрандалары болады.

637. Қойма ғимаратында желдеткіш және сумен жылыту, киім ілетін орындар, душ және жуынатын орын, жұмыс киімдерін сақтайтын орындар болады.

638. Қатты әсер ететін қышқылдары және спирті бар сыйымдылығы 10 л және одан артық ыдыстар кәрзеңкеге қойылады. Бөтелкемен кәрзеңке арасындағы кеңістік жаңқалармен немесе басқа жұмсақ материалдармен толтырылады.

639. Қышқылдар мен химиялық реактивтер қоймалары тиісті қорғаныс құралдарымен, өртке қарсы құралдармен және күю және улану кезінде алғашқы көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі.


Қолданылған қысқартулар
ВҚЖ - вибрацияға қарсы жағулар;

БЖС - белсенді жуу сұйықтары;

АҚҚ - авариялық құтқару қызметі;

ӘТКБ - әскерилендірілген кен құтқару бөлімшесі;

ӘЖ - электр беру әуе желілері;

ЖЖМ - жанар жағар материалдары;

ГТЗ - геологиялық технологиялық зерттеулер;

ЕТҚК - ерікті тау кен құтқару командалары;

ЖЖК - жеке жарық көзі;

КҚҚ - компрессорлық қысу құрылғысы;

БӨҚ - бақылау өлшеу құралдары;

ШЖК - шектік жіберу концентрациясы;

АЖЖ - аварияны жою жоспары;

БҚҚ - бу қыздыру құрылғылары;

ЖҚҚ - жеке қорғану құралдары;

ҰҚҚ - ұжымдық құтқару құралдары;

ТШ - техникалық шарттар.

___________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

1-қосымша

Қарау журналының үлгісі


(сыртқы беті)

(геологиялық барлау ұйымының атауы)



Қарау

Журналы
(участок, объект атауы)

Басталған

«___» ______________________20 ___ ж.


Тексеру күні

Тексерушінің аты жөні

Анықталған кемшіліктер, бұзушылықтар

Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар

Жою мерзімі (қызметі, аты-жөні)

Тексерушінің қолы

Орындалу күні, атқарушының қолы

1

2

3

4

5

6

7

_____________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

2-қосымша

Партияның дала жұмыстарына шығуына

«______» ______________________20 ___ ж

Рұқсат етемін

Экспедиция (бөлім, зертхана) бастығы

Партияның «______» _____________20 ___ ж.

дала жұмыстарына шығуға дайындығын тексеру

Актісі
Біз төменде қол қойған экспедиция (бөлім, зертхана)

«______» _____________20 ___ ж. дала жұмыстарына шығуға дайындығын тексеру жөніндегі келесі құрамдағы комиссия

1.____________________ төраға

2.____________________

дайындығын тексеріп, келесі жағдайды анықтады:

1. Жұмысының әкімшілік ауданы, мекен – жайы __________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жұмыс ауданының физико-географиялық сипаты _______________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Дала тапсырмасы __________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Жұмыс жағдайы, дала жұмыстарының мерзімі, алаңдарды өңдеудің күнтізбелік жоспары_________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Құрамы ___________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. ИТҚ емтихан тапсыруы _____________________________________________

____________________________________________________________________

(аты-жөні, тегі лауазымы, күні)


7. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулық жүргізу (күні, нұсқаулық алушының, нұсқаулық берушінің аты-жөні, тегі) _________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Оқулардан өту:

әр түрлі жарақат алу және сырқаттану кезінде алғашқы көмек көрсету;

жүзу;

есу*


жүзу құралдарын басқару *

судан құтқару әдістері;

авариялар мен өрт кезінде әрекет ету ережелері;

стихиялық апаттар кезінде әрекет ету ережелері;

көлік жануарларымен айналысу ережелері;

альпинистік техника және тауларды сақтандыру амалдары* және тағы басқа.

9. Медициналық куәландыру және профилактикалық егулер жүргізу ____________________________________________________________________

(аты-жөні, тегі лауазымы, күні)

____________________________________________________________________
10. Партияның (отрядтың) жабдықтармен, арнайы аяқ киімдермен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі ** ______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Көлік құралдарымен қамтамасыз етілуі ** ________________________________________________________________________________________________________________________________________

12. Қауіпсіздік құралдарымен (қорғаныс, құтқару, күзет, сигнал) қамтамасыз етілуі ** ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

13. Байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі ** _________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

14. Дәрі-дәрмектермен жабдықтармен, арнайы аяқ киімдермен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі ** ______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

15. Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі шаралар жоспары ** _________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

16. Қызметкерлердің дала жұмыстарына шығу кестесі ** ________________________________________________________________________________________________________________________________________

17. Санитарлық нұсқаушы ____________________________________________

(аты-жөні, тегі)

18. Бастығының пікірі ____________________________________________

____________________________________________________________________

19. Дала жұмыстарына дайындығы туралы қорытындысы __________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бастықтың қолы _________________________________

Қолдары ____________________

____________________

____________________


* Егер бұл технологиямен немесе жұмыс жағдайымен көзделген болса.

** Тізім актіге тіркеледі.
Ескерту: Акт екі данада рәсімделеді. Бірінші дана ұйымда сақталады, екіншісі-партия (отряд) бастығында болады.

___________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

3-қосымша

Маршруттарды тіркеу журналы

(ауысулар, шығатын орындар)
______________________________________________________________

(дала бөлімшесінің атауы)




№ р/с

Күні, уақыты

Маршрут мақсаты (ауысу)

Жүру маршруты

Маршрутқа қатысушылары аты-жөні, тегі (ауысу, шығу)

Қайту мерзімі (күні, уақыты)

Қолдар
















Жұмыс

Бақылау

Факт

Топ аға мүшесі

Бөлімше жетекшісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

_____________________


Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

4-қосымша



Бұрғылау құрылғысын пайдалануға қабылдау туралы

Акті
Ұңғыма № ____________________ «______» _____________________20 ___ ж.

Келесі құрам __________________________________________________ бұрғылау құрылғысының іске қосуға дайындығын тексерді.

Тексеріспен анықталды: Бұрғылау қондырғысын монтаждау бекітілген жобаға және типтік сызбаға сәйкес жүргізілді.
І. Бұрғылау станогы
Типі _____________ шығарылған жылы ______ завод № __________________

1. Шығыр __________________________________________________________

2. Қоршау __________________________________________________________

3. БӨҚ _____________________________________________________________


II. Бұрғылау насосы
Типі ________________ шығарылған жылы _________ завод № _____________

1. Манометр ________________________________________________________

2. Сақтандыру қалқаншасы____________________________________________

3. Қоршаулар________________________________________________________

4. _________________________________________________________________

Типтегі және байламдағы _________________тұратын насос сынақтан өткізілді. Қысымы ___________________________ уақыт___________________ мин.

Қысымның түсуі ____________________ немесе % _______________________

___________________________________________________________________

Сақтандырғыш қалқаншасы қысымға орнатылған ________________________
III. Двигатель
Типі ____________ шығарылған жылы ________ завод № _________________
IV. Бұрғылау мұнарасы (мачта) және талий жүйесі
Типі ____________ шығарылған жылы _________ завод № _________________

1. Жұмыс алаңы (полати) _____________________________________________

2. Сатылар мен өтпелі алаңдар _________________________________________

3. Кронблок, талий блогы (жүк көтеруі) ________________________________

4. Арқан ___________________________________________________________________

5. Тартпа ___________________________________________________________

6. Білте орнатушы, білте қабылдаушы, білте қоятын орын ________________________________________________________________________________________________________________________________________
V. Электр қондырғылары
Типі ______________ шығарылған жылы ________ завод № ________________

1. Электрдвигатель_____________________________________________________

2. Электрсымдары ___________________________________________________

3. Диэлектрикалық құралдар___________________________________________

4. Қорғаныс жерге қосу _______________________________________________

5. Найзағайдан қорғау ________________________________________________

6. _________________________________________________________________
VII. Қорғаныс құралдарының болуы және ахуалы

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет