Тақырып 1.5. Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерінің ерекшеліктерін атап көрсет
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
-
Білім, іскерлік, дағды
-
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері
-
Мұғалім тұлғасы- үлгі, өнеге
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рольдерді меңгеруге дайындайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты
-
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері
-
Мұғалім мамандығын шығармашылық тұсынан зерттеу
Негізгі әдебиеттер:
-
Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.
-
Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
-
Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
-
Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Тақырып 1.6. Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің міндеттері мен құқықтары
Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың негізгі құқықтары мен міндеттері жайлы мығлұматтар беру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
-
Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары
-
Педагог қызметкердiң құқықтары
-
Педагог қызметкердің міндеттері
Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабында педагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: «Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды».
Ал, осы заңының 51 бабында педагог қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы баяндалған:
1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi бар адамдар педагогтiк қызметпен айналысуға жiберiледi.
2. Педагог қызметкердiң құқықтары:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшiн педагогтiк стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) бiлiм беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкердің міндеттері:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;
3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлерiне тартуға жол берiлмейдi.
-
Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары жайлы не білесің?
-
Педагог қызметкердiң құқықтарына сипаттама бер.
-
Педагог қызметкердің міндеттері қандай?
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
4. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:
5. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.
6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.
7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
8. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
Тақырып 1.7. Педагогикалық іс әрекеттің мәні
Дәріс мақсаты: Педагогикалық іс әрекеттің мәнінің, мазмұнын түсіндіру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
-
Педагогикалық іс әрекеттің мәні
-
Іс әрекет категориясының түсініктері
-
Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері
Педагогикалық іс-әрекет ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-әрекет – адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы. Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи және әлеуемттік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде түсіндіруге болады.
Сызба 1. Іс-әрекет категориясының түсініктері
Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық іс-әрекет –адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық сипатқа ие болады.
Педагогикалық іс-әрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс-әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:
Сызба 2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері
Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы ролін атқарады (А.Н. Леонтьев). Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты іс-әрекеттің мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесін анықтайды, олар тікелей мақсатқа тәуелді.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі –педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні – мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А.Н.Леонтьев).
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
• Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
• Жоғары білім беру;
• Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н.В.Кузьмина бойынша):
1-деңгей – продуктивті емес – педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;
4-деңгей – продуктивті – жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;
5-деңгей – жоғары продуктивті – педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Бақылау сұрақтары:
-
Педагогикалық іс әрекеттің мағынасын ашып көрсет
-
Іс-әрекет категориясының түсініктері
-
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері
Негізгі әдебиеттер:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.
2. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
3. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
Қосымша әдебиеттер:
4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие.- Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 1997.- 480с.
5. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.: Беларуская наука, 1998.- 319с.
6. Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.
7. Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с.
8. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989
Тақырып 1.8. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Дәріс мақсаты: Іс-ірекеттің құрылымы мен түрлерін анықтап көрсету
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
-
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
-
Конструктивті іс-әрекет
-
Коммуникативті іс-әрекеті
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.
Сызба 3. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты
іс-әрекеттерден құралады.
Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жомпарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.
Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыр түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекілік құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструкитивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттеріннақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білі алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйклі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-налармен тиімді қарым-қатынас орнатаалуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын меңгеру маңызды болып табылады.
Бұл аталған педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдары өзара байланыстылықта, тұтастықта, бір жүйеде жүзеге асады. Оларды жеке-жеке алып қарағанмен, олар өзара тығыз байланыстылықта жүзеге асатын іс-әрекеттер.
Бақылау сұрақтары:
-
Конструктивті іс-әрекеті сипатта
-
Ұйымдастырушылық іс-әрекеті сипатта
-
Коммуникативті іс-әрекеті сипатта
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
4. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:
5. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.
6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.
7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
8. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
Тақырып 1.9. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері және атқаратын қызметтері
Дәріс мақсаты: Педагогикалық іс әрекеттің түрлерін және атқаратын қызметтерін сипаттап беру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
-
Педагогикалық іс-әрекет түрлері
-
Тәрбиелеу іс-әрекеті
-
Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуемттік маңызды іс-әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі 4-сызбада педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көрсетілген.
Сызба 4. Педагогикалық іс-әрекет түрлері
Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.
Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғаныдықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметерін келесі 5-сызбадан көруге болады.
Сызба 5. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері
Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.
Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзег асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндетерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушлармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттарды жинақта, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық прцеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.
Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.
Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әректін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
-
Сызбадағы педагогикалық іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама бер
-
Тәрбиелеу іс-әрекетін сипатта
-
Оқыту іс-әрекетін сипатта
Негізгі әдебиеттер:
1. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:
4. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
5. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
6. Станкин Н.И. Профессиональные способности педагога: Ахмеология воспитания и обучения.- М.: Мосвовский психолого-социальный институт; Флинта, 1998.- 368с.
7. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
Достарыңызбен бөлісу: |