Глоссарий Акционерлік қоғам


Бизнес- ағылшын сөзі «іскерлік», «кәсіпкерлік» деген ұғым береді.  Бизнесме



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.05.2024
өлшемі255.81 Kb.
#501156
1   2   3   4   5   6   7
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикасы. Бизнес-жоспарлау 4

Бизнес- ағылшын сөзі «іскерлік», «кәсіпкерлік» деген ұғым береді. 
Бизнесмен – іскер адам, пайда табу мақсатында өзінің жеке кәсібімен 
шұғылданатын тұлға. 
Банкроттық – кәсіпкердің, фирманың қаражат болмауы себепті өзініңқарыз 
міндеттемелерін төлеуден бас тартуы; қаржы жөнінен күйреуі, құлдырауы; дәрменсіздік, 
қаржының күйреуі, күйзеліс, сәтсіздікке ұшырауы, жоспарларың қирауы. 
Баға – тауардың ақша арқылы көрсетілген құны. 
Бос баға – сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатын баға. 
Бекітілген баға – қажеті алдыңғы қатардағы заттарға бекітілетін баға. 
Еңбек заттарыбұл шикізат, шалафабрикаттар, сатып алынатын қосалқы 
бөлшектері т.б.
Еңбек өнімділігі – бір жұмысшыға келетін өнімнің мөлшері немесе уақыттың 
бірлігінде шығарылған өнімнің мөлшері. 
Еңбек өнімділіктің көрсеткіштері – натуралдық (дана, тонна т.б.); еңбектік (сағат, 
ай, жыл); құндылық (тенге). 
Еңбек сыйымдылығы - өнімнің бірлігін дайындауға қажет уақыт саны. 
Еңбек сыйымдылығының түрлері – нормативтік, жоспарлық, нақтылық. 
Еңбек сыйымдылығы – жұмсалған еңбектің түрлеріне қарай бөлінеді: 
технологиялық, өндірістік және толық. 
Еңбек ақы – жұмысшылардың еңбегінің мөлшері мен сапасына қарай ақша арқылы 
төлеу. 
Еңбек ақының нысандары - кесімді және мерзіді. 
Жалпы өнім – тауар өніммен өндірісте аяқталмаған өнімнің құндарының 
қосындысы. 
Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе 
отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды 
өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады 
және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап 
береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге 
асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық 
түрін де жүргізеді. 
Жарғы қоры – бірлескен кәсіпорын қызметінің басталуы үшін қажетті және 
бірлескен кәсіпорынның құрылтайшы әріптестерінің жарналары есебінен құралатын 
қаражат мөлшері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет