44
білінеді. Бұл екі процесс өте тығыз байланысты және беткейлік шайылу
процесі
ретінде бірге қарастырылады. Оның басты нәтижесі, делювий түзілімдері жаралу
болғандықтан оны делювийлік процесс деп те атайды. Сонымен қатар,
беткейлерде мезгіл-мезгіл ірі бұлақтар да пайда болады.
Беткейлік шайылу – беткейлер жазықтығымен ағатын жаңбыр немесе еріген
қар суының әрекетімен байланысты. Ол өсімдік аз дамыған семиаридтік
алқаптарда қарқынды өтеді. Еңістеу беткейлерде (еңістік бұрышы 5
0
-қа дейін)
ағын
су арна жасамай, жазықтық бойынша әсер етеді. Шаю процесі беткей бетінің
тегістелуіне әкеледі. Бірақ ол таужыныстардың беріктігіне де байланысты. Берік
таужыныстар шайылмай, бастапқы тегіс емес бедер пішінін сақтап қалуы мүмкін.
Беткейлік шайылу қарқыны көп жағдайда
қопсық өнімдер жасайтын мору
процесімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: