«геоморфология және геология негіздері»


-ші лекция. Эндогенді геологиялық процестер Жерсілкіну. Олармен



Pdf көрінісі
бет14/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

4-ші лекция. Эндогенді геологиялық процестер Жерсілкіну. Олармен
байланысты бедер пішіндері. Жерсілкіну энергиясы және күші. Ошағы,
гипоцентр, эпицентр. Жерсілкінуді зерттеу әдістері.
Жерсілкіну — Жер қойнауынан потенциалды энергия босауынан туындап
жер қыртысы кенеттен сілкінеді. Жерсілкінуді сейсмология ғылымы зерттейді. (
гр. «сейсмос» - сілкіндіру).
Пайда болуына қарай жерсілкіну мынадай түрлерге бөлінеді: тектоникалық,
жанартаулық, опырылымдық (денудациялы), соқпалық (метеориттік) және
антропогендік (адамзаттың әрекеті).
Энергия бөлінуі және сілкіну күшіне қарай жерсілкіну микросейсмикалы,
макросейсмикалы және мегасейсмикалы болып бөлінеді.
Тектоникалық жерсілкіну негізгі және ең көп тараған типі. Олардың күші
әртүрлі, ал саны өте көп. Бұл типтің әлсіз сілкінулері үздіксіз құралдар арқылы
тіркеледі. Жерде әр минутта 2-3 макросейсмикалық соққы, ал апатты
(мегасейсмикалы) жерсілкіну жылына 1-2 рет байқалады.
Жанартаулық жерсілкіну жанартаулы атқылауларда үлкен күшпен келіп,
бірақ жанартау маңында ғана байқалады.
Опырылымдық 
жерсілкіну 
көшкіндер 
қозғалысында, үңгірлердің
жабындарындағы опырылымда, таулы беткейлерде, жеке жағдайларда,
ғимараттар жарылуында және жасанды құрылыстарда байқалады, бірақ кеңінен
таралмайды. Опырылымдардың жиі туындау себептері күшті тектоникалық
жерсілкіну болып табылады.
Соқпалық (метеориттік, ғарыштық) жерсілкіну қазіргі кезде тек өте ірі
метеориттер құлауынан байқалады.
Антропогендік жерсілкіну адамзаттың әрекетінен туындайды Оларға ескі
тау-кен үңгімелерінде, күшті атқылауларда опырылым пайда болады, көбінесе
бөгеттер, каналдар құрылыстарында қолданылады.
Жер қойнауында тербелістердің байқалуы фокусы не гипоцентрі деп аталады.
Жер бетіндегі гипоцентрдің жобасы, жерсілкіну эпицентрі деп аталады.


27
Эпицентрінде жерсілкіну ертерек, аз ғана күшпен байқалады. Жерсілкінуде
сейсмикалық толқындар – серпімді тоқындар пайда болады. Олар деформация
типтері бойынша бөлінеді: бойлық, көлденең және беттік. Толқындардың таралу
жылдамдығы таужыныстарының құрамы, құрылысы және физикалық жағдайына
тәуелді болады. Жерсілкіну – сейсмограф құралы көмегімен зерттеледі.
ТМД-да жерсілкіну күші 12-баллды шкаламен анықталады, әлсіз жерсілкіну –
1 балл, ең күшті -12 баллмен бағаланады.
1-2 балл жерсілкіну күші тек аспаптармен белгіленеді, 3-5 балл – адамдар
сезеді, бірақ жарылыс болмайды, 6-9 балл – ғимараттар қирайды, 10-11 баллда
ғимараттар құлап, грунтты суларының режимі бұзылады, грунттарда
жарылымдар пайда болады, тауларда опырылымдар байқалады, 12 баллда барлық
құрылыстарда апатты қирайды, бедер, грунтты су режимі өзгереді.
Күшті жерсілкінулер жер шарының барлық сейсмикалық станцияларда
тіркеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жағдайлары және ошақтарды
анықтау жер қыртысының құрылысын және барлық Жердің қыртыс асты
қабықтарын зерттеу үшін маңызды қажетті материал болып табылады.
Ең көп сейсмикалық белсенді Тынықмұхит және Жерорта теңіз белдеуі
ерекшеленеді. Жерсілкінудің эпицентрі мұхит түбінде орналасса, мұхит түбі жеке
учаскелерінде ерекше цунами деп аталатын толқындар туындап, кенеттен орын
ауысу байқалады. Цунами үлкен жылдамдықпен таралады. Ашық мұхиттарда
байқалмайды, таяз су жағалауларында толқын биіктігі толқынға үлкен қирату
күш беріп 30-40 м-ге жетуі мүмкін.
Жерсілкінудің бедер түзу маңызы бірқатар жағдайларда өте маңызды. Жердің
жоғарғы бетіне шығатын сейсмикалық деформациялар үлкен қызығушылық
танытады. Оларға эскарп пішінді кертпештер, тектоникалық жарылымдар, жер
қыртысы блоктарының көтерілуі және төмен түсуі, көлденең ығысу, қатпарлар
т.б. Жарылымдар көптеген километрге жайылып ені бірнеше метрге және
тереңдігі бірнеше 30-60 м-ге жетеді. Жарылым бойынша ығысулар (көтерілу,
төмен түсуі және көлденең ығысулар) метрмен өлешенеді(5-15 м). Бедердің үлкен
өзгеріске ұшырауы, жарылымдар, опырылымдар, сырғымалар, сейсмикалық
соққы себебі жылжымалар, олар жергілікті жерлерге, қопсық шөгінділер
қалыңдығы, бірқатар аумақтарда жартасты таужыныстармен (тауларда)
сипатталады.
Кейде жерсілкіну нәтижесінде грабен типті құрылымдар пайда болып, олар
тиісінше теріс пішінді бедер түзеді.Жер сілкіну салдарынан бедердің өзіндік оң
пішіндері де пайда болуы мүмкін.Жер сілкіну кезінде пайда болған бедер
пішіндерінің көпшілігінің өлшемдері біршама кішкене болғандықтан, олар
экзогендік процестер әсерінен жылдам бұзылады. Жер сілкіну нәтижесінде
туындаған күшті жерасты дүмпулері таулардың қия беткейлерінде, өзен мен теңіз
жағалауларында опырылымдар, сусымалар, ал қатты ылғалданған таужыныстарда
жылжымалар мен сырғымалар пайда болып, олар белсенділеді.
Тау беткейлері етегінде, өзен және уақытша су ағындары аңғарларында
жиналған қопсықтар сел тасқыны пайда болуына әкеледі. Төменге қарай
жөңкіген сел тасқындары жолындағылардың бәрін қиратып, таудан жазыққа
шыққанда, үлкен аудандарға жайылған өзіндік бедер пішіндері – шығарынды


28
конустар қалыптастырады.
Жылжыма, сырғыма, опырылымдардың жер қыртысы блоктарының жарықтар
бойымен жылжуы суторапты өзгертіп, көлдер мен жаңа бұлақтар пайда болып,
бұрынғылары жойылады. Мұхит, теңіз түбінде пайда болған жерсілкінулерді
теңізсілкінулер деп атайды. Теңізсілкінулер бедер түзілуде өзіндік маңызды рөл
атқарады. Олардың әсерінен теңіз түбіндегі тұнбалар массасы қозғалысқа түседі.
Теңізсілкінулер алып теңіз толқындарынан жаралған цунамилерді туындатады.
Жағаға соғылғын цунамлер елді мекендер мен адамдар тұрғызғын құрылыстарды
қиратып, жермен жексен етеді. Сонымен қатар, олар теңіз жағалауларының
морфологиясына да айтарлықтай әсер етеді.
Негізгі әдебиеттер. 1 [27-46], 2[39-52; 63-66 ], 4 [272-288].
Бақылау сұрақтары
1. Жерсілкіну және олардың пайда болуы.
2. Толқындар, цунами және олардың бұзылу әрекеттері.
3.
Жерсілкінудің географиялық таралуы
.
5-ші лекция. Магматизм және бедертүзу. Жанартаулардың геологиялық
әрекеті және бедер түзудегі маңызы. Лавалық үстірт. Вулкан қалқандары. Кратер.
Сыртқы және iшкi геосфералардың өзара әрекеттесуiнен геологиялық
(немесе геодинамикалық) процестер туындайды. Жердiң iшiнде, материяның
терең қойнауларда дамуы нәтижесiнде бөлiнетiн энергияға байланысты процестер
iшкi немесе эндогендiк деп аталады. Жер қыртысының планетаның сыртқы
қабықтарымен (геосфераларымен) әрекеттесу процестерi сыртқы немесе
экзогендiк деп аталады. Эндогендiк процестердiң энергия көзi Жер қызуы
(геотермика), ал экзогендiк процестердiң – Күн жылуы болып табылады.
Эндогендiк және экзогендiк геологиялық процестер өзара байланысты және
өзара ықпалда болады. Сыртқы агенттер эндогендiк процестердің жасағандарын
ұдайы қиратумен болып, сонымен қатар жаңа ортаға бейiмделген жаңа зат
жасайды.
Барлық геологиялық процестер ішінде бастапқысы болып саналатыны –
магматизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет