Гистология және цитология кафедрасы


Тақырыбы: Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні. Тығыз және арнайы қасиеті бар дәнекер тіндері



бет19/22
Дата14.09.2023
өлшемі0.87 Mb.
#477640
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
БӨҚ Педиатрия 1 курс.2022

Тақырыбы: Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні. Тығыз және арнайы қасиеті бар дәнекер тіндері.

41. Эксперименталды жануарды көп уақытқа дейін витамин С-дан айырған. Соның нәтижесінде оларда дәнекер тіннің беріктігі жойылған және байламдардың босауы байқалған. Дәнекер тіннің осы осы өзгерістерін қалай түсіндіруге болады? Фибробласттар құрамында қандай өзгерістерді күтуге болады?




Тақырыбы: Шеміршек тіндері. Сүйек тіндері.

42. Орсеинмен боялған, шеміршекті тіннің екі препараты берілген. Бір препаратта қара-шиелі түсті талшықтар жақсы көрінеді. Бұл препарат шеміршекті тіннің қандай түріне жатады?


43.Сүйек тінінің екі электронды микрофотосуреттерінде жасушалар көрсетілген: бір жасушаға гранулярлы эндоплазмалық тордың өте жақсы дамуы тән, екінші клетканың эндоплазмалық торы нашар дамыған, және бұл жасуша тығыз аралық затпен қоршалған. Суреттелген жасушаларды атаңыздар.
44. Поляризацияланған микроскоппен сүйек тінінің екі түрі зерттелген: а) бірнші зерттеуде сақина тәрізді әлде жартылай шеңбер тәрізді сәулелі геомертиялық фигуралар көрінеді, б) екінші зерттеуде-сәулелі құрылымдар ретсіз орналасқан. «а» және , «б» сүйек тіндерінің түрлерін белгілеңіздер, және түсінігін беріңіздер.
45. Эксперименттегі жануарда жіліншік еті салынған. Сүйектің қалыпқа келуі толық бола ма, егерде: а) сүйектің сыртқы қабығы сақталса; б) сүйектің сыртқы қабығы сүйекпен бірге алынып кетсе? Оқулықта «сүйектің сыртқы қабығы» тақырыбын қараңыз.


Тақырыбы: Соматикалық типті бұлшықет тіні. Целомикалық және мезенхимді бұлшықет тіндері.

46. Тіннің түрін белгілеңіздер: а) әр жасушасы базальды мембранамен қоршалған жасушалы пласт; б) базальды мембранада орналасқан жасушалы пласт.


47. Бұлшық ет тіннің түрін белгілеңіздер: а) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда оксифильді талшықтар жақсы көрінеді, осы талшықтардың көптеген ядролары сарколемманың астында орналасқан; б) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда саркоплазманың оксифилиясы байқалады, бірақ ядорлы ортасында орналасқан, бұдан басқа, талшықтарды сегменттерге бөлетін қалқалар көрінеді.
48. Көлденең жолақ бұлшық ет талшықтардың түрін белгілеңіздер: а) миоглобині, митохондриялары көп; б) миоглобині аз, бірақ миофибриллары көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет