Глоссарий амк – ақуыз май концентраттары Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады


Тақырып 12, 13. Астықты қабылдаудағы техно-химиялық



бет7/30
Дата02.01.2022
өлшемі0.5 Mb.
#452236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Сапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірісінің техно-химиялық бақылау

Тақырып 12, 13. Астықты қабылдаудағы техно-химиялық

бақылау
Жоспар:

1. Астықты қабылдаудағы техно-химиялық бақылау

2. Астықты қоймаларға дұрыс орналастыру - технологиялық сапасы бойынша

3. Егер астықтың сапа көрсеткіштері базисті кондицияға сәйкес болса

4. Астық қорын қоймаларға орналастыру тәртібі

5. Азықтың астық партияларын сақтау барысындағы технологиялық, биохимиялық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы


1. Астықты қабылдаудағы техно-химиялық бақылау

Астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысы дәнді дақылдарды колхоз, совхоздан және басқа астық өндіруші мекемелерден қабылдап алғаннан бастап, әртүрлі тұтынушыларға өткізіп жібергенге дейін астықтың әрбір партиясының сапасын бағалау мен сан-сапа өзгерістерін есептеуге тығыз байланысты. Мемлекетке өткізілетін астықты қабылдау және оны сақтап баптау астық қабылдау кәсіпорындарына жүктелген. Олар бұрынғы одақ көлемінде орналасып, бір мемлекеттік дайындау жүйесіне бірлестірілген болатын. Кейінгі кезде бұл жүйе Қазақстан Республикасындағы астық қабылдау кәсіпорындарын біріктіретін концерн (не корпорация) деп аталатын ұйымға бірлестірілген. Осы жүйеге астықтан ұн, жарма және құрама жем алатын ірі-ірі өңдеу кәсіпорындары (іауыттары) да кіреді.

Әрине, астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті тек астықты қабылдауды ұйымдастырумен ғана тынбайды. Олар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, астық корын қысқа мерзім ішінде өңдеп дәнді ұзақ сақтауға, одан тұтынушылардың талабына сай өнімдер шығаруға жарайтын күйге келтіреді.

Мемлекетке колхоз-совхоздар сататын әр түрлі дақылдар дәні мен тұқымын астық қабылдау орындары егін орағы кезіндегі қысқа мерзімде шарт бойынша және сатып алу жоспарынан артық мөлшерде қабылдауға мәжбүр. Соған қарамастан кәсіпорын дән мен тұқым партиясын тоқтаусыз қабылдауға, оның сапасы мен салмағын анықтауға, астық тапсырушылармен мерзімінде және дұрыс есеп айырысуға, түскен дән партияларын жақсылап орналастыруға, оның мөлшері мен сапасын сақтау шараларын белгілеуге міндетті.

Сондықтан әрбір астық қабылдау кәсіпорнының жұмысын ұйымдастыруда өндірістік технологиялық лабораторияның (ӨТЛ) маңызы орасан зор. Лаборатория керекті жабдықтармен және жоғары дәрежелі инженер, техник мамандармен толық қамтамасыз етілуі керек.

ӨТЛ-дің ролі өндірістегі міндеттері республика көлемінде бекітілген арнаулы бірыңғай ережелермен шектелген. Аталған лабораторияда дән сапасы анықталады, кейін қалай өнделетіні мен қандай мақсатқа пайдаланылатыны ескеріле отырып, сапасы бойынша біркелкі партиялар қалыптастырылады, автомобиль транспортының тоқтап тұруына жол бермес үшін дән тиеп келген автомобильдер қабылдау орындарына бөлінеді, мемлекеттік үлгіге техникалық жағдайларға және жоғарыдағы ауылшаруашылық және де дайындау ұйымдарының нұсқауларына сәйкес дәннің жиналғаннан кейінгі өндеу технологиясы мен сақталуына бақылау жасалады.

Астық қабылдау кәсіпорынында осындай қауырт жұмысты табысты орындау үшін оны нақты ұйымдастырумен қатар кәсіпорынның нақты мүмкіндіктері негізінде жасалған дәнді қабылдап, қоймаларға орналастырудың жақсы ойластырылған жоспары да болуға тиіс. Бұл жоспар әр кәсіпорында дайындау жұмысы басталғанға дейін жасалып, оны директор мен жоғары ұйым бекітуі керек.


2. Астықты қоймаларға дұрыс орналастыру — технологиялық сапасы

бойынша

Астықты қоймаларға дұрыс орналастыру - технологиялық сапасы бойынша да, экономикалық көрсеткіштер бойынша да дәнді жаксы сақтаудың ең маңызды шарасы. Жоспардың жасалуы және оның орындалуы дәннің сақталуына кеселі тиетін қателіктерді болдырмауға астықты толассыз қабылдауға, көп күш жұмсамай-ақ ірі біркелкі партиялар қалыптастыруға, қойма сыйымдылықтарын пайдалану коэффициентін арттыруға, дәннің сапа және мөлшері жағынан ысырабын азайтуға мүмкіндік береді. Осының бәрі сақтау кезіндегі шығынды кемітіп, дәнді халық шаруашылығында орнымен пайдалануды қамтамасыз етеді.

Жоспар өткен жылғы дәнді қабылдау және орналастыру жөніндегі жұмыстарға талдау мэліметтері бойынша жасалады. Сондай-ақ, кәсіпорынның техникалық базасы, жоспар бойынша және одан да артық сатып алынатын дән мөлшері, дән мен әртүрлі дақылдар тұқымының сапасы, бұрынғы жылдардан қалған дән туралы деректер, өзге кәсіпорындардан әкелінетін дән жайындағы мәліметтер, оны кәсіпорыннан жөнелту мерзімі мен мөлшері ескеріледі.

Астық қабылдау кәсіпорынының дән қабылдау жөніндегі жұмысында оны сағаттық график бойынша жеткізу жөніндегі озық тәсілдің маңызы ерекше. Мұның мәні колхозға немесе совхозға бекітілген ирбір автомобиль немесе машиналар тобы дәнді астық қабылдау клсіпорынына нақты белгіленген уақытка әкеледі.

Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін ауылшаруашылығы, автотранспорт ұйымдары және астық қабылдау кәсіпорнының өкілдерінен диспетчерлік топ құрылылады. Жаңа өнім дәнін қабылдауды осылайша ұйымдастыру кәсіпорындардағы құралдарды пайдалану тиімділігін арттырып, астық жеткізу шығынын азайтады. Сонымен, дайындау жүйесіндегі мекемелердегі астық қабылдаудың екі түрі орын алған: 1. колхоз бен совхоздардан сатып алу; 2. басқа дайындау жүйелерінен келіп түсу.

Колхоз бен совхоздардан астық қабылдаудың сипаты маусымды, ол астықты орудан басталып, одан біраз уақыт өткен соң-ақ аяқталады. Ал басқа мекемелерде қабылдау жыл бойынша созыла беруі мүмкін.

Астықты тұтынушыларға жақындату, қоймаларды тиімді пайдалану, керекті технологиялық шараларды жүзеге асыру және сапасы біркелкі болатын ірі қор жасау үшін, оны қабылдап сақтайтын жүйелерде сөзсіз жылжытып тасымалдаумен байланысты.

Астық қабылдау кәсіпорнына келіп түсетін астық әрбір партиясының санын, салмағын, сапасын тексеріп, анықтап барып қабылдайды.

Сырттай қарап байқау және сынама шөкім алу арқылы түскен дәннің біркелкілігін және оны белгілі бір партияға жатқызу мүмкіндігін анықтайды.

Мемлекеттік дайындаудан өтетін астық үшін ылғалдылығы, ластығы шөп-шалам және түрлі қоспалардың мөлшері, дәннің зиянкестермен зақымдану, балаусалық белгілері және кейбір дақылдар үшін көлемдік салмағы бойынша базистік және шектілі кондициялар, басқа сөзбен айтқанда, сапа нормасы шегі бекітілген. Бұл кондициялар еліміздің ауа-райы әртүрлі болып келетін аймақтары, региондары үшін ылғалдылықпен көлемдік салмақ көрсеткіштері бойынша түрлі мөлшері болады.
3. Астықтың сапа көрсеткіштері базисті кондицияға сәйкес болуы

Егер астықтың сапа көрсеткіштері базисті кондицияға сәйкес болса не (шектелген) кондициялардан томен болмаса, ол кедергісіз қабылдауға тиісті. Дегенмен, бұл негізі ережеден ауытқушылық болуы да ықтимал. Ол үшін Министрлер Кабинетінің не баска жоғары ұйымның арнаулы шешімі, рұқсаты болады. Сондай шешім қабылданғанда ғана астық қабылдау кәсіпорындары дәнді және майлы дақылдардың шектелген кондициядан ылғалдығы мен ластығы бойынша ауытқуларымен қабылдайды. Бірақ, зиянды және дәннен қиын ажыратылып бөлінетін ұсақ қиыршық тастар, татар қарақұмығы, қара сұлы, мысық құйрық және т.б. арамшөптер мен бүлінген дәндер сықылды қоспалары бар партиялар еш қабылданбайды.

Ал қанша дегенмен, киын бөлінетін және зиянды шама мөлшері шектелген кондицияға мүлдем сәйкес келмейтін жағымсыз иісті, қара күйесі бар ащы жусанды тұқымдарды қабылдау үшін жоғарыдан ерекше рұксат болуы тиіс.

Базисті және шектелген кондицияларға көрсетілген сапа белгілерінен баска, қабылдау кәсіпорындары есепке алып, сатып алар бағасына үстеме қоятын күшті және қатты бидайдың үлпасы (желімдеме, не желім тәріздес зат, орысша клейковина деп аталады) саны мен сапасы сиякты да көрсеткіштері де болады.

Базистік және шектелген кондициялар талабына сәйкестігін анықтау және қабылданбақшы астық үшін өткізуші шаруашлықпен дұрыс есеп айыру мақсатымен әрбір келіп түскен партиядан арнаулы сынама шөкімдер алынып, оларды өзара қосып, сосын одан әрі лабораторияда талдау жасау үшін орта тәулікті сынама жасау, астық дайындау кезінде күшін жоймаған үлгіге (стандартқа) сәйкес катаң кадағалануы керек. Сол үлгіге сәйкес орта тәулікті сынама да жасалады. Осы талдаудың корытындысы бойынша қабылданған астық үшін қаржы төленеді.

Бидайдың күшті және қатты дейтін сорттарын қабылдауда шаруашылықтың егістігінде өткізілетін дәннің сапасын алдын ала анықтаудың маңызы зор. Мұндай бағалауды колхоз бен совхоздың және қабылдау кәсіпорнының өкілдері бірлесіп жасайды.

Келіп түскен астыққа қабылдау квитанциясы делінетін құжат дайындайды. Колхоз бен совхоздардан астық тауар-транспорт құжаты (накладная деп аталатын), ал сортты дән оның сорттылығын куәлендіретін, дәлелдейтін қосымша құжатпен жіберіледі. Мұндай жағдайда лаборатория міндетті түрде аталған құжаттардағы астықтың көрсеткіштерін қабылдау кәсіпорнына бүрын келіп түскен дән сапасын анықтау (апробация) актілеріндегі көрсеткіштермен салыстырады.

Астық қабылдау кәсіпорындары дайындау маусымы кезінде қалтқысыз тоқтаусыз жұмыс жасап, істі уақтылы тындырып отырады.

Әсіресе автомобиль транспортының тоқтаусыз істеуін қамтамасыз ету керек.

Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның астық қабылдау мекемелерінде дәнді қабылдау және жинаудан кейінгі өңдеу технологиясын жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды. Астықты колхоз, совхоз қырмандарынан астық қабылдау орындарына тәулік бойы толассыз жеткізудің бірегей кешенді ғылыми негізделген жүйесі жасалған, сағаттық график бойынша тасымалдау ұйымдастырылған, күшті және қатты бидай сапасына алдын-ала баға бере отырып, оны арнайы технологиялық карта бойынша орналастыру ұйымдастырылған.


4. Астық қорын қоймаларға орналастыру тәртібі


Астық қабылдау кәсіпорынында дәнді қабылдау, орналастыру және өңдеудің технологиялық картасы жасалады, оған дәнді орналастырудың бас жоспары мен тәуліктік операциялардың негізгі көлемі, сондай-ақ дәннің іс жүзіндегі орналастырылуы мен күйінің графикалық кескіні енеді. Мұның нәтижесінде автомобильдердің артылмай не түсірмей, еріксіз тоқтап қалуына жол берілмейді, автомобильге мұқтаждық 20-25%-ке кемиді, кәсіпорындардың астық қабылдау қабілеті артады.

Бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға темір жол, су не автомобиль транспорттарымен тасымалданып келіп түскен астық қабылданғанда оның түсіру уақыты бір жағынан сол темір жол, пороход шаруашылығы және автотранспорт мекемелері, екінші жағынан қабылдау кәсіпорны араларында болатын ерекше келісім бойынша анықталады. Транспорттың дер кезінде түсірілмегені үшін астық қабылдау кәсіпорынан айып пұл (штраф) алынады, ал бұған кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылады. Темір жол не су транспортымен келіп түскен астық партияларының сапасы жөнінде куәлік болуға тиіс. Сортты дән тұқымының куәлігімен жабдықталады. Қабылданған кезде барлық астықтың салмағы міндетті түрде өлшеніп, сапасы тексеріледі. Бұл көрсеткіштері арнаулы құжаттағы (накладнаядағы) салмақпен және куәліктегі сапа көрсеткіштерімен орналыстырылады. Егер қандай да болмасын ауытқулар орын алатын болса, онда қабылдау кәсіпорны акт түзіп, транспорт мекемелеріне арыз түсіріп, керекті талабын қояды.

Қоймаға қабылданған астықтың әрбір партиясын сақтау отырысындағы бақылауды аға шебер не өндірістік шебер секілді материалды жауапты кісілерге жүктелінеді.

Астықты, әрі сапасы әрі саны жағынан, ойдағыдай сақтауды қамтамасыз етудегі ең маңызды шаралардың бірі - әрбір мекеменің мүмкіндігіне қарай қоймаларға дұрыс орналастыру.

Тек орналастыру тәртібін бұзбай астықты тиімді сақтауға болады. Артық-аспай козғамай, өндеуді тиімді пайдалану, сапа мен сан шығындарын жоққа шығарады. Мұның барлығы астықты сақтаудағы жалпы шығынды азайтып, дәнді дақылдарды халық шаруашылығында ұтымды пайдалануға себеп тигізеді.

Астық корын қоймаларға орналастыру тәртібінің негізін қалайтын нәрселер мыналар: 1) астықтың әрбір партиясының сапа көрсеткіштері, осыған байланысты дәнді әртүрлі қажеттілікке пайдалану мүмкіндіктері; 2) астықтың әрбір партиясының әртүрлі жағдайда сақталуға төзімділігі. Осы тұрғыдан астықты мынадай белгілермен санаса отырып орналастырады.

Тип, подтип (қосымша тип - типтің ішіндегі кіші тип деуге болады) және сорт дәннің ботаникалық және шаруашылық белгілерінің жиынтығы, ара кідік ұндық, жармалық және нандық қасиеті күндылығымен сипаттайды. Сондықтан, әртүрлі типті, сортты дәнді дақылдарды өндейтін, ұн тартатын, жарма өндіретін мекемелерге, экспортқа және т.б. жақтарға арттырылғанша топ-топ, бөлек-бөлек бір-біріне араластырмай сақтайды.

Тұқымдыққа арналған дәнді сорты бойынша емес, тіпті бір сорттың ішінде репродукциясы, сорттың тазалық категориясы мен класы бойынша жеке-жеке сақтайды да оларды араластыруға тыйым салынады. Сортты дәнді сақтауға ең сапалы қоймаларды бөледі.

Астық жыйымында орын алатын физиологиялық процестердің үдей дамуына, өрбуіне жол бермеу үшін оның ылғалдылығы әртүрлі болып келетін партияларды баска белгілері біркелкі болып келген жағдайда, жеке-жеке сақтауды қамтамасыз ету керек.

Мәселен, құрғақ және орташа құрғақ (не құрғақтау деп атауға болады) дәнді бір бөлек, дымқыл және ылғал (ылғалдығы 22 %-ке дейінгі) дәнді бір бөлек орналастырады.

Егер қабылданып жаткан астықтың ылғалдығы 22 %-тен жоғары болып жатса, онда дән ылғалдықтарының айырмашылығы 6%-тен аспайтын партияларды бір топтастырып орналастырады. Тек күріш дәніне 3%-тік айырмашылық бекітілген.

Дымқыл және ылғал астық партияларын кептіргішке жақын қоймаларға орналастыруды көздеген жен.

Астық жиымында копалар мөлшері көбейген сайын оның сақтауға төзімділігі кеми түседі. Сондықтан қоспалардың құрамы мен сапасы еске алыну керек. Одан басқа, астық құрамында кейбір қоспалардың болуы, тазартудың арнаулы әдістерін керек етіп, дәннің пайдаланылу мүмкіндіктерін тарылтады. Сондықтан да, мәселен, зиянды не майда қиыршық секілді қоспалары бар астық партияларын бөлек, тазартқыш машиналары таяу маңдағы қоймаларға орналастырады.

Сонымен, қоспа бастапқы кезде мейлі ол тіпті құрғақ дән партиясында болсын, жоғары ылғалдылықпен ерекшеленеді. Олар екпінді, үдемелі тыныс алады, дәнге қарағанда теңге тез ұшырайды. Ластанған дәнді қоймаларға құйғанда бегде қоспалар өзі сұрыпталып, ылғалдығы жоғары ошақтар құрады, сөйтіп өздігінен қызудың тууына себепші болады. Оған қоса кейбір қоспалар астықты айырыкша тазалауды, яғни дәнді қоймаға салмас бұрын ағынмен тазалауды қажет етеді.

Айырықша тәсілмен тазартуды қажет ететін қоспалар бар дән партиясы бөлек орналастырылады.

Дымқыл және ылғалды астықты ірі, жоғары өнімді кептіргіштермен жабдықталған технологиялық жүйелері бар кәсіпорындарда, дәнді дақылдарды ылғалдығы мен бөгде қоспалар мөлшері бойынша бөлмей-ақ, басқа технологиялық құндылығымен сипатталатын партиялар жасайды.

Астықтың шыбын-шіркей, кенелер арқылы жұқпалы зарарға шалдығып бүлінген партияларын, өзгелерінің бұзылуының алдын алу үшін, бөлек қоймаларға орналастырады. Негізі мұндай астықка шеткерірек орналасқан, әрі дәнді тазартуға және әртүрлі таз қолданып зарарсыздандыруға ыңғайлы қоймаларды бөліп белгілеп кояды.

Қабылдау кезінде астық партияларының көрсеткіштері оның белгілі бір мақсатқа арналуын не келешектегі пайдалану сипатын анықтайды. Сондықтан осы факторды астықты қабылдап орналастыру кезінде есте устайды. Мәселен, келіп түскен дәнді таңдап, іріктеп, бірінші репродукциялы тұқымдарды әр уақытта тұқымдық материал ретінде қабылдап, орналастырып, одан әрі сортты тұқымдарды сақтаудың барлық ережесін, тәртібін бұлжытпай орындайды.


5. Азықтың астық партияларын сақтау барысындағы технологиялық, биохимиялық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы


Азықтың астық партияларын сақтау барысында да белгілі бір мақсатқа арналу принципімен санасу керек.

Кептіру салдарынан нандық және де басқа технологиялық, биохимиялық қасиеттері өзгеріске ұшырыған дәнді, дәл сондай сапа көрсеткіштермен сипатталған, бірақ кептірілмеген дәннен, мүмкіндігінше, бөлек сақтаған дұрыс. Мәселен, кептірілген бидайды кептірілмеген бидайдан ылғалдылықтары біршама болғанымен, бөлек орналастырған жөн. Себебі кептірілген бидайдың уызының саны не сапасы төмендеуі ықтимал. Мұндай жағдайлар кептіру тәртібі орындалмағанда орын алады.

Сыра өндіруге арналған өнгіштік, шығымдылық қабілеті жоғары арпа партияларын кептірілген партиялардан әр уақытта бөлек сақтайды.

Бұл белгілер тобына астықтың тек кейбір партияларына тән, көбіне дәннің пісіріп жетіліп ыңғайсыз, қолайсыз жағдайларына байланысты болып келтін ақаулары жатады. Мәселен, астық қабылдау кәсіпорындарына суықұртан, кене, қандала бүлдірген, еніп кеткен дәндері бар және т.б. сол сиякты партиялар келіп түсуі мүмкін. Мұндай партиялардың сапасы төмен, сақтауға төзімсіз және оларды тұтынушыларға өткізудің де белгілі қиындықтары бар. Сондықтан, бұл партияларды да бөлек орналастырып сақтайды.

Қоймадағы дән үймесінің биіктігі оның күй-жайына, дәннің қандай мақсатта қолданылатынына, сақтау ұзактығына, қойманың типі мен технологиялық күйіне, кәсіпорынның географиялық аймағы мен жыл мезгіліне байланысты.

Құрғақ /ылғалдылығы шекті мөлшерден төмен/, қоспалардан тазаланған, жинаудан кейін жатып піскен, азык және жемдік мақсатқа арналған дән үймесінің биіктігі қандай болсада бәрі-бір. Ылғалдылығы 17 %-тен жоғары дәннен оның температурасы мен жыл мезгіліне қарай 1,0-ден 2,5 м биіктікке дейінгі үймелер жасалады.

Жиналғаннан кейін жатып піспеген дән мен физиологиялық активтілігі жоғары дән сапасын төмендетіп алмас үшін оларды аласалап етіп үйеді. Дән ұзақ сақталмайтын жағдайда үйме биіктеу жасалады, тек тиісті режим туғызылуы қажет.

Салқындатылған және желдетуге арналған қондырғылары бар қоймалардағы дән үймелерін биік етіп жасауға болады. Жоғарыда қарастырылған жағдайларды корыта келіп мынадай тұжырым жасауға болады. Техникалық тұрғыдан біліктілікпен құрылған орналастыру жоспарын жасау астық қабылдау мекемелерінің жұмыстарының жемісті болуының бірден-бір негізгі шарты. Әсіресе, сапасы әртүрлі дәнді дақылдарды қабылдағанда дұрыс орналастырудың маңызы зор.

Бұл жоспарды өте жауапты шара ретінде кәсіпорынның барлық білікті мамандары қатыса отырып өткен жылдардағы астық қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру тәжірибесін, техникалық жабдыктардың күйін, келіп түсетін дәнді дақылдардың саны мен сапасы туралы тиісті ауылшаруашылық мекемелерінің мэліметтерін, астық қабылдау кәсіпорнына қарасты шаруашылықтардың мемлекетке астық тапсыру жоспарларын егжей-тегжейлі талдау негізінде жасайды. Бұл шаруашылықтардан жоғары тұрған мекемелердің жоспарларына сәйкес келіп түсетін және де қабылдау мекемесінен астық арттырып жөнелтудің көлемі мен мерзімі есепке алынады.
Бақылау сұрақтары

I. Астық қоспаларының құрамы мен сапасы қалай анықталады?

2. Дәнді дақылдың сортына, түріне байланысты астық жиымының қандай

қасиеттері өзгеріп отырады?

3. Қандай жағдайда лаборатория міндетті түрде тауар-транспорт

құжатарындағы (накладная) астықтың көрсеткіштерін қабылдау

кәсіпорнына бұрын келіп түскен дән сапасын анықтау (апробация)

актілеріндегі көрсеткіштермен салыстырады


Қолданылатын әдебиет

4.1.1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 48-56 бет.

4.1.2. Егіншілікте өнім сапасын арттыру. Н. Әлдеков. Алматы, «Қайнар», 1980 ж. 58 6.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет