«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Химиялық мору. Таужыныстар атмосфералық факторлар ықпалынан
химиялық ыдырауға ұшырап, түбірлі өзгерістерге түседі, осының нәтижесінде
бастапқы таужыныстардың химиялық құрамы өзгереді.
Мору белдемiнде химиялық реакциялардың барлығы экзотермикалық
сұлба бойынша жүредi, яғни жылу бөледi. Реакциялар төрт топқа бөлiнедi:
тотығу, гидратталу, еру және гидролиз. Табиғи жағдайда олар көбiнесе бiр
мезгiлде жүредi.
Мору өнiмдерi. Мору процесiнде өнiмдердiң екi тобы пайда болады: 1)
жылжитын, олар қирау орнынан жылыстап кетедi; 2) қалдық, яғни түбiрлiк
таужыныстардың бастапқы жатқан орнында қалады.
Элювий – морудың қалдық өнiмi. Ол әртүрлi дәрежеде мору процесiне
ұшыраған және өзiнiң бастапқы жатқан орнында қалған таужыныс, ол өзi пайда
болған түпнұсқа таужыныстан күрт өзгеше болады. Бұл болбыр бiтiмдi
континенттiк қазiргi жаралымдар, олар бiрнеше миллиметрден ондаған метрге
дейiнгi тереңдiкте байқалады.
Коллювий – суайрықтардан беткейлерге тартылыс күшi әсерiнен сырғып
кететiн сынықты материал. Ол әдетте суайрықтар етегiнде сусыма, сырғыма және
т.б. жасайды. Коллювий болбыр цементтелген (керiштенген) және нашар
iрiктелген таужыныс, ол суды жақсы сiңiредi.
Делювий – беткейлер мен қыраттардың етегiне жиналатын болбыр мору
өнiмдерi, олар беткейлерден жаңбыр мен ерiген қар суы әрекетiнен сырғиды.
Оларға сынықтардың өлшемi бойынша iрiктелетiндiгi тән. Делювий көбiнесе
беткейлердiң етегiнде жолақ түрiнде жатады, оның қалыңдығы беткейге өрлеген
сайын жұқарып кетедi. Қатқабатта беткейге параллель қабаттылық байқалады.
Мору қыртысы. Жылжитын және қалдық мору өнiмдерiнiң жиынтығы мору
қыртысы деп аталады. Қалың мору қыртысының қалыптасуына қолайлы жағдай
туындататындар – түпнұсқа таужыныстар бетiндегi бiршама тегiс бедер, ыстық
әрi ылғал климат пен оганикалық заттардың молдығы. Мору қыртысының
қалыптасуы күрделi әрi көп сатылы процесс.
Түбiрлiк таужыныстардың қирау өнiмдерiмен маңызды халықшаруашылық
мәнге ие және бiр процесс – топырақжаралу байланысты, ол органикалық заттар
әрекетiнен жүредi. Органикалық заттардың оттегi көмегiмен ыдырауы олардың
гумусталуына әкеледi, яғни шiрiндi немесе гумус жаралады. Гумусқа бай мору
қыртысының бұл қабаты топырақ деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет