Гигиена ғылымы, даму тарихы, салалары. Мектеп гигиенасы, даму тарихы

бет2/7
Дата27.09.2023
өлшемі3.03 Mb.
#478885
1   2   3   4   5   6   7
Презентация Гигиенаның даму тарихы

Гигиенаның пайда болуы мен дамуының көп ғасырлық тарихы бар. Алғашқы қауымдық құрылыста, оның негізгі бастауы көптеген ұрпақтардың бүкіл өмірі бойында байқау арқылы алынған эмпирикалық (тәжірибелі) білім болды. Осы білімдердің негізінде дағдылар, дәстүрлер, денсаулықты сақтау мен аурудың алдын алуға септігін тигізген діни өкімдер пайда болды. Ерте уақыттардың өзінде-ақ, алдын алу шараларының маңызды ролін жете түсінді. Үйлерді, денені таза ұстау, топырақты ластамау, тамаққа қауіпсіз өсімдік және жануар текті азықтарды пайдалану, ауыз суды алу үшін, батпақталмаған өзендер мен көлдерді таңдау, жұпалы аурулары бар науқастарды оқшаулау және т.б. ұсынылды.

Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.

Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет