Глоссарий амк – ақуыз май концентраттары Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады


Тақырып 14,15. Астықты сақтау барысындағы бақылау



бет8/30
Дата02.01.2022
өлшемі0.5 Mb.
#452236
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Сапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірісінің техно-химиялық бақылау

Тақырып 14,15. Астықты сақтау барысындағы бақылау
Жоспар:

1. Астықты сақтау барысындағы бақылау

2. Астық температурасы

З.Дәннің ылғалдығы

4.3ақымдану деңгейі

5.Дөннің иісі мен түр-түсі.

6.Тұқымдық дәнді сақтау

1. Астықты сақтау барысындағы бақылау

Қабылдау кәсіпорындарының соңғы жылдардағы техникалық қарулануының өсуі астықты тапсырып, қабылдаудаң технологиялық және экономикалық тиімді жүйелеріи енгізуге мүмкіндік тудырады. Астықты орақтан соңғы өңдеудің және одан кейінгі жұмыстардың мынадай бір кең гвраған желісін оқырман назарына үсынуға болар еді. (1-ші сурет). Астықты дер кезінде өндеудің нәтижесінде кейбір партиялардың місіпорын төңірегінде яғни ішінде жылжытып, қозғап тасымалдауды пмйіады, дәннің сақтауға тезімділігін арттырады, қоймаларды тиімді пййдапану мүмкіндігі туады.

Астықты қабылдау кезінде өндеу дәннің шығымын күрт қысқартады. Бұл кездегі шығын астық жиымын сақтау барысында орын алатын физиологиялық қүбылыстарының өрбуіне байланысты.

Астықты толассыз өңдеуді іске асыру үшін бір-бірімен бір жүйелілікпен жинаушы шанақтармен және көтергіш транспорт механизмдер арқылы байланыстырылған машина кешендерінен түратын технологиялық желілер жасалынады. Астықты қабылдау және өвдеу желілері жалпы мынадай операцияларды, шараларды қамтиды: сынама шөкім алып, келіп түсіп жатқан астықтың сапасын анықтау; автомобиль таразыларында астықтың салмағын өлшеу; астықты түсіру; дәннің технологиялық қүндылығы және сапа көрсеткіштері бойынша партиялар жасау; астықты дөрекі қоспалардан және жарамсыз қалдықтардан бірінші кезск тазарту; кептіру, астықты құрғак, күйінде қүнды дәнді қалдықтарын, қоспаларын бөле, айыра отырып екінші кезек тазарту; қалған астықты таразыға тарту жөне қоймаға салып орналастыру.

Сақтауға салар алдында астықтың дәл салмағын, санын дегендей-ақ білу мақсатымен, өндеуден өткен соң міндетті түрде таразыға тартып еткізу керек.

Әрбір технологиялық желі белгілі бір өнімділікпен сипатталады, бірақ қабылдау орнына нақтылы келіп түсетін астықтың мөлшері тәуліктің әр сағаты сайын орта өнімділіктен ауытқып отырады. Сондықтан, желілерді біркелкі тиеп отыру үшін оларды жинаушы шанақтармен жабдықтайды. Аталған шанақтар тәуліктің үдемелі, қарбалас кезеңіндегі желінің өнімділігінен асып келіп түсіп жатқан астықтың барлығын дерлік қабылдап, кейінірек астық түсу біраз саябырлаған уақытта тиісті желіге керегінше жіберіп отыруға көмегін тигізеді.

Одан басқа жинаушы шанақтар кейінірек талассыз өндеуге жіберілетін майда партиялар жасауға да мүмкіндік береді. Жинаушы шанактарда қолданғанда астықты тиісті технологиялық желіге жібергенге дейін уақытша дұрыс сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен оларды астықты желдетуге арналған қондырғылармен жабдықтайды.

Технологиялық желі дегеніміз тұрақты не уақытша, жанжақты (универсалды) не арнаулы болып, элеваторлар және қабылдау тазарту, кептіру-тазарту мүнараларының негізінде құрылады. Астықты қабылдау және өндеу үшін элеваторлар негізінде құрылған технологиялық желілер икемді, бейімді болады және істелінетін барлық жұмыс толық механикаландырылған. Бұл экономикалық жағынан тиімді де жоғары өнімді желілер қатарына жатады. Элеваторларда салынып жаткан технологиялық желілер диспетчерлік және де механизм мен машиналарды арақашыкта автоматикалық баскаруды қамтамасыз етуі тиіс.

Астықты бүкіл сақтау мерзімі барысында жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру керек. Астық сақтау барысында оның бастапқы сапасына байланысты түрлі физиологиялық және биохимиялық күбылыстардың орын алатыны туралы жоғарыда айтылды. Ойдағыдай бақылау болмай, дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған жағдайда астықтың сапасы төмендеп, шығыны көбейе түседі.

Сақталып жатқан астық қорын ойдағыдай ұйымдастырылған бақылаудың және сол бақылаудың күнделікті нәтижесін шебер дұрыс талдаудың арқасында барлық ыңғайсыз, қолайсыз құбылыстардың алдын алып, астықты сақтауға, өңдеуге мейлінше аз қаражат жұмсалып, шығынсыз тұтынушыларға босатуды қамтамасыз етеді. Астықтың әрбір партиясы бақылауға алынуға тиісті. Осы жағдайды және де қабылдау мекемелеріне сапасы әртүрлі, бірнешеге жететін астық партияларының келіп түсетінін ескере отырып, бақылауды қарапайым ыңғайлы тәсілдермен жүзеге асыру керек.

Жүйелі бақылау барысында астық қорының күйін қалтқысыз, қатесіз анықтау үшін мына төмендегідей көрсеткіштерді білу керек. Олар астықтың температурасы, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері, зиянкестердің тигізетін залалы, балаусалық көрсеткіштері (түр-түсі және иісі). Тұқымдық дәннің партияларында қосымша өну энергиясы мен өнгіштігі анықталады.


2. Астық температурасы

Астық температурасы - дәннің күйін сипаттайтын өте маңызды көрсеткіш. Астықтың барлық қабаттарында температура төмен мөлшерде болса, онда дәннің күйі дұрыс болады, ол астықтың консервіленгендігінің белгісі, куәсі. Астық кабаттарында температураның біркелкі болмауы қоршаған ортаның (сыртқы ауа, қойманың кабырғалары және т.б.) әсерінен болады. Сондықтан температураны астық жиымының әртүрлі қабаттарында анықтап тұру қажет. Астық температурасының жоғарылауы қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне сәйкес болмаса, онда ол физиологиялық процестердің өрбігенінің және дәннің өздігінен кызуының басталғанының куәсі. Сондықтан, астықты бақылаумен қатар сыртқы ауамен және қоймадағы ауаның температурасын да есепке алып отыру қажет, қоймадағы ауаның температурасын кәдімгі спирт не сынап термометрлерін пайдаланып анықтайды. Қоймадан тыс сыртқы ауаның температурасын анықтау мақсатымен осындай термометрлер күн сәулесінен калткылау жерлерге, тасалау орындарға іліп қояды. Астық жиымының температурасын анықтау үшін әртүрлі құрылғы пайдаланылады. Мәселен, қоймада сақталып жатқан партиялар үшін ТМШ-11 деген құбырлы штангелі ұзындығы 1,6 - 3,2 метрлік, диаметрі 20 мм-лік термосүңгі қолданады. Кейде оған ПИП-2 деген тасымал өлшеу аспабын қоса пайдаланады.

Қоймаларда металдан не пластмассадан жасалған ұштығында кәдімгі сынап не спирт термометрі орналастырылған термоштангілер пайдаланылады.

Элеватордың қораптарында сақталып жатқан астықтың температурасын термоасылғыларды қораптың ішіне жоғарыдан темен қарай салбыратып орналастыру жолымен бақылайды. Термоасылғы дегеніміз ұзына бойына алты кедергі термометрлері орнатылтан кабель-арқан. Термометрдің өлшегіш сымдары термоасылғының бас жағында шығарылып бекітілген. Температура өлшеу +50°С-тан -50°С-қа дейінгі мөлшерде ДКТЭ-4, ДКТЭ-4М, ДКТЭ-5, МАРС-1500, М-5 сияқты орталық пультте жазылып отырады.

Қоймада сақталып жатқан астықтың температурасын бақылау ыңғайлы болу үшін, үйіндінің бетін шартты түрде ауаны 100 шаршы метр секцияларға бөліп кояды. Әрбір секция кемінде үш термоштангімен қамтамасыз етіледі. Оларды әртүрлі терендікте орналастырып, сосын үйіндінің әртүрлі қабаттарына жылжытып қозғалтып отырады.

Әсіресе, қойманың еденінен 30-50 см қашыкдықта және үйіндінің бетінен 30-75 см орналаскан астық қабаттарының температурасын мұқият бақылап отыру керек. Себебі, көбінесе дәл осы кдбаттарда жоғарғы жөне төменгі қабаттарында ездігінен қызу қызыну орын алады.

Осы себептен қойма қабырғаларын бойлай орналасқан астық қабаттарына, әсіресе оңтүстік жағындағы кабырғаға баса көңіл аударылады.

Астықты электр қондырғысымен жабдықталған элеваторларда сақтағанда, термоштангілерді 4-5 м тереңдікке ғана кіргізіп орналастыру мүмкін.

Бұл жағдайда астықтың одан кейінгі төмен жатқан қабаттарының температурасын бақылау мүмкін емес. Сондыктан, элеватор қораптарына сақтауға төзімсіз астықты салуды шектеп, тіпті салмауға тырысу керек.


3. Дәннің ылғалдығы.

Ылғалдық астықтың сақтау барысындағы күйін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі болып табылады. Біркелкілігін білу мақсатымен дәннің ылғалдығын қат-қабаттар бойынша анықтайды.

Сақтау барысында байқалған астықтың ылғалдығының қат-қабат бойынша өзгеруі, ылғалдың бір қабаттан екінші қабатқа өтуі сорбция және десороция процестерінің орың алуынын салдары.

Мұндай жағдайда астықтың құрамында жоғары ылғалды қабаттардың пайда болу қаупі туады. Сондықтан сақталып жатқан астықтың ылғалдығы қат-қабат бойынша өзгеруіне жол бермей, егер ондай құбылыс орын ала қалған жағдайда шұғыл шара қолданын, оны жою керек.

Астық қоспаларының саны мен құрамының өзгеруі оны сақтау барысындағы күйін сипаттайтын жанама көрсеткіш, жанама фактор болып табылады.

Әсіресе, бұл көрсеткіш арам шөп қоспаларының бүлінген дәндер фракциясына және дәндік қоспаларға жатқызылатын жартылай желініп қалған және қарайған дәндерге тән. Көгерген, желініп калған, қарайған не бүлінген (бұзылған) дәндердің процент мөлшерінің көбеюі астық сақтау барысы жалпы ойдағыдай еместігін мәлімдейді. Негізі мұндай дәндер санының көбеюі шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кенелер сияқты зиянкестердің өніп-өсуінің не дәннің өздігінен қызуының басталып келе жатқандығының салдарынан, сондықтан, астықтың ластығын анықтап талдау кезінде жоғарыда атап көрсетілген қоспалар фракцияларының молшеріне баса назар аудару керек.


4. Зақымдану деңгейі.

Астық қорының сақталу барысында әр-түрлі зиянкестерден зақымданып жұқпалы дертке шалдығуы мүмкін болғандықтан, бұл көрсеткіш бойынша да мұқият бақылау өте-мөте қажет-ақ. Бақылау кене, құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерді өркендетпей, оларды таратпай, тіпті толық құртып жіберуге мүмкіндік тудырады. Қоймада сақталып жатқан астықтың зақымдану деңгейін әр қабаттарынан (жоғарғы, ортадағы және теменгі) алынған сынамаларды бөлек-бөлек зерттеп талдау арқылы тексеріп отырады. Астықты элеваторларда сақтау барысында үйіндінің тек жоғарғы қабатын зерттеумен шектеледі.

5. Дәннің иісі мен түр-түсі.

Астықтың балауса белгілері оның иісі мен түр-түсі. Егер осы көрсеткіштер өзгере бастаса онда астық қорында ыңғайсыз, қолайсыз құбылыстардың өрби бастағаны деп түсіну керек.

Мәселен, спирт иісіндей иістің пайда болуы; астықтың үдемелі оттекті тыныс алу, ал зеңнің сасық, шірік иісінің шығуы шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа және т.б. микроортанизмдердің өсіп-өрбіп келе жатқандығының куәсі.

Астық қорын сақтау барысында жоғарыда аталған көрсеткіштердің барлығын дерлік міндетті түрде анықтау керек. Одан басқа оқтын-оқтын астықтың кышқылдығын анықтап қою өте-мөте орынды.

Қышқылдыктың өсуі астық өзінің және ондағы құрамындағы микроортанизмдердің тіршілігінің нәтижесінде дәннің ортаникалық заттарының ыдырап-бүлінуі процестерінің жүре бастағандығының салдары.

Сортты, тұқымдық дәнді дақылдар партияларының күйін бақылау барысында міндетті түрде олардың ену энергиясы мен өнгіштігін тексеріп тексеріп отырады.

Астықтың кейбір көрсеткіштерін тексеру мерзімі біраз жағдайларға байланысты. Олардың ең маңыздылары астық жиымының күйі, оның бастапқы сапасы, сақтауға төзімділігі, беріктігі, сақтау шарттары (жыл мезгілі, ауа райының ерекшеліктері, қойманың түрі, типі, үйіндінің биіктігі және т.б.). астықтың физиологиялық екпінділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның теммературасын кестеде көрсетілгендей тексеріп отырады.

Астық ылғалдығы мен температурасына байланысты басқа көрсеткіштеріи бақылау бекітілген. Астықтың әрбір партиясының бақылау нәтижелерін хронологиялық тәртіппен бақылау кітабына жазып отырады. Мұндай тәртіп астықтың күйін дер кезінде талдап түруға, мекемеде астық сақтауды ұйымдастыруды дұрыстап және салқындату, зарарландыру, кептіру, тазарту сияқты керекті технологиялық шараларды уақтылы қолдануға көмек жасайды.

6. Тұқымдық дәнді сақтау.

Астық қабылдау кәсіпорынының басты міндеті тұқымды сақтап, өнгіштігі мен өну энергиясын жақсарту. Сақтау кезінде тұқым өнгіштігінің негізгі кему себептері төменде келтірілген.

Ылғалдылығы жоғары дән интенсивті тыныс алған кезде дән араларындағы кеңістікте көмірқышкыл таз жиналады да, дән клеткалары анаэробты тыныс алудан пайда болатын өнім - этил спиртінің әсерінен өледі. Құрғақ дөн өлсіз тыныс алады. Оның өнгіштігі тіпті қалың қабат етіп салынғанда да сақталады.

Тұқым өнгіштігін төмендететін ең басты фактор - микроортанизмдер, кенелер мен жәндіктердің дамуы. Қызу да дән өнгіштігін нашарлатады. Ылғалдылығы шекті мөлшерден жоғары тұқымды салқындату оның өнгіштігіне зиян тигізеді. Ылғалдылығы жоғары болған сайын түкым да суыққа сезімтал келеді.

Жинаудан кейінгі ендеу түрлері мен тәсілдері де тұқым өнгіштігін төмендетуі мүмкін. Өнгіштік жарақат алу, кептіру кезінде күйіп қалу, тұқымды дезинфекциялау салдарынан да кемиді. Сақтау мерзімі ұзарған санын тұқым өнгіштігі де кеми береді.

Тұқым өнгіштігі мен өну энергиясына әсер ететін себептерге жасалған талдау, сақтаудың негізгі тәртібі тұқымды құрғақ таза және салқын күйде ұстау екенін көрсетеді. Сақтау мерзіміне байланысты тұқым ылғалдылығы әр түрлі болуға тиіс. Ылғалдылығы шекті мөлшерден екі процент төмен болған. жағдайда ғана тұқымды ұзақ сақтауға болады. Ылғалдылығы шекті мөлшерден бір процент темен дән аз сақталады. Тұқымды 5-10 градустан төмен температураға дейін ғана салқындатуға болады. Тұқымныңк дәнді ойдағыдай сақтау үшін оны үнемі және мұқият бақылап отыру қажет.

Бақылау сұрақтары

1. Астықтың закымдану деңгейі деп оның қандай жағдайын атайды?

2. Балауса астықтың иісі мен түр-түсі қандай болады?

3. Тұқымдық дәнді сақтау қандай жағдайда жүреді?

4. Тұқымдық дәнді қабылдап және сақтаудың қандай ерекшеліктері бар?

Қолданылатын әдебиет

4.1.1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 60-65 бет.

4.1.3. Технология муки, крупы и комбикормов. О.Н. Чеботарев, А.Ю. Шаззо, Я.Ф. Мартыненко. - Москва: ИКЦ «МарТ», Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 2004.-55-56 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет