Гипертензиялық криз


Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі



бет10/10
Дата07.02.2024
өлшемі56.33 Kb.
#491079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гипертензиялық криз

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Өмірге маңызды ағзалар қызметін жəне жалпы жағдайын бағалау: есі, тынысы (минутына 20 артық тахипноэ) жəне қан айналымы.
2. Науқас қалпы: отыруға немесе жоғарылап отырғанда ұмтылдырмай, жиі көлденең орналастыру.
3. Жедел өкпе-жүрек жəне өкпелік гипертензия белгілерінің анықтамасы: 
- мойын веналарының ісінуі мен пульсациясы;
- жүрек шекарасының оңға кеңеюі;
- тыныс алғанда күшейетін эпигастральды пульсация;
- өкпе артериясында II тонның акценті мен екі еселенуі;
- бауырдың ұлғаюы.
4. Пульсті зерттеу, жүректің жиырылу жиілігін жəне артериялды қан қысымды өлшеу: тахикардия, аритмия, гипотония болуы мүмкін.
5. Өкпе аускультациясы: əлсіреген тыныс немесе оқшауланған аймақтарда ұсақ көпіршікті сырылдар, кейде құрғақ сырылдар болуы мүмкін.
6. Біріккен симптомдардың болуын анықтау: кеудеде ауыру сезімі, жөтел жəне қан түкіру, гипертермия.
7. Флеботромбоз жəне тромбофлебит белгілерін анықтау үшін аяқты қарау:
- аяқтардағы асимметриялы ісіну;
- балтыр аймағында жəне санның тізе үстінен 15 см деңгейінде асимметриясы;
- тері жабындылары түсінің өзгеруі (қызару, тері асты веналарының суретінің күшеюі);
- вена бойымен пальпациялағанда ауыру сезім;
- балтыр бұлшықетінің қатаюы жəне ауырғыштығы.
8. ЭКГ тіркеуі – ӨАТЭ кезінде ЭКГ-дағы жедел типті белгілердің пайда болуы.

Дифференциалды диагноз

ӨАТЭ, жүректік жəне бронхиальды демікпенің дифференциальды диагностикасы

Белгісі

ӨАТЭ

Жүрек демікпесі

Бронхиальды
демікпе

Анамнез

Тромбофлебит, ұзақ
иммобилизация,
хирургиялық
араласулар

Жүрек ауруы,
артериальды
гипертензия,
созылмалы жүрек
жетіспеушілігі

өкпе ауру, демікпелік
бронхит

Сыртқы бет-əлпеті

Сыртқы бет-əлпеті

Акроцианоз, тіндердің
гипергидратациясы

Жайылған цианоз,
тіндердің гипо-
гидратациясы

Саусақтар мен
табаны

Суық

Жиі суық

Жылы

Төсектегі қалпы

Отырған немесе
жатқан

Тек отырған

Отырған немесе
қолмен тіреп тұру

Ентігу түрі

Инспираторлы,
«тыныс алып
үлгермеуі»

Инспираторлы,
«тыныс алып
үлгермеуі»

Экспираторлы,
«тыныс шығара
алмау»

Аускультативті
көрінісі

Өкпе артериясының
үстінен II тонның
акценті мен бөлінуі

Ылғалды сырылдар

Құрғақ ысқырықты
сырылдар, дем шығару
ұзарған

Қақырық

Кеш кезеңде,
сирегірек қанмен

Көп мөлшерде,
көпіршікті. Жағдайы
нашарлағанда шығады

Өнімсіз, шыны тəрізді.
Жағдайы жақсарғанда
шығады.

Артериальды
қысымы

Шокқа дейін əкелетін
ерте төмендеуі

Жоғары болуы мүмкін

Жиі жоғары

Нитроглицеринді
қолдану

Қарсы көрсетілген

Анық жағдайын
жақсартады

Жағдайын өзгертпейді


Емдеу тактикасы

Медициналық көмек көрсету тактикасы

Шұғыл көмек:
1. ӨАТЭ күдік туғанда барлық жағдайда антикоагулянтты терапияны жүргізеді:
- гепарин 5 000 ХБ көк тамырға, құю;
- варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы 160-325 мг ішке, шайнау.

2. Тромболитикалық терапияны міндетті түрде жүргізу:


- преднизолонды 60-90 мг көк тамырға струйно енгізгеннен кейін, 30 мин ішінде;
- стрептокиназа 250 000 ХБ көк тамырға тамшылатып, сонан соң 1 250 000 ХБ тамшы түрінде 100 000 ХБ/сағ жылдамдығында енгізу;
- алтеплаза (актилизе) 15 мг вк/т болюсті, сонан соң 0,75 мг/кг 30 мин ішінде, сосын 0,5 мг/кг 60 мин ішінде енгізу.

3. Қан айналымы тоқтаған кезде жүрек - өкпелік реанимацияны жүргізу.

4. Гипоксия коррекциясы – ұзақ оксигенотерапия.

5. Ауыру синдромын жою:


- айқын ауыру синдромында – наркотикалық анальгетиктер (кіші қан айналымда қысымды төмендетеді жəне ентікпені азайтады) - морфин 1 мл 1% ерітіндіні (10 мг) 20 мл 0,9% натрии хлорид ерітіндісімен к/т бөліп 4-10 мл 5-10 мин сайын, ентікпе мен ауыру сезімін басу немесе фентанил 1-2 мл 0,005% ерітіндісін (0,05-0,1 мг) 1-2 мл 0,25% дроперидол ерітіндісімен ( систолалық артериалды қысым 90 мм сн.б. төмен болған жағдайда дроперидол енгізілмейді!);
- инфарктты пневмония кезінде (дене қалпымен, жөтелмен, тыныс алумен байланысты кеуде қуысында ауыру сезімі) – наркотикалық емес анальгетиктер – кеторолак к/т 30 мг (1,0 мл), осы мөлшерді 15 секунд ішінде енгізу қажет.

6. Жедел оң қарыншалық жетіспеушілік, артериалды гипотензия жəне шок кезінде:


- тек к/т допаминді тамшылатып, 100-250 мкг/мин (1,5 – 3,5 мкг/кг/мин) (400 мг допаминді, 250 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен) к/т енгізгеннен кейін емдік əсері 5 мин ішінде басталады, ұзақтығы – 10 минут.
- пентакрахмал 400 мл к/т тамшылатып, 1 мл/мин жылдамдықпен.

7. Бронхоспазм дамығанда:


- β2-адреномиметиктерді ингаляция арқылы енгізу – сальбутамол 2,5 мг небулайзер арқылы 5-10 минут ішінде, əсері қанағатсыз болған кезде ингаляцияны 20 мин кейін қайталау;
немесе
- к/т 2,4% 1,0 мл аминофиллинді баяу (10,0 мл көп емес) 20 мл натрий хлоридін изотоникалық ерітіндісімен енгізу. Пароксизмальды тахикардия жəне ауыр артериальды гипертензия, эпилепсияның болмауы, миокард инфаркті анықталмағанда, тұрақты систолалық артерияльды қысым > 100 мм.сн. б . төмен болмағанда аминофиллинді енгізуге болады.

8. Сатурация мен гемодинамиканың көрсеткіштерінің міндетті тұрақты бақылау!



Шұғыл госпитализацияға көрсеткіш: ӨАТЭ күдіктенгенде барлық науқастарды реанимация бөлімшесіне немесе мүмкіндігінше қан тамыр хирургия бөлімшесі бар стационарға жатқызады. Науқасты зембілге жатқызып, басын жоғары көтерген күйде қажетінше реанимобильде тасымалдайды.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Гепарин 5000 Б, амп.
2. *Стрептокиназа 1500000 ХБ, фл.
3. *Варфарин 2,5 мг, табл.
4. *Преднизолон 30 мг, амп.
5. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
6. *Допамин 0,5% - 5,0 мл, амп.
7. *Оттегі, м3.
8. *Пентакрахмал 500,0 мл, фл.
9. *Кеторолак 30 мг – 1,0 мл, амп.
10.*Морфин 1% - 1,0 мл, амп.
11.*Сальбутамол 0,1 мг дозада, ингалятор 200 доз, неб.
12.*Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, табл.
2. *Аминофиллин 2,4% - 5,0 мл, амп.
3. *Фентанил 0,005% - 2,0 мл, амп.
4. *Дроперидол 25 мг – 10,0 мл, фл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет