«геоморфология және геология негіздері»


- лекция. Антропогендік бедер пішіндері



Pdf көрінісі
бет44/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

14- лекция. Антропогендік бедер пішіндері
Жер тарихында ең басты елеулі оқиға – адамзат пен адамзат қоғамының
қалыптасып дамыған кезеңі антропоген (гр.antropos – адам) деп аталады.
Антропоген осыдан 2-3 млн. Жылдан астам уақыт бұрын басталған. Бұл кезеңнің
басы плиоценнің екінші жартысында басталып, төрттік кезеңдң толығымен
қамтиды. Атропоген кезеңінде қазіргі географиялық ортаның басты бедер
пішіндері, өсімдік пен жануар дүниесі қалыптасты.
Антропоген кезеңі ежелгі адамдардың әлеуметтік және мәдени деңгейлеріне
қарай палеолит (көне тас), мезолит (орта тас), неолит (жаңа тас), энеолит (мыс),
қола және бастапқы темір ғасырларына бөлінеді.
Антропогендік бедер пішіндері мен түзілімдер. Адамның ғылыми-
техникалық прогреспен байланысты белсенді әрекеті литосфераның беткі жағын
айтарлықтай өзгеріске түсіріп, бедер пішіндерін өзгертеді. Сонымен қатар жаңа,
антропогендік деп аталатын түзілімдер жасайды. Адамның өндірістік әрекетінен
туындаған процестер жиынтығы техногенез деп те аталады. Геологиялық
процестер сияқты, бұл процестер бағыттылығына қарай инженерлік-геологиялық,
кен-техникалық, ауыл шаруашылық және басқа түрлерге бөлінеді.
Адамның 
инженерлік-құрылыстық 
әрекеттілігі 
негізінен 
құрылыс
мақсатында жер беті деңгейін тегістеп, өзгертуімен байланысты.
Адамның
кен-техникалық 
әрекеттілігі
қатты 
пайдалы 
қазбалар
кенорындарында қазуға, мұнай-газ және жер асты суларын айдап шығаруға
бағыттталған. Осының нәтижесінде жер бетінің бедері айтарлықтай өзгеріске
түсіп, кен-өнеркәсіп 
аудандарында 
өзіндік 
микроландшафт 
түзіледі.
Таужыныстар массасының қозғалысқа келуіне байланысты туындайтын
антропогендік денудация салдарынан теріс бедер пішіндері – карьер (ашық
кеніш), ор (траншея), ойылымдар мен опырылымдар сияқты түрлері пайда
болады.
Ал антропогендік аккумуляция салдарынан бедердің оң пішіндері және
антропогендік түзілімдер – террикондар, дамба (бөгет), таужыныстар үйінділері
жасалады.


61
Ауыл шаруашылық жұмыстарына байланысты әрекеттілігі антропогендік
бедер пішіндерінің қосымша жаңа түрлері қалыптасуына әкеледі. Жерді дұрыс
жыртпау 
салдарынан (жосылымдар 
еңіске 
қарай 
орналасса) және
ормандардышамадан артық кесуден жыралық эрозия, жыралар торабы және
шайылулар белсенді дамиды.
Антропогендік процестердің кейбір түрлері эндогендік процестерге пара пар.
(жерасты атом жарылыстары).
Қазіргі кезде антропогендік бедер пішіндері мен шөгінді түзілімдері арнайы
зерттеуді қажет ететін тақырыпқа айналып отыр.
Оның себебі ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық
прогрестің қарыштай дамуына байланысты. Табиғи ортаға айтарлықтай әсер
ететін техногендік күштердің нәтижесі көп жағдайларда геологиялық процестер
ықпалынан асып кетуде. Техногендік әсер өте жылдам және ауқымды болған
жағдайларда, бұл өзгерістерге бейімделмеген экологиялық орта едәуір зардап
шегіп, апатты аймақтарға айналуда.
Кен-өнеркәсіптік аудандарда қалыптасқан антропогендік экологиялық
жағдайлардың қоршаған ортаға ықпалы айтарлықтай. Бұл аудандардағы табиғи
ортаның қолайсыз техногендік бедер пішіндерін реттеп, құнарлы топырақ
қабатын орнына келтіру арқылы шешу шаралары қарастырылуда.
Техногендік бедер пішіндерін зерттеу, кенорындарда жиналған, өндіріс
мекемелері шығарып тастаған әртүрлі қалдықтарды қайта өңдеу қазір күн
тәртібіндегі шұғыл шешуді қажет ететін өзекті мәселе.
Негізгі әдебиет : 1 [98-114].
Бақылау сұрақтары:
1. Антропоген деген не?
2. Антропоген кезеңі ежелгі адамдардың әлеуметтік және мәдени
деңгейлеріне қарай бөлінуі.
3. Антропогендік бедер пішіндері мен түзілімдер.
4. Адамның инженерлік-құрылыстық әрекеттілігі
5. Адамның кен-техникалық әрекеттілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет