Б) етеккірдің кеш басталуы, олигоаменорея, айқын гирсутизм, екіншілік бедеулік
В) инфекциялық процесстен кейін аурудың басталуы, стресстер, екіншілік бедеулік, гирсутизм, семіру
Г) дене салмағын жоғалтқаннан кейін етеккірінің болауы, екіншілік аменорея
Д) галакторея, семіру, бас аурулар, аменорея
100. Трансвагиналды УДЗ кезінде аналық бездердің екі жақты ұлғаюы, көлемі 9см3 жоғары, периферия бойымен кішкентай кисталардың болуы, диаметрі 3 -8 мм дейін. Бұл көріністер тән:
А) аналық безінің екі жақты функционалды кисталары
Б) аналық безінің поликистозы
В) аналық безінің кішкентай кисталы дегенерациясы
Г) созылмалы оофорит
Д) аналық безінің эндометриозы
101. Климактериялық кезең дегеніміз:
А) репродуктивті кезеңнен жыныстық қариялыққа ауысуы
Б) жыныстық даму кезеңнен репродуктивті кезеңге ауысуы
В) етеккірінің тоқтауымен сипатталады
Г) фолликулдардың дамуының күшеуімен сипатталады
Д) жұмысқа қабілетінің төмендеуімен
102. Климактериялық кезең бөлінеді:
А) фолликулинді, овуляторлы, лютеинді фазалар
Б) пременопауза, менопауза, постменопауза
В) регенерациия, пролиферация, секреция фазалары
Г) персистенция, фолликулдардың атрезиясы және овуляторсыз фолликулдың мерзімінен ерте лютеинизациясы
Д) ешқандай ерекшеліктерге бөлінбейді
103. Менопауза – бұл:
А) репродуктивті кезеңнен климактериялық кезеңге ауысуы
Б) етеккірдің уақытша тоқтауы
В) әйелдің соңғы етеккірі
Г) 6 айға созылған аменорея
Д) жатырды алып тастағаннан кейін етеккірдің тоқтауы
104. Вульваның дисплазиясы сипатталмайды:
а) көп қабатты жалпақ эпителийдің беткей қабатынан басқа барлық қабаттардың атипиясымен
б) эпителийдің қабаттануының бұзылуымен
в) базалды мембрананың сақталуымен
г) жасушалардың ыдырауы
д) көп қабатты эпителийдің бұзылуымен
105. Жатыр мойнының шынайы эрозиясы:
А) жалпақ эпителийдің ақауы
Б) цилиндрлі эпителийдің эктопиясы
В) мойындық каналдың айналуы
Г) Жатыр мойнының жарақаттануы
Д) мойындық каналдың шырышты қабатының гиперплазиясы
106. аналық безінің поликистозды синдромы кезінде байқалмайды:
А) жатырдың гипоплазиясы
Б) аналық безінің екі жақты ұлғаюы
В) гипертрихоз
Г) сүйек тіні салмағының төмендеуі
Д) біріншілік бедеулік
107. 6 ай бойы етеккірдің болмауы:
а) аменорея
б) полименорея
в) альгоменорея
г) меноррагия
д) метроррагия
108. Етеккірдің келу кезеңінің азаюы:
а) гипоменорея
б) гиперменорея
в) полименорея
г) опсоменорея
д) метроррагия
109. Жоғарғы гонорея – бұл зақымдану:
а) жатыр мойының каналының
б) жатыр түтіктерінің
в) парауретралды бездердің
г) уретраның
д) бартолинді бездердің
110. 24 жастағы науқасқа біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жасалынды. Рентгенограммада: жатыр қуысы Т тәрізді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлікте шоқпарлы кеңейген, контрастты заттың құрсақ қүысына шығуы байқалмайды. Сіздің диагнозыңыз:
А) созылмалы сальпингит
Б) созылмалы аднексит
В) жыныс ағзаларының туберкулезі
Г) жатырдың даму ақаулары
Д) жатыр түтіктерінің даму ақаулары
111. Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктің жарылу типті түрін келесі аурумен дифференцияланбайды:
а) жедел аппендицитпен
б) аналық безінің апоплексиясымен
в) аналық безі ісігінің аяқшасының бұралуымен
г) тағамдық интоксикациямен
д) жедел сальпингитпен
112. Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктің жарылу типіндегі ауру сезімді көрсетіңіз:
а) ішінің төменгі бөлігінің ұстамалы қайталамалы ауру сезімі
б) ішінің төменгі бөлігі және бел аймағының кезеңді және тұрақты ауру сезімі
в) ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауруы
г) ішінің төменгі бөлігінің қатты ұстамалы ауру сезімі, оның тік ішекке және оң йыққа берілуі
д) ішінің төменгі бөлігінің қатты толғақ тәрізді ауруы
113. Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктің түсік кезіндегі ауру сезімді көрсетіңіз:
+а) ішінің төменгі бөлігінің ұстамалы қайталамалы ауру сезімі
б) ішінің төменгі бөлігі және бел аймағының кезеңді және тұрақты ауру сезімі
в) ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауруы
г) ішінің төменгі бөлігінің қатты ұстамалы ауру сезімі, оның тік ішекке және оң йыққа берілуі
д) ішінің төменгі бөлігінің қатты толғақ тәрізді ауруы
114. 29 жастағы науқас, ішінің толғақ тәрізді ауруына, ауру сезімі тік ішекке беріледі, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністерге шағымданады. Миниаборттан кейін 2 күні ауырып қалды. Жағдайы қанағаттанарлық. Айнамен қарағанда- қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты цианозды, бөлінділер қанды аз мөлшерде. PV: жатыры кішкене ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы. Оң жақ қосалқылар аймағында анық контурсыз қамырлы консистенциялы, ауру сезімсіз түзіліс анықталады. Артқы күмбез кеңейген, ауру сезімді.ЕҢ ықтимал диагноз:
а) жедел метроэндометрит
б) жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының асқынуы.
в) жатырдан тыс жүктілік
г) ұрық қалдықтары
д) жедел оң жақты параметрит
115. 46 жастағыфнауқас стационарға мына диагнозбен келіп түсті: дамымаған жүктіліктің 9-10 аптасы (етеккірі бойынша 12-13 аптасы). Шағымы жоқ. Диагноз УДЗ-мен айқындалды. Сіздің іс әрекетіңіз?
а) жатыр қуысын қыру
б) коагулопатияның профилактикасы, 24 сағаттан кейін – жатыр қуысын қыру
в) 6 сағат аралығында АБ терапия, кейін жатыр қуысын қыру
г) АБ терапия, коагулопатияның профилактикасы 24 сағатта, кейін жатыр қуысын қыру
д) АБ терапия, коагулопатияның профилактикасы 6-12 сағат аралығында, кейін жатыр қуысын қыру
116. 35 жастағы науқас жыныс жолдарының қанды бөліністерге шағымданып келді.соңғы 1 жыл бойы етеккірінің көп келуі байқады. Осы қан кетулер етеккірінің келетін күнінен бастап 14 күн жалғасып жатыр. Қынаптық зерттеуде: жатрымойны цилиндрлі, ернеу жабық. Жатыр 8-9 аптаға дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз, тегіс. Қосалқылар палпацияланбайды. Күмбездері терең. Сіздің диагнозыңыз:
а) репродуктивті жастың ДЖҚК
б) аденомиоз, өрімді түрі
в) толық емес өздігінен түсік
г) жатыр миомасы
д) климактериялық қан кету
117. Жатыр миомасы кезінде етеккір функциясының бұзылуының негізгі түрін көрсетіңіз:
+а) гиперполименорея
б) пройоменорея
в) альгодисменорея
г) опсоменорея
д) гипоменорея
118. Жатырдан тыс жүктіліктің ең негізгі себебін көрсетіңіз:
а) гениталды инфантилизм
б) сыртқы гениталды эндометриоз
в) жатырдың шырыш асты миомасы
г) созымалы сальпингит
д) ЖІС-мен көо уақыт жүру
119. 29 жастағы науқас, ішінің толғақ тәрізді ауруына, ауру сезімі тік ішекке беріледі, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністерге шағымданады. Миниаборттан кейін 2 күні ауырып қалды. Жағдайы қанағаттанарлық. Айнамен қарағанда- қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты цианозды, бөлінділер қанды аз мөлшерде. PV: жатыры кішкене ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы. Оң жақ қосалқылар аймағында анық контурсыз қамырлы консистенциялы, ауру сезімсіз түзіліс анықталады. Артқы күмбез кеңейген, ауру сезімді. Дигноз қойыңыз:
а) жедел метроэндометрит
б) жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының асқынуы.
в) жатырдан тыс жүктілік
г) ұрық қалдықтары
д) жедел оң жақты параметрит
120. 30 жастағы науқасты бөлімшеге ішінің қаты ауру сезіміне, жүрек айну, құсу шағымдарымен алып келді. Обьективті: АҚҚ 90/60мм.с.б. Пульсі 90 в мин. Іші ауру сезімді, Щеткина-Блюмберг симптомы – оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. PV: жатыры кішкентай, оң жақ қосалқылар аймағында 10*10 см өлшемді түзіліс анықталады, ауру сезімді, қозғалмайды. Сііздің диагнозыңыз:
а) аппендицит
б) тубоовариалды түзіліс
в) жатырдан тыс жүктілік
г) киста аяқшасының бұралуы
д) субсерозды өрімнің бұралуы
121. Гинекологиялық бөлімшеге 23 жастағы науқасты ішінің төменгі бөлігінің қатты ауру сезімімен, жыныс жолдарының қанды бөліністері, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымдарымен алып келді. Етеккірдің 18 күнге кешігуі фонында мини – аборт жасатқаннан 8 күннен кейін ауырып қалды. Объективті: бозғылт, пульсі 100 рет мин, АҚҚ= 90/60 мм.с.б. Температурасы 38°С. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімді. Құрсақ қабырғасының тітіркену симптомы оң. Гинекологиялық статус: айнамен қарағанда-жатыр мойны цианозды, бөлінділер қанды, қошқыл. РV: жатыр кішкене ұлғайған, ауру сезімді. Қосалқыларды ауру сезімінен пальпациялаудың мүмкіншілігі жоқ. Күмбездері ару сезімді, оң жақтан кеңейген. Қан анализі- гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер – 3,2×1012/л, лейкоциттер – 10,0 ×109/л. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
а) метроэндометрит
б) жатырдың перфорациясы
в) жатырдан тыс жүктілік
г) аппендицит
д) пельвиоперитонит
122. Аденомиоз термины қолданылады:
а) эндометриоздың локализациясына байланыссыз барлық жағдайларында
+б) жатырдың ішкі қабатындағы эндометриодты тіннің ошақты өсуінде
в) кисталардың дамуымен жүретін эндометриозы кезінде
г) миометрийдің өсуі бұлшық ет тінінің гиперплазиясымен жүргенде
д) тек ретроцервикалды эндометриоз кезінде
123. Жатыр денесінің эндометриозын мына аурумен дифференцация жүргізбейді:
а) жатыр шырыш асты миомасымен
б) эндометрийдің полипозымен
в) эндометрийдің қатерлі ісігімен
г) созылмалы эндометритпен
д) аналық безінің поликистозымен
124. жатыр мойнының лейкоплакиясы:
а) көп қабатты жалпақ эпителийдің жергілікті қабыршықтануы
б) көп қабатты жалпақ эпителийдің жұқаруы
в) мойындық каналдың гиперплазиясы
г) көп қабатты жалпақ эпителийдің ақауы
д) мойындық каналдың айналуы
125. Эритроплакия – бұл:
а) көп қабатты жалпақ эпителийдің жергілікті атрофиясы
б) көп қабатты жалпақ эпителийдің гиперкератозы
в) цилиндрлі эпителийдің эктопиясы
г) көп қабатты жалпақ эпителийдің ақауы
д) жатыр мойнының жарақаты
126. Жатыр мойнының дисплазиясы:
а) жалпақ эпителийдің базалды мембранасыз құрылымды және жасушалық атипиясы
б) мойындық каналдың гиперплазиясы
в) көп қабатты жалпақ эпителийдің гиперкератозы
г) жалпақ эпителийдің атрофиясы
д) жатыр мойнының жарақаты
127. Жатыр мойнының дисплазиясы диагнозы мына зерттеуге қарап қойылады:
а) Шиллер сынамасы
б) кольпоскопия
в) цито-гистологиялық зерттеу
г) айнамен қарау
д) бактериоскопия
128. 35 жастағы науқасты жедел жәрдеммен көп мөлшердегі қан кетумен, жалпы әлсіздікпен алып келді. Соңғы жыл бойы көп мөлшерде келетін етеккірін байқады. Бұл қан кетулер келетін етеккірінің 1 күнінен бастап 14 күн жалғасып жатыр. PV- жатыр мойны цилиндрлі, ернеу жабық, жатыры 8-9 аптаға дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз тегіс. Қосалқылар палпацияланбайды. Күмбездері терең. Диагноз?
