2.1. Ортаңғы ми
Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.
Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан.
Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйке аралас жүйке тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл жүйке арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл жүйке серпiлiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiң қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк жүйке. Ми жүйке терінің IV жұп жүйкесi де аралас жүйке. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.
Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі төбешігі көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Осы орталықтың арқасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. Көру орталығында орналасқан ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.
Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.
Төрт төмпешiк кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталдаы. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр жаққа қарай ығысады.
3. Қызыл ядро
Қызыл ядро орталық жүйке жүйесiнiң барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Ол бұлшық еттердiң тонусын реттейтiн қозғалыс орталығы. Мысалы, мысықтың ми бағанасын қызыл ядродан жоғарырақ жерден көлденең тiлiп жiберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерiстер пайда болмайды. Ал миды қызыл ядродан төмeнipeк тiлгенде мелшию пайда болады. Барлық бұлшық еттер, әcipece жазылу еттерi ширығып, қатаяды. Сондықтан, мысықтың басы қақиып, шалқаяды, жотасы созылып, сирақтарының буындары жазылып тiкiрейе cipecіп, қатаяды, құйрығы тiк көтерiледi. Мысықта мұндай құбылыс қызыл түйiн мен жұлынды қосатын жол - Монаков буданы бұзылғанда байқалады
Қызыл ядро мен артқы мидағы Дейтерс түйiнiнiң жұлынға әcеpi бiр-бiрiне қарама-қарсы. Қызыл ядродан басталатын Монаков буданы жұлынның бүгу орталығының a және б мотонейрондарын қоздырады немесе жазылу орталығын тежейдi. Ал Дейтерс түйiнiнен шығатын кiреберiс жұлындық жол жазылу орталығын қоздырады да бүгу орталығын тежейдi. Сондықтан, Монаков түйiнi зақымдалғанда Дейтерс түйiнi ғана әсер етедi. Дейтерс түйiнiн зақымдаса, мелшию жойылады. Қара зат - нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан солай деп аталады. Қызметi, қыртыс және қыртыс асты түйiндерiмен торлы құрылыммен бiрге, бұлшық еттердiң әcipece, нәзiк және нақты қимыл-қозғалыстарды реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |