7.2 Дән маңызын жуу
Қамыр иленгенінен кейін, суланған арнайы құрылғымен 1,5-2 мм қалыңдықты
пластина қылып жаяды және 10 минутқа жатқызыла тұруға суы бар сиымдылыққа (1 дм3кем емес) салады.
Жатқызыла тұру аяқталғаннан кейін қамыр платинасын судан алып шығады,
біртекті қалыпқа түскенге дейін қолмен 2-3 рет қысып дөңгелектейді, содан кейін 5-6 бөліктерге қолмен үзіп бөледі және құрылғының (МОК-1, МОК-1М, МОК-2) төменгі декасының дөңгелек
ортаңғы бөлігіне алдын ала сумен ылғалданған жұмысшы камерасына салады.
Ақаулы (өздік қызған, кепкен, өскіндеген және т.б.), үгіттелмелі, дән маңызы
байланыспайтын бидай дәнінің дән маңызын анықтаған жағдайда жууды I вариант бойынша жүргізеді. Егер құрылғының тұтып алу елеуіштерінде дән маңызы өте көп қалса және процесс соңында жұмысшы камераны ашқан кезде дән маңызы үгітілген түрде (жгутқа қалыптаспаған) болуы байқалса, вариант жуу процесі кезінде бекітіледі.
Жуылған дән маңызын құрғақ алақандар арасында бір рет қысады және өлшейді.
Дән маңызын жуудың режимі мен көлемдері А қосымшасында берілген.
Құрылғыдағы жұмысты әзірлеуші-завод нұсқаулығына сәйкес жүргізеді.
Талданатын өлшендінің салмағы 30-35 г артық болған жағдайда 1 кезеңнің ұзақтығын 1 минутқа көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |