Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын
өндірістік ресурстардың ақшалай мәні.
Көмекші материалдар- дайын өнімге кірмейтін және өндірістік үрдістің жүзеге
асырылуына қатнасатын еңбек заттары.
Кәсіпорынның айнымалы шығындары - өнімдерді өндіру процесінде оның
көлеміне байланысты өзгеріп отыратын шығындар.
Кәсіпорынның тұрақты шығындары - өндірістік факторларды пайдалануға
байланысты тікелей шығындар. Мысалы, кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының
жалақылары, үй – жай жалдауға амортизация және салыққа жұмсалатын шығындар.
Тұрақты шығындар өнім, қызмет көлеміне тәуелді өзгермейді.
Кәсіпорынның таза пайдасы – жинақтау және тұтыну қорларын құруға
бағытталады.
Калькуляциялық шығын статьялары әрбір заттың өзіндік құны.
Кәсіпорынның бағасы - өзіндік құн мен пайданың қосындысы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы – кәсіпорынның бағасы мен қосылған құнға
салықтың қосындысы.
Құндылық көрсеткіштер – тенге.
Негізгі капиталдың активтік элементтері – өндіріс процесіне тікелей қатысатын
құрал жабдықтар.
Негізгі капиталдың пассивтік элементтері – өндіріс процесін өткізу үшін жағдай
туғызатын амал.
Нарық – тауарларды өндіру, айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ, субъектілердің
сатып алушылар мен сатушыларды таңдаудағы, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін
қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігі тән сипат болып табылатын ақша қаражатының
қозғалысы қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Негізгі капитал - өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қолданатын өндіріс құрал
жабдықтары.
Натуралдық көрсеткіштер – дана, тонна т.б.
Нормативтік еңбек сыйымдылығы – бекітілген норма бойынша өнімнің бірлігін
дайынлдауға қажет уақыт.
Мерзімді еңбекақы – істеген уақытың көлеміне қарай төленетін еңбек ақы.
Достарыңызбен бөлісу: |