а) репродуктивті жастың ДЖҚК
б) аденомиоз, өрімді түрі
в) толық емес өздігінен түсік
г) жатыр миомасы
д) климактериялық қан кету
129. Жүкті әйел 24 жаста, әйелдер консультациясына жүктіліктің 6-7 аптасымен қаралды. Бұл жүктілігі – үшінші, екеуі- 12-13 и 15-16 апталарында өздігінен түсік болған. Жатыр қуысы қырылған. Анамнезінде: балалық шағында баспамен жиі ауырған. Менархе 15 жастан, етеккірі 42-45 күн сайын, 3-4 күн келеді. Соңғы етеккірі 2,5 бұрын келген. Объективті: бойы - 168 см, салмағы - 60 кг, жоғарғы ернінде, емшек айналасында, ішінің ортаңғы сызығында шаштың өсуі байқалады. Түсіктерден кейін әйелдер консультациясына қаралмаған. Диагноз қойыңыз:
а) жүктіліктің 6-7 аптасы. ААА. Қауіп төндіретін түсік
б) жүктіліктің 6-7 аптасы. Үйреншікті көтере алмаушылық. Гирсутизм
в) жүктіліктің 6-7 аптасы. Басталған түсік.
г) жүктіліктің 6-7 аптасы. ААА. Басталған түсік.
д) жүктіліктің 6-7 аптасы. Гирсутизм
130. науқас Б., 24 жаста, стационарға ішінің қатты ауру сезімі, жалпы әлсіздік, дене қызуының 38,7 дейін көтерілуі, қалтырау, жыныс жолдарынан қанды бөліністер шағымдарымен түсті. Өзін аурумын деп 2 күннен бері санайды, 6 күн бұрын медициналық түсік жасалған. Содан кейін жоғарыда көрсетілген шағымдар пайда болды. АҚҚ - 100/60 мм.с.б. Пульсі 80 рет мин. Іші жұмсақ, орташа ауру сезімді, Щеткина-Блюмберг симптомы теріс. Айнамен қарағанда – қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты таза, бөлінділер қанды-іріңді. PV: жатыр мойны цилиндрлі, ернеу саусақтың ұшын өткізеді, жатыры қалыпты орналасқан, кішкене ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы, ығыстырғанда ауру сезімді, қосалқылар екі жақтан палпацияланбайды. ЖҚА- нейтрофильді лейкоцитоз солға ығысқан, ЭТЖ жоғарлауы; ЖЗА- протеинурия, лейкоцитурия, микрогематурия; қынаптың жағындысының бактериоскопиясы - IV тазалық дәрежесі, трихомонадалар. Дәрігердің іс әрекеті:
а) АБ, дезинтоксикационды терапия, физиоем
б) комбинирленген АБ терапия, 2-6 сағаттан кейін жатыр ұқыпты қыру
в) комбинирленген АБ терапия, 6-12 сағаттан кейін жатыр ұқыпты қыру
г) комбинирленген АБ терапия, 12-24 сағаттан кейін жатыр ұқыпты қыру
д) АБ, жатырды антисептикалық ерітіндімен суару
Достарыңызбен бөлісу: |