Государственное учреждение



бет1/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#186842
  1   2   3   4   5   6   7




Жоба

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

_____________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ





ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

____________ 2015 года


№ ___

Алматы қ.

г. Алматы





«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:

9-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Резидент тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операция бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай құжаттардың түпнұсқаларын (Ұлттық Банк берген телнұсқаларды) және көшірмелерін ұсынады. Оларды салыстырып тексергеннен кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары (Ұлттық Банк берген телнұсқалары) резидентке қайтарылады. Осы Қағидалардың 73-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасының орнына шарттың өзге резидент-қатысушылары тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) Ұлттық Банк растаған көшірмесін ұсынады.

Резидентте хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда уәкілетті банк хабарлама туралы куәлікті алу қажеттігі туралы резидентке кез келген нысанда хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бұл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп береді. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы резиденттен осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.»;

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Ақша жөнелтуші (алушы) жеке тұлғаның валюталық шартты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті банк валюталық операция бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын ақша жөнелтуші (алушы) мұндай аударымның мақсатын көрсеткен және оның:

1) уәкілетті банкке осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке ұсынуын рұқсат ететін;

2) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін (резидент-жеке тұлғалар үшін) алуды талап ететін валюталық операцияны жеке тұлғаның жүзеге асыруымен байланысты емес екендігін растайтын;

3) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметімен байланысты емес екендігін (ақшаны уәкілетті банкте шот ашпай-ақ аударған кезде) растайтын;

4) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының террористік және экстремистік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайтын жасаған немесе растаған жазбалары болған кезде ғана жүргізеді.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Бұрын берілген тіркеу куәлігінің және (немесе) хабарлама туралы куәліктің орнына жаңасын алу бұрын берілген тіркеу куәлігінде және (немесе) хабарлама туралы куәлікте көрсетілген мынадай мәліметтер өзгерген кезде талап етіледі:

1) валюталық шарттың жалпы сомасының ұлғаю жағына;

2) валюталық шарттың валютасы;

3) валюталық шарттың қатысушылары, егер өзгеріс валюталық шартқа қатысушы-резидент талаптарының немесе міндеттемелерінің өзгеруіне әкелсе;

4) валюталық шарттың қатысушыларының сәйкестендіру деректері (жеке тұлғаның тегі, аты немесе заңды тұлғаның фирмалық атауы);

5) валюталық шарттың мәні;

6) валюталық шарттың қолданылу мерзімі – қысқа мерзімнен (қоса алғанда бір жылға дейін) ұзақ мерзімге (бір жылдан артық) өткен кезде;

7) резиденттің тұрғылықты (тұратын) орны – басқа облысқа, Алматы, Астана қалаларына көшкен кезде, сондай-ақ облыстардың шекаралары қайта қаралған кезде;

8) резидент еместің тұрғылықты жері (тұратын орны) - басқа елге көшкен кезде (жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның тіркелу елінің өзгеруі).

Резидент басқа резидентке резидент емеске талапты беруі немесе резидент еместің алдындағы борышын аударуына байланысты жаңа тіркеу куәлігі немесе (және) хабарлама туралы куәлік рәсімделген кезде қаржы заемының (коммерциялық кредиттің) мерзімін есептеу талапты берген немесе (және) борышты аударған резиденттің міндеттемелері бойынша мерзімдерді есепке ала отырып жүргізіледі.» ;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Валюталық реттеу режимі мыналарға қолданылмайды:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілі бар мемлекеттік емес сыртқы қарыздар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын операциялар;

2) есептік тіркеуден алынғандарын қоспағанда, келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін экспортқа (импортқа) байланысты келісімшарттар (коммерциялық кредиттер бөлігінде);

3) резидент еместердің қайталама нарықта басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент эмитенттердің бағалы қағаздарын (резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына шығарылған депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) сатып алуы;

4) резиденттердің қайталама нарықта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын (Қазақстандық депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) сатып алуы;

5) банктердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын және резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуға байланысты меншік операциялары;

6) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын және резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуға байланысты операциялары;

7) резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;

8) банктердің жұмыс және қызмет көрсету экспортымен (импортымен), сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен байланысты меншікті операциялары;

9) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жүзеге асырылатын валюта операциялары;

10) банктер резидент еместерге 180 күннен асатын мерзімге берген коммерциялық кредиттер және қаржы заемдары, сондай-ақ банктер резидент еместерден 180 күннен асатын мерзімге алған коммерциялық кредиттер.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Уәкілетті банктер ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәліктер берілген валюталық шарттары бойынша жүзеге асырылған ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп ұсынады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюта операциялары бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары осындай ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы ақпарат резиденттен түскен кезеңдегі есепке қосылады. »;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Резидентте борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм болған кезде Ұлттық Банкке осындай шешімнің көшірмесі ұсынылған күннен бастап тіркеу куәліктері және (немесе) хабарлама туралы куәліктер бойынша есептілікті ұсыну талап етілмейді. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда резидент есептілікті қайта ұсына бастайды. Сот банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарым шығарған жағдайда, резиденттің банкроттық басқарушысы тіркеу куәліктері және (немесе) хабарлама туралы куәліктер бойынша соңғы есептік кезең үшін есепті ұсынады.

Резидентте мемлекеттік кіріс органы аумақтық бөлімшесінің салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру туралы шешімінің көшірмесі болған жағдайда Ұлттық Банк осындай шешімнің көшірмесін алған күннен бастап салық есептілігін ұсыну қайта қалпына келгенге дейін тіркеу куәліктері және (немесе) хабарлама туралы куәліктер бойынша есептілікті ұсынуы талап етілмейді.»;

41-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Тікелей инвестор болып табылатын резидент (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) активтерге иелік етуі аяқталғанға дейін алған тіркеу куәлігі бойынша валюталық шартты тіркеген жерге тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша инвестициялау объектісінің капиталына қатысу бойынша есеп ұсынады.

49. Тікелей инвестициялау объектісі болып табылатын резидент (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық портфельді басқарушыларды қоспағанда) резидент емес инвестордың активтерге иелік етуі аяқталғанға дейін алған тіркеу куәлігі бойынша валюталық шартты тіркеген жерге тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда), осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша инвестициялау объектісінің капиталына қатысу бойынша есеп ұсынады.»

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Резиденттер (банктерді қоспағанда) осы Қағидалардың 58, 60-2, 61, 66 және 68-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша меншікті валюталық операциялары туралы өзінің тұрғылықты тұратын (жеке тұлғалар үшін) не орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына хабарлайды.

Ұлттық Банк хабарламаны растауды, осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша хабарлама туралы куәлікті рәсімдеу арқылы, хабарламаны алған күннен бастап жеті жұмыс күні өткеннен кейін жүзеге асырады.

Ұлттық Банк валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау (операцияларды және олардың қатысушыларын жіктеу) мақсатында валюталық шартты сұратқан жағдайда хабарлама туралы куәлік талап етілген құжатты алғаннан кейін рәсімделеді.

Банктер осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тұрақты түрде Ұлттық Банктің орталық аппаратына есептер нысанында электрондық тәсілмен, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдері сақталатын байланыс арналары арқылы хабарлайды.»;

56, 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Банктер ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 9-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепті ұсыну арқылы :

1) есепті кезеңде резидент еместерден қаржылай қарызды тартудың талаптары туралы (оның ішінде Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, егер резидент еместің валюталық шарт шеңберіндегі барлық жеткізілімдері (төлемдері) бойынша банк берешегінің сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе);

2) қаржылай қарыз бойынша осы Қағидалардың 28-тармағының 1)-6), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің есепті кезеңде өзгергендігі туралы хабарлайды.

Ұлттық Банк валюталық операцияларды жасаудың мән-жайын нақтылау мақсатында банктен валюталық шарттың көшірмесін сұратады.

57. Банктер тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на (қоса алғанда) дейін осы Қағидалардың 9-2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банк резидент еместерден алынған қаржылай қарызды игеру және оған қызмет көрсету туралы есеп ұсынады.

Осы Қағидалардың 9-2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банк резидент еместерден алынған қаржылай қарызды игеру және оған қызмет көрсету туралы есеп есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар резидент еместерден банктер тартқан барлық қаржылай қарыз туралы ақпараттан да тұрады.»;

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Мына операциялар хабарлануға жатады:

1) резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде немесе резидент басқарушы компаниямен жасалған инвестициялық портфельді басқару туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын тікелей инвестициялар;

2) банктердің шетелге тікелей инвестицияларымен және резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларымен байланысты өз операциялары;

3) резиденттердің (резидент еместердің) резидент емес (резидент) болып табылатын ұйымның жарғылық капиталына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында немесе осындай ұйымның мүлкіне жарна ретінде ақшаны және өзге мүлікті енгізуі;

4) резиденттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуы;

5) резидент еместердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған резидент эмитенттердің бағалы қағаздарын, резидент инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуы;

6) резидент емес эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ Қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру;

7) резидент эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттарды орналастыру;

8) резиденттер мен резидент еместердің арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар;

9) резидент еместердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, инвестициялық портфельді басқарушыға тікелей инвестициялары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының шетелге тікелей инвестициялары.»;

60-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Мына резиденттер осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, көрсетілген қосымшаның жалпы бөлігін және 2-бөлімін толтыра отырып, өздерінің операциялары:

1) брокерлер (банктерді қоспағанда), басқарушы компаниялар – тікелей инвестицияларды қоспағанда, осы Қағидалардың 59-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген операциялар туралы;



2) өзге резиденттер – тікелей инвестицияларды қоспағанда, осы Қағидалардың 59-тармағының 3)-5), 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар туралы хабарлайды.»;

мынадай мазмұндағы 60-1 және 60-2-тармақтармен толықтырылсын:

«60-1. Банктер ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 59-тармағының 2), 3), 5) (үлестік бағалы қағаздарды сатып алған кезде), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген меншікті операциялары бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп ұсынады. Ұлттық Банк валюталық операциялардың жасалу мән-жайын нақтылау мақсатында банктен валюталық шарттың көшірмесін сұратады.

60-2. Резиденттер осы Қағидалардың 59-тармағының 6), 7), 9 тармақшаларында көрсетілген операциялар туралы хабарламайды. Уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) резидент-клиенттердің осындай операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша хабарлайды. Ұлттық Банк валюталық операциялардың жасалу мән-жайын нақтылау мақсатында резиденттен валюталық шарттың көшірмесін сұратады.»;

62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«62. Резидент (банктер мен брокерлерді қоспағанда) алынған хабарлама туралы куәлік бойынша хабарламаның берілген орны бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша инвестициялау объектісінің капиталына қатысу бойынша есеп, өзге операциялар бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасында белгіленген нысан бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп ұсынады. »;

64-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) капитал қозғалысының басқа операцияларына жататын меншікті операциялары бойынша осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп ұсынады. Ұлттық Банк валюталық операциялардың жасалу мән-жайын нақтылау мақсатында банктен валюталық шарттың көшірмесін сұратады.»;

73-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Қатысушылары бірнеше резидент болып табылатын валюталық шарт бойынша тіркеу куәлігі (хабарлама туралы куәлік) шарттың Ұлттық Банкке тіркеуге өтінішті (хабарламаны) бірінші берген резидент-қатысушысына беріледі. Шарттың өзге резидент-қатысушылары осындай валюталық шарт бойынша резидент еместің пайдасына төлемді жүзеге асырған және (немесе) резидент еместен қаражат алған кезде уәкілетті банкке тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) Ұлттық Банк растаған көшірмесі ұсынылады.



Тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін алу үшін валюталық шарттың өзге резидент-қатысушылары тіркеу (хабарлау) орны бойынша көшірме беру туралы еркін нысанда жазбаша өтініш білдіреді.»;

мынадай мазмұндағы 74-1, 74-2-тармақтармен толықтырылсын:

«74-1. Тіркеу куәлігі (хабарлама туралы куәлік) аралас шарт шеңберінде жүзеге асырылатын әрбір валюталық операцияға жеке рәсімделеді. Егер валюталық шартта шарт валюталарының екі және одан да көбі көзделсе, тіркеу куәлігі (хабарлама туралы куәлік) шарттың әрбір валютасына жеке рәсімделеді.

74-2. Базалық активті қолдану немесе сату мақсатында сатып алынатын және базалық активтен бөлек берілмейтін (сатылмайтын) туынды қаржы құралына байланысты валюталық операциялар базалық активпен жасалған валюталық операциялар деп қаралады.»;

мынадай мазмұндағы 77-тармақпен толықтырылсын:

«77. Банкке резидент еместерден қаржылай қарыздарға берілген хабарлама туралы куәліктер валюталық шарттар бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады және осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 28-тармағының 1)-6), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде күші жойылды деп саналады.»;

1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

5-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

6-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

7-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

8-қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

9-қосымша осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес редакцияда 9-1-қосымшамен толықтырылсын;

осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес редакцияда 9-2-қосымшамен толықтырылсын;

10-қосымша осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

11-қосымша осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

12-қосымша осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен күннен бастап мынадай операцияларға Ұлттық Банк берген тіркеу туралы куәліктер, хабарлама туралы куәліктер қолданылуын тоқтатады:

1) банктердің резидент еместерден коммерциялық кредиттерімен, тікелей инвестициялармен, жарғылық капиталға қатысумен, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, капитал қозғалысының басқа операцияларымен байланысты меншікті операциялары;

2) резидент емес-эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру;

3) резидент-эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ резидент-эмитенттердің бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттарды орналастыру.

3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет