Қазіргі
нұсқаға сәйкес, латын тіліндегі
"германдықтар" сөзі кірме сөз және
кельт сөзінен шыққан. Галлия халқы
оларды көршілес (әсіресе Рейннің
арғы жағында тұратын)
тайпалардан
ажырату үшін “германдықтар” деп
атаған. Болжам бойынша уэльс тілінде
ger, ирланд тілінде
gearr -
аумақтық
жақындықты білдіретін терминдер
екені айтылады.
“Герман” этнонимінің этимологиясы
Германдардың шығу тегі
Зерттеулерге сүйенсек, 5-6
мың жыл
бұрын Орталық Еуропа мен Солтүстік
Балқаннан солтүстік Қара теңіз аймағына
дейінгі аумақта белгілі диалектілерде
сөйлейтін
үнді-еуропалық
тайпалар
болған.
Осылайша,
үнді-еуропалық
тілдер семьясының негізі қаланып,
қазіргі тілдер дамыды. Басқа бір болжамға
сәйкес, үнді-еуропа тілдері Таяу Шығыста
пайда болды және туыстас тайпалардың
қоныс
аударуымен
бүкіл
Еуропаға
тарағаны айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: