46
Беткейлермен және тұрақты арна суларымен ағатын сулар жазықтық шаю
туындатады. Процестің қарқындылығы грунт қасиеттері және беткейдің еңістігі,
өсімдік
жамылғысының дамуы, түскен жауын-шашын саны, қар еру
жылдамдығы, судың булану жағдайына және басқа факторларға байланысты
болады.
Беткейдің етегіне аға отырып, жердің тегіс бетіне өткенде сулар жер бетімен
ағып, әкелген материалдарын қалдырып буланады. Нәтижесінде беткей ойыс
кескінді, ал етегінде шөгінді материал жиналады. Материалдар іріктеліп:
беткейдің жоғарғы жағында неғұрлым ірі, ал төменгі жағында ұсақ бөлшектері
шөгеді. Шөгінділердің
мұндай жолмен жаралуы делювий деп аталады. Таулы
жерлерде беткейлер сынық материалдармен жабылады, өсімдіктермен әлсіз
жабылған жерлер қар ерігенде және нөсерлі жауындарда кіртасты ағын сел
туындатады. Беткейде материалдарды ала отырып, су ағыны беткейден төмен
түсіп, арнасында жиналып, арналы ағыс ретінде қозғалып сынықты
материалдармен (жалпы көлемінен 70-80 %-ке дейін) яғни ірі жақпартастар және
дөңбектастар сұйық массамен араласады. Тау
аңғардан шыққанда бұл барлық
материал шығару конусы түрінде жиналып,
пролювий деп аталады. Селдер үлкен
қирату күшіне ие. Селмен күресу үшін мықты қорғандар, бөгет, су айрықтарын
салады.
Арналық ағын уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша арналық ағын
шұңқыр, сушайып кеткен жерлерді, беткейді кенеттен бөлшектейді. Беткейдің
алғашқы шайылуының бірінші белгілері эрозиялық атыздар, шұңқырлар болып
табылады. Эрозиялық
бедер пішіндеріне U-тәрізді ,V-тәрізді кескіндер пайда
болады. Жыраларды зерттеу барысында қорғану шараларын жоспарлау үшін
аэротүсіріс және топографиялық карталар қолданылады. Аэротүсірістерде
(әсіресе үлкен масштабта) жыралар ғана емесм беткей ауданы жердегі
бақылаудағы сияқты анық көрінеді. Топографиялық карталарда ірі масштабта
шартты белгілермен шайылған жерлер пайда болып жатқан жыралар бейнеленеді.
Горизонталдар көмегімен жыраларға тән белгілер жиек пішіндері беткей сипаты
көлденең кескін көрсетіледі. Карта бойынша құлау еңістігі саға белгілерінің
айырмасы анықталады.
Тұрақты арналық ағын - өзендер, уақытша ағыстардан айырмашылығы
үздіксіз ұзақ уақыт әрекетте болады. Өзендер өзінің даму процесінде аңғар
жасайды. Аңғарлар тар төмен бедерлерде ұзындығына созылған.
Достарыңызбен бөлісу: