2-тақырып. Қазақ әдеби сыны туралы жалпы түсінік
Жоспар:
1. Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы.
2. Әдебиет сынның арналары
1. Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырыды. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар.
Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалады.
Халықтық эстетика. Сын - жазба әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы.
2. Халықтық эстетиканың негізі - әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жаиандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек білдіргенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі кедесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы - ақындар айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар халықтық талап-тілектің айқындалуы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
3-тақырып. Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы.
Жоспар:
50-жылдардың соңы әдеби сынының дамуы
Әдебиет тарихын зерттеу мен әдеби сынның дамуы осы кезеңде ерекше қарқынмен жүрді.
1. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының кадрларының өсіп, әртүрлі бағытта, көптеген арналармен жедел дамып, қауырт көтерілген ең жемісті дәуірі - алпысыншы жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жьидардың соңы еді. Рас, баспасөз атаулы партия мен өкіметгің қатал бақьтауы астында жатты, үнемі коммунистер саясаты мадақталды, әдебиетке, өнерге, таптық пролетарлық көзқарас танылып отырды, сьездерді, пленумдарды, қаулыларды, Ленин мұрасын, партия қайраткерлері шығармаларын дәріптейтін қаламгерлердің қалың шоғыры қаулап шықты; Алаш қозғалысы, Алаш ұранды әдебиет, бірқыдыру фольклорлық мұра, ежелгі әдебиет үнемі жамандауға болатын тақырыптарға айналды. Мұның үстіне, жеке шығармаларды тануда күні бұрын тон пішу, методологиялық кенже қалушылық, өнердің эстетикалық мәнін ұмыту, көңілжьщпастық, өтірік мақтау, талғамсыздық секілді таза кәсіби олкылықтар орын алды.
Ал тұтастай қарағанда, 50 - жылдары қазақ әдебиеттануы мен әдебиет сыны әлем әдебиетіндегі, әсіресе орыс, Еуропа топырақтарындағы методологиялық тәсілдерді, түрлі мектептердің сабақтарын, ұлы ойшылдар, әдебиетшілер, сыншылар мұрасын бірқыдыру меңгеріп, оларды ұластыра дамытып, ұлттық өнерді талдап - бағалап, саралауда көп іс тындырды.
Әрбір кезең әдебиеті дамуына ықпал ететін тарихи әлеуметтік жағдайлар болады. Әдебиеттің де, әдебиет туралы ғылым мен сынның да дамуына бұл тұста Сталиннің жеке басына табыну салтын сынау, демократиялық нормаларды қалыпқа келтіруге тырысу жайлы партияның нұсқаулары әсер етті. Бұрын қатып семіп қалған коммунистік қағидалардың босаңсуы «жылымық» аталған кезеңді туғызды. Одақтық әдебиет те, ұлт әдебиеттері де осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің қордаланып қалған мәселелерін көтерді. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті 1957 жылы «Қазақ халқының әдеби - поэзиялық және музыка мұрасын зертгеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Онда 50 - жылдары жаппай сынға ұшыраған мәдени мұраны қайта қарау, сын тұрғысынан қарап пайдалану жайы қозғалды. Мәселені түгелдей шешпегенмен, бұрынғы нигилистік көзқарасты қайта қарауға бетбұрыс жасалды. Осы мақсатпен 1959 жылы Fылым Академиясында мәдени мұраға байланысты үлкен ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция ұсыныстарына сәйкес қазақ халқының фольклорлық мұралары мен әдебиеті тарихының мәселелері жан-жақты эерттеле бастады. «Сын көзімен қарай» отырып, бұрын шығармашылығы қайшылықты делінген ақын - жазушылар еңбектері жайлы тың пікірлер туды. Осы тың, жаңа байламдарға сүйеніп, алпысыншы жылдардың басынан бастап, «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазу ісі қолға алынды. Мұндай тарих жасау талабы соғыстан кейін-ақ күн тәртібіне қойылған еді. Оның фольклорға арналған бірінші томы 1948 жылы жарық көрді. Алайда ол осы жылдардағы партияның ұлтшылдыққа қарсы күресі науқанына ілігіп, сын алды. Әрі қарай тарих жасау ісі тоқтап қалды. Кеңес дәуірі әдебиетіне арналған материалдар 1949 жылы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері» деген атпен басылып еді, ол да сынға ұшырады. Сөйтіп, қазақ әдебиетінің тұтас тарихын жасау ісі тоқтап қалған-ды. Қазақ Ғылым Академиясының Әдебиет институтының ғалымдары ғылыми зертгеудегі жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, қазақ халқының бай әдеби мұрасын зерттеп, тарих күйінде оқырманға ұсыну қажетгігін тағы да күн тәртібіне қойды.
Үш том, алты кітаптан тұратын «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1960-1967 жыл аралығында шықты. Онда қазақ ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының мол материалы жинақталып, ғылыми айналымға түсті. Халықтық әдебиет мұрасын мундай дәрежеде жинақтап, зерттеу бұған дейін де, одан кейін де жүргізілген емес.
«Тарихтың