Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады. Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады:
Физикалық құбылыс жайында:
1.Құбылыстың белгілрі, оның анықтамасы.
2.Оның өту мен байқалу шарттары.
3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу.
4.Оның басқа құбылыстармен байланысы.
5.Құбылыстың практикада ескерілуі.
Физикалық шама жайында:
Достарыңызбен бөлісу: |