Государственный флаг республики казахстан



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі181 Kb.
#24321
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Жалпы техникалық шарттар

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Общие технические условия

ҚР СТ 988-2007

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің

Техникалық реттеу жəне метрология комитеті

(Мемстандарт)

Астана
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Жалпы техникалық шарттар

ҚР СТ 988-2007

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің

Техникалық реттеу жəне метрология комитеті

(Мемстандарт)

Астана

ҚР СТ 988-2007

II

Алғысөз



1 «Қазақстан стандарттау жəне сертификаттау институты» республикалық

мемлекеттік кəсіпорны («ҚазСтИн»), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының

авторы, Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркəсібі кəсіпорындарының қоғамдастығы,

«Сымбат» Сəн Академиясы» ЖАҚ, «ДƏУІP» Республикалық полиграфиялық баспа

кешені, «БАЛАЛАЛАР ƏДЕБИЕТІ» баспасы, «Алматықалабезендіру» АҚ, «Абузяров»

ЖК ƏЗІРЛЕП ЕНГІЗДІ



2 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің Техникалық

реттеу жəне метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 19 қазандағы № 578 бұй-

рығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

3 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2012 жылы

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл

4 Осы стандартта

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» 4.06.2007 ж.

№258- III ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының,

«Лицензиялау туралы» 11.01.2007 ж. № 214 - III ҚРЗ Қазақстан Республикасы

Заңының,

«Техникалық реттеу туралы» 09.11.2004 жылғы № 603-II ҚРЗ Қазақстан

Республикасы Заңының нормалары жүзеге асырылды

5 ҚР СТ 988-96 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық

шарттар» ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ



Осы стандарттың өзгертулері туралы ақпарат жыл сайын басылып

шығарылатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» ақпараттық

сілтемесінде, ал өзгертулер мен түзетулер мəтіні — ай сайын басылып шағарылатын

«Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» ақпараттық сілтемелерінде

жарияланады. Осы стандартты қайта қараған (өзгерткен, ауыстырған) немесе

жойған жағдайда тиісті ақпарат «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар»

ақпараттық сілтемелерінде жарияланады.

Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің

Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде

толықтай немесе бөлшектеп басылып шығарыла, көбейтіле жəне таратыла алмайды

ҚР СТ 988-2007

III

Мазмұны

1 Қолданылу саласы 1

2 Нормативтік сілтемелер 1

3 Жалпы техникалық талаптар 2

3.2 Мемлекеттік Тудың негізгі көрсеткіштері жəне сипаттамалар 2

3.3 Шикізатқа жəне материалдарға қойылатын талаптар 5

3.4 Таңбалау 6

3.5 Буып-түю 6

4 Қабылдау ережелері 7

5 Бақылау əдістері 7

6 Тасымалдау жəне сақтау 7

7 Дайындаушы кепілдіктері 7

А қосымшасы (міндетті). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

элементтерінің сұлбалық бейнесі мен əріптік белгілері

9

Б қосымшасы (міндетті). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Туындағы қалықтап ұшқан қыран элементтерінің сұлбалық бейнесі мен

негізгі өлшемдері

11

В қосымшасы (міндетті). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Туының ұлттық өрнегінің сұлбалық бейнесі мен өлшемдері

Г қосымшасы (міндетті). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Туының сабындағы ұштықтың сұлбалық бейнесі мен өлшемдері

12

13

Қосымша (анықтамалық). Библиография 14

ҚР СТ 988-2007

IV

ҚР СТ 988 -2007

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Жалпы техникалық шарттар

Енгізілген күні 2008.04.01.

1 Қолданылу саласы

Осы стандарт:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына таралады (бұдан əрі –

Мемлекеттік Ту, ту) жəне оның дайындалуына жалпы техникалық шарттарды

белгілейді;

- Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасы элементтерінің бейнесі түсірілген

материалдық объектіге таралады.

Мемлекеттік Туды қолдану, оның бейнесін немесе оның символикасының

элементтерін материалдық объектілерде орналастыру [1] тармаққа сəйкес жүзеге

асырылады. Мемлекеттік Туды жəне оның бейнесі түсірілген материалдық объектілерді

немесе оның символикасының элементтерін дайындау [2] сəйкес жүзеге асырылады.

Стандарт ережелері Мемлекеттік Туды жəне оның бейнесі түсірілген материалдық

объектілерді немесе оның символикасының элементтерін лицензиялау, дайындау жəне

қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды жəне жеке тұлғаларға арналған.

Осы стандарттың талаптарын орындау Қазақстан Республикасының ұлттық

қауіпсіздігінің мүддесін қорғауды қамтамасын етеді.

2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта мына стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

ҚР СТ 4.3-2002 Өнімді əзірлеу жəне өндіріске қою жүйесі. Жеңіл өнеркəсіптің өнімі.

Негізгі ережелер.

ГОСТ ИСО 105-D01 Тоқыма материалдар. D01 бөлік. Химиялық тазалау əсеріне

бояудың тұрақтылығын анықтау əдісі.

ГОСТ ИСО 105-E02 Тоқыма материалдар. Бояудың тұрақтылығын анықтау.

Е02 бөлік. Теңіз суының əсеріне бояудың тұрақтылығын анықтау əдісі.

ГОСТ 3811 Тоқыма материалдар. Маталар, тоқылмаған мата жəне дара бұйымдар.

Сызықтық өлшемдерін, сызықтық жəне беттік тығыздығын анықтау əдістері.

ГОСТ 3813 Тоқыма материалдар. Маталар мен дара бұйымдар. Созылу кезінде

жыртылу сипаттамаларын анықтау əдістері.

ГОСТ 6309-93 Мақта жəне синтетикалық тігін жіптері. Техникалық шарттар.

ГОСТ 7000-80 Тоқыма материалдар. Буып-түю, таңбалау, тасымалдау жəне сақтау.

Техникалық шарттар.

ГОСТ 9733.0-83 Тоқыма материалдар. Физика-химиялық əсерлерге бояудың

тұрақтылығын сынау əдістеріне қойылатын жалпы талаптар.

ГОСТ 9733.1 Тоқыма материалдар. Жарыққа бояудың тұрақтылығын сынау əдістері.

Ресми басылым

ҚР СТ 988-2007

2

ГОСТ 9733.2 Тоқыма материалдар. Ауа-райы əсеріне бояудың тұрақтылығын сынау

əдістері.

ГОСТ 9733.3 Тоқыма материалдар. Жасанды жарықтандыру жағдайларында жарыққа

бояудың тұрақтылығын сынау əдістері.

ГОСТ 9733.4 Тоқыма материалдар. Жууға бояудың тұрақтылығын сынау əдістері.

ГОСТ 9733.13 Тоқыма материалдар. Органикалық еріткіштерге бояудың

тұрақтылығын сынау əдістері.

ГОСТ 9733.27 Тоқыма материалдар. Үйкелуге бояудың тұрақтылығын сынау əдістері.

ГОСТ 10581-91 Тігін бұйымдары. Таңбалау, буып-түю, тасымалдау жəне сақтау.

ГОСТ 10681-75 Тоқыма материалдар. Кондиционирлеуге жəне сынамаларды сынауға

арналған климаттық шарттар жəне оларды анықтау əдістері.

ГОСТ 12807 Тігін бұйымдары. Инешаншымды, тігімді жəне тігістерді жіктеу.

ГОСТ 16958-71 Тоқыма бұйымдар. Бұйымдарды күтуге арналған нышандар.

ГОСТ 18976 Тоқыма маталар. Үйкелуге тұрақтылықты анықтау əдісі.

ГОСТ 20566 Тоқыма маталар мен дара бұйымдар. Қабылдау ережелері жəне

сынамаларды іріктеу əдісі.

ГОСТ 22665 Таза жібектен жасалған тігін жіптері. Техникалық шарттар.

ГОСТ 23627 – 89 Тоқыма-галантереялық тоқылған, өрілген, иірілген, тоқылған,

метражды жəне дара бұйымдар. Бояу тұрақтылығының нормасы жəне оны анықтау əдісі.

Е с к е р т п е - Осы стандартты пайдалану кезінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарына

құрастырылған «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» сілтемесі бойынша жəне ағымдағы

жылда жарияланған тиісті ақпараттық сілтемелер бойынша сілтемелік стандарттардың қолданысын

тексерген жөн. Күні көрсетілген сілтемелер үшін стандарттың осы басылымы, күні

көрсетілмегендер үшін - соңғы басылымы қолданылады. Егер стандарт ауыстырылмай жойылса,

онда оған сілтеме берілген ереже бұл сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.

3 Жалпы техникалық шарттар

3.1 Мемлекеттік Ту осы стандарттың, ҚР СТ 4.3 бойынша эталон-үлгінің,

белгіленген тəртіпте бекітілген техникалық сипаттаманың жəне технологиялық

тəртіптің талаптарына сəйкес дайындалуы керек.

3.1.1 Техникалық сипаттамада қолданылатын матаның түрін, олардың үйкелуге

тұрақтылығының жəне жыртылуға төзімділігінің нормаларын, тудың дайындалу жəне

кесіктерін өңдеу əдісін (əдістерін), инешаншым санын, жіптердің түрлері мен

нөмірлерін, əрлеу түрлерін (болса), тігім аяғын бекіту тəсілдерін, пайдалану

шарттарын, (ашық ауада, үй-жай ішінде), 3.2.5 сəйкес дайын ту бояуы

тұрақтылығының тобын, климаттық аумағына байланысты пайдалану жөніндегі

ұсыныстарды көрсетеді.

3.1.2 Мүдделі тұлғалардың тапсырысы бойынша Мемлекеттік Туды дайындау

кезінде олармен қолданылатын материалдардың түрлері келісіледі.

3.1.3 Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасы элементтерінің бейнесі

түсірілген материалдық объектілер осы стандарттың жəне нақты материалдық

объектінің нормативтік құжаттарына сəйкес болуы жəне олар дайындалатын техникалық

жəне технологиялық құжаттарға сəйкес дайындалуы керек.

3.2 Мемлекеттік Тудың негізгі көрсеткіштері мен сипаттамалары

3.2.1 Мемлекеттік Ту - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан

қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық

ҚР СТ 988 -2007

3

өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.

3.2.2 Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

3.2.3 Шұғылалы күннің, қыранның жəне ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың

бейнесі алтын түсті болуы керек. Мемлекеттік Тудың матасы – көгілдір түсті.

3.2.4 Мемлекеттік Тудың түсі (мата мен символика элементтері) Түс атласына [3]:

матаның көгілдір түсі- № 3125 U, шұғылалы күннің, қыранның, ұлттық өрнек бейнеленген

тік жолақтың түсі – №102U сəйкес болуы керек.

3.2.5 Ашық ауада пайдалануға арналған Мемлекеттік Ту жыртылуға төзімділігі жəне

үйкелуге тұрақтылығы бойынша жоғары сипаттамасы бар маталардан дайындалуы керек.

Ту бояуының тұрақтылығы ГОСТ 23627 бойынша:

- ашық ауада пайдалануға арналған – «ерекше төзімді» тобының нормаларына;

- ғимараттар мен үй-жайлардың ішінде пайдалануға арналған - «төзімді» тобының

нормаларына сəйкес болуға тиіс.

Дайын тулар жарық əсеріне, оның ішінде жасанды жарықтандыру жағдайларында;

ауа-райының, жуудың, құрғақ жəне ылғал үйкелістің; химиялық тазалаудың (органикалық

еріткіштердің) əсеріне төзімді болуы керек.

3.2.6 Ұзындығы бойынша Мемлекеттік Тудың матасын пішу мата негізінде

жүргізілуі керек.

3.2.7 Ені 1,5 м дейін ту тұтас пішіліп дайындалады.

Ені 1,5 м артық туды ГОСТ 12807 бойынша бүктемелі тігіспен немесе сыдырма

тігіспен туға бойлай сырылған екі-үш матадан дайындауға болады. Сонымен,

А –В қосымшаларына сəйкес жалпы түрі, бейнесі мен символикасы элементтерінің

орналасуы сақталуы керек.

3.2.8 Тудағы шұғылалы күннің, қыранның, ұлттық өрнек бейнеленген жолақтың

бейнесін көшіріп көрсету: мөр, жібекбаспа, кесте, жапсырма жəне осы стандарт талаптарына

сəйкестігін қамтамасыз ететін басқа тəсілдермен жүргізіледі.

3.2.9 Баспаның пайдаланылатын түрі жайылмасыз, дақтарсыз, бос жерлерсіз, ту

матасының, шұғылалы күннің, қыранның, ұлттық өрнек бейнеленген жолақтың толық

боялуын қамтамасыз етуі керек.

Сурет анық, икемді, иілу кезінде жарықсыз болуға тиіс. Баспа бояуының қабаты

төзімді (құбылмау) жəне суреттің барлық алаңы бойынша біркелкі түсірілуі керек.

Кестені пайдаланып туды дайындаған кезде шұғылалы күн, қыран жəне ұлттық өрнек

бейнеленген тік жолақ тудың белгіленген түстік гаммасын қамтамасыз ететін алтын

металданған жіппен немесе басқа материалдардан орындалуы керек.

Кестелі ту екі жағында да кестеленген екі маталардан дайындалады.

3.2.10 Ту матасының шеті ГОСТ 12807 бойынша ені 0,3-1,0 см, жабық қиығы бар

қайырылған тігіспен орындалуы керек.

Тігім төзімді, тегіс болуы керек. Тігім ұшы 1,0 см кем емес ұзындықта қос кері

тігіммен бекітілуі керек. Инешаншым жиілігі 5 см тігімге 15-20 кем емес болуы керек.

- Фабрикалық сапалы өңделген жиегі болған кезде ту матасының шетін

өңдемесе деболады;

- Өлшемі кішкене тулардың шетін өңделген тігіспен, ал синтетикалық жіптерден -

туларды ғимараттар мен үй-жайлардың ішінде пайдалану кезінде балқытумен өңдеуге

болады.Тудың өңделген жиектері тегіс, жыртықсыз жəне көрінетін ақауларсыз болуы керек.

3.2.11 Ту шикізат құрамы бойынша бірдей тудың матасы мен символикасының

түсіне ұқсас, сондай–ақ капрон моножіптен арматураланған немесе түссіз тігін жіппен

тігілуі керек.

Туды тігуге арналған жіп ылғалды өңдеуден кейін матамен бірдей отыратын жəне

ҚР СТ 988-2007

4

үзілуге төзімді болуға тиіс.

3.2.12 Тулар екі бекіту түрімен:

- сапқа қалта көмегімен;

- шкаторина көмегімен дайындалады.

3.2.12.1 Қалтасы мен шкаторинаны жабық қиығы бар тігіспен ту матасының сол

жағына тігеді. Қалта ені 10 см аспауы, шкаторина ені - 3 см көп емес болуы керек. Қалта

немесе шкаторина қиығының қайырылған жерінің ені - 2 см болуы керек.

Қалта мен шкаторина ені Мемлекеттік Тудың өлшеміне кірмейді. Қалта мен

шкаторина жыртылуға, үйкелуге жəне түсінің төзімділігі бойынша ту матасына ұқсас

матадан дайындалады.

Тапсырыс берушінің (тұтынушының) талабы бойынша шкаторинасы бар туды

синтетикалық жіптерден жасалған фалмен жиынтықтайды. Фал ұзындығын тапсырыс

берушімен (тұтынушымен) келіседі. Фал ұшы балқытылуы керек.

3.2.12.2 Ту сабына пішіні мен өлшемі В қосымшасына сəйкес ұштық бекітіледі.

Саптың беті тегіс жəне ақауларсыз болуы керек. Саптың түсі ту матасының

түсімен үйлесуі керек. Сап өлшемдері ту өлшемдеріне пропорционалды болуы керек.

Тұғыр мен саптың ұштығы мата жəне (немесе) символикасы элементтерінің (шұғылалы

күннің, қыранның жəне өрнек бейнеленген тік жолақтың) түсімен үйлесуі керек.

3.2.13 Тапсырушымен келісім бойынша Мемлекеттік Ту əрлеудің əр түрлерімен:

тудың матасы мен оның символикасы түсімен үйлесетін түрлі (жібек, синтетикалық)

материалдардан жасалған шашақтардан дайындалуы мүмкін.

3.2.14 Дайын туларда жəне ту мен оның символикасы элементтерінің бейнесі

түсірілген тоқыма материалдардан жасалған материалдық объектілерде мына ақаулар:

- мата тұтастығының бұзылуы, оның ішінде байқалатындай жіп түйіні мен кем

тоқылған жерлер;

- түсті жіптер;

- өлшемі 0,5 см көп дақтар мен ластанулар;

- бөтен қоспаларды өңдеу;

- 10 см жоғары қатты ширатпалар;

- 0,3 см көп жаншылғандар;

- негізі бойынша байқалатындай жолақтар мен арқаужіптер;

- түрлі түстілік;

- суреттің басылмауы;

- тігу, кестелеу, басу жəне жапсырма ақаулары: суреттің (символиканың) аяғына

дейін тігілмеген элементтері, түйіндер мен ілмектердің, тігілмеген немесе дұрыс емес

тігілген символика элементтері рұқсат етілмейді.

3.2.15 Мемлекеттік Тудың, шұғылалы күннің, қыранның жəне ұлттық өрнек

бейнеленген тік жолақтың сұлбалық бейнесі мен өлшемдері, олардың матада орналасуы

А – В қосымшаларына, ұштық - Г қосымшасына сəйкес болуы керек.

3.2.16 Ту өлшемі тапсырыс берушімен (тұтынушымен) келісім бойынша

белгіленеді. Ені мен ұзындығы бойынша ту өлшемдерінің ауытқулары 2 % артық емес;

шұғылалы күннің, қыранның жəне ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың өлшемдерінен -

5 % болуға тиіс. Мемлекеттік Ту символикасының өлшемдерін азайту жəне көбейту



мүмкіндігін қамтамасыз ететін дизайнерлік тепе-теңдік коэффициенттері, оның өлшемдеріне

байланысты А жəне Б қосымшаларында (А.2 жəне Б.1суреттер) ескерілген.

3.2.17 Халықаралық саммиттерді, кездесулерді, форумдарды, семинарларды,

халықаралық жарыстарды жүргізу кезінде жəне туды шығарудың жеке жағдайларында:

- тудың сабына 3.2.12.2 ескерілмеген, сап пен тудың пішініне жəне өлшеміне

пропорционалды басқа пішінді жəне өлшемді ұштықты пайдалануға (сүңгітəрізді,

ҚР СТ 988 -2007

5

шартəрізді, сопақ);

- тудың материалымен салыстырғанда төзімділігі жоғары ақ түсті матадан

жасалған қалтасы мен шкаторинасы бар туды дайындауға;

- өлшемі 15х25 см үстелге қоятын жəне 20х30 см – автомобильдерге арналған туларды

дайындауға болады.

3.2.18 Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасының бейнесі түсірілген

материалдық объектілерге қойылатын талаптар

3.2.18.1 Тоқыма материалдардан жасалған материалдық объектілерде ту матасының

жəне (немесе) оның символикасы элементтерінің түстік гаммасы 3.2.4 сəйкес болуға тиіс.

3.2.18.2 Ту түсті басқа материалдардан жасалған Мемлекеттік Тудың немесе оның

символикасының элементтері түсірілген материалдық объектілерді дайындау кезінде

Мемлекеттік нышан жөніндігі республикалық комиссиямен бекітілген Қазақстан

РеспубликасыныңМемлекеттік нышандар түсінің үлгілер каталогына сəйкес болуға тиіс.

Мемлекеттік Тудың Түс каталогын немесе оның символикасының элементтерін

қолданысқа енгізгенге дейін материалдық объектілерде [4] Түс атласына: ту матасының

көгілдір түсі- № 3125 C жəне № 3125 U; шұғылалы күн, қыран жəне ұлттық өрнек

бейнеленген тік жолақ – №810 С жəне №810U сəйкес болуы керек.

Материалдық объектілерде Мемлекеттік Туды ұштығымен немесе онсыз сапта,

тұғырда желбіреген мата түрінде бейнелеуге болады. Тудың жəне оның символикасының

элементтерінің өлшемдері композициялық шешімге сəйкес болуға тиіс.

Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасы элементтерінің бейнесі түсірілген

материалдық объектілерді өндіру кезінде кез келген технологиялар қолданылуы мүмкін.

Сонымен мыналар: символика элементтері бейнесінің анықтылығы, мата мен символика

белгіленген түстер гаммасы, өлшемдерінің пропорционалдығы жəне композициялық шешімге

сəйкестігі қамтамасыз етілуі керек.

3.2.19 Рецептураларды таңдау кезінде тудың матасы мен символикасы элементтерінің

түсін қайталау үшін CMYK халықаралық түстер каталогы пайдаланылуы мүмкін.

3.2.20 Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасы элементтерінің бейнесі

түсірілген материалдық объектілерде:

- бұлдыр бейне;

- соралар, дақтар;

- композициялық шешімде символика түсінің бұзылуы рұқсат етілмейді.

3.2.21 Материалдық объектілерде Мемлекеттік Тудың ақ-қара бейнесі

А қосымшасына сəйкес болуға тиіс.

3.3 Шикізатқа жəне материалдарға қойылатын талаптар

3.3.1 Мемлекеттік Туды мақта, зығыр, жібек, аралас жəне жүн маталардан, сондай-ақ

химиялық талшықтар (жіптер) қолданылған маталардан дайындайды.

Сап тұғыр мен ұштық металдан, ағаштан немесе пластиктен дайындалады.

3.3.2 Туды тігуге арналған жіп ГОСТ 6309 жəне ГОСТ 22665 жəне басқа нормативтік

құжаттар талаптарына сəйкес болуы керек.

3.3.3 Мемлекеттік Туды, сондай-ақ тудың немесе оның символикасының бейнесі

түсірілген материалдық объектілерді дайындау кезінде қолданылатын маталар мен

бояғыштар 3.2.5 сəйкес дайын ту бояуының тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.

3.3.4 Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасы элементтерінің бейнесі түсірілген

материалдық объектілерді_

_ҚР СТ 988-2007

6

ететін кез келген материалдар қолданылуы мүмкін.



Полиграфиялық өнеркəсіпте əшекейлі, түсті жəне макулатура қағазын пайдалануға

болмайды.



3.4 Таңбалау

3.4.1 Ту бұрышының біріне:

- дайындаушы-кəсіпорынның атауы мен мекенжайы;

- дайындаушының тауар белгісі (болса);

- бұйым атауы;

- бұйым өлшемі;

- дайындалған күні;

- осы стандарттың белгісі көрсетіліп, тауар құлақшасы жапсырылады.

3.4.2 Туды таңбалау мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жүргізіледі.

3.4.3 Мемлекеттік Тулармен ГОСТ 16958 бойынша бұйымдарды күту бойынша

нышандар мен қолдану жөніндегі ұсыныстары бар жаднамалар қоса жіберіледі.

3.4.4 Əр будаға, бумаға немесе қорапқа 3.4.1 сəйкес деректемелерді, сондай-ақ

қораптағы, бумалардағы немесе будалардағы тулардың санын жəне буып-түюшінің нөмірін

көрсетіп, кез келген материалдардан жасалған қаптама құлақшасын немесе заттаңбаны

жабыстырады.

3.4.5 Құлақшаның өлшемдері таңбалау мəтінінің анық оқылуын қамтамасыз

ететіндей таңдалады.

Құлақша (заттаңба) қолдан толтыруды қоспағанда, деректемелердің бұзылуын жəне

жуылып кетуін шеттен шығаратын типографиялық немесе басқа тəсілмен толтырылады.

Жеке деректемелерді мөр басып түсіруге болады.

3.4.6 Тасымалдау таңбалау - ГОСТ 7000 бойынша.

3.4.7 Мемлекеттік Тудың немесе оның символикасы элементтерінің бейнесі

түсірілген материалдық объектілерді таңбалау дайындаушы-кəсіпорынның атауын немесе

оның тауар белгісін міндетті түрде көрсетіп, материалдық объектілердің нақты түрлерінің

нормативтік құжаттар талаптарына сəйкес жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет