Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы. Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері.
Ілеспелі экскурсия.
Қортынды экскурсия.
Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар.
10-тақырып. Физика есептерін шығару.
Дәріс мақсаты: Есептердің классификациясын көрсеті, оларды шығару әдістемесін меңгерту.
Жоспар:
Есептердің классификациясы. Оқушыларға физикалық есептерді шығаруға үйрету. Физикалық есептерді шығару технологиясы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады: -мәселелік жағдайлар туғызғанда; -практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда; -оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде; -техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде; -оқушылардың ығармашылық қабілеттерін жетілдіруде және т.б. Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |