Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметер беріліпғ іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағыдларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет. Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, схемалар мен суреттерді, машина бөліктерін, т.б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады. Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жатығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс. Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехикалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |