Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.
Әлеуметтік-саяси тәрбие - тұлғаға ықпал жасаудың мақсатты бағытталған және жүйелі процесі, сол қоғамдағы өмірге дайындау мақсатында оның санасы мен мінез-құлқына әсер ету процесі.
Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Достарыңызбен бөлісу: |