Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы: 1)физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон заңдары) түсіндіріледі; 3)физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалыптастырылады; 4)оқу материалдары қайталанып, бекітіледі; 5)оқушылардың алған білімі, іскерліктері, дағдылары тексеріледі. Түсіндіру – бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі. Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін мынадай оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады: 1)физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде; 2)денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде; 4)физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологялық процестердің мәнін оқытп үйренген кезде. Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады, мұғалім оқушыға өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады. Дәріс - әңгімелеумен және түсіндірмен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Дәріс әдісін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойытұрақты зейін қюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, дәріс барысында негізгі идеяларды, қортындыларды, заңдардың тұжырымдамаларын, формулаларды жазып отыру іскерлігін талап етеді. Көрнекілік әдіспен оқу материалын түсіндіргенде мұғалім көрнекі және техникалық құрадарды қолдану арқылы физикалық құбылыстарды, процестерді, денелерді, заттарды көрсетеді, демонстарциялайды, иллюстрациялайды, қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің сөзі қосымша роль атқарады, ал оқушылардың алатын білім көзі көрнекті құралдар болып табылады. Мұнда мұғалімнің оқыту қызметі – көрсету мен демонстарциялау, сабақтағы оқуышлардың оқу қызметі – бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қортынды жасау, білім қорын байыту. Көрнекілік әдістердің түрлеріне демонстарциялық эксперимент, схема-плакат, сызу-сурет, кино-диафильмдерді және т.б. жатқызуға болады. Педагог Я.А.Коменский көрнекілік әдісті мұғалім үшін «алтын ереже» санаған. Себебі, оның нәтижесінде оқу материалын оқушылардың нәтижелі қабылдауларына мол мүмкіндік туады. Мысалы, көруге болатынды көреді, және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |