Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық-материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А);
физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді материалистік ойлауға дағдыландырамыз (Б);
физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсіндіреміз.