Германия Федеративтік Республикасы Орындаған: Нағашбек Жалғас



бет3/4
Дата04.10.2022
өлшемі0.7 Mb.
#461889
1   2   3   4
Германия

Халқы:

  • Халқы:
  • а)Халқының динамикалық өсімі
  • Қазіргі кезде Германияның 82 млн.-ға жуық халқы бар. Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халық саны жөнінен ең ірі мемлекет. Елдің демографиялық жағдайы өте күрделі, 70 жылдардың басында- ақ өлім туудан басым болып, соңғы кезде саяси босқындар тасқыны қосылып отырған тұрақты еңбек иммиграциясы салдарынан күшті депуляциядан құтылуға мүмкіндік болуда. Иммигранттардың саны жөнінен ГФР Еуропада бірінші орын алады олардың жалпы саны 7 млн. адамнан асып, барлық тұрғындардың 9%-ын құрайды. Әсіресе,1961 жылы 686 мың, 1970 жылы 2300 мың, 1982 жылы 4409 мың адамды құрады. Иммигранттардың негізгі бөлігі ірі қалаларға қоныс тепкен. Бұл жөнінен елдің ірі іскерлік, қаржы және маңызды өнеркәсіп орталығы Майндегі Франкфурт ерекше.
  • Табиғи өсім 1946 жылдан 1965 жылға дейін төмен болды, 5-8 %0, одан кейінгі жылдары одан да қатты төмендеп кетті.1972 жылдардан бастап, өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары болды. Қазірдің өзіңде туу көрсеткіші 10%0-ні құрайды, кейбір жылдары 8 %0 дейін жеткен. Табиғи өсім 2 %0, өлім-жітім 12 %0.

Табиғат ресурстары мен байлықтары

  • Табиғат ресурстары мен байлықтары
  • Германия аса жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Ұлттық табыстың жартысынан астамын өнеркәсіп береді.
  • Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады.
  • Германияда калий тұзының үлкен қоры Заале мен Везер өзендерінің аралығында шоғырланған.
  • Ал темір рудасы импорттық бәсекеге лайықты. Никель мен марганец 100 жылдан бері өндіріліп келеді. Германия түсті металдарға бай емес. Онда жанармай түрлерімен қамтылмаған. Солтүстік аймақта жылына 5-6 миллион тоннадай мұнай өндіреді, ол бұл ресурсқа деген қажеттіліктің 5 %-ын да өтемейді. Мұнда скважиналар өте төменде. Скважиналардың саны-2900.

Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті.

  • Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті.
  • 50-60 жылдарда Роттердам-Кёльн, Вильгельмсхафен- Кёльн, Марсель-Карлсруэ-Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру заводтары салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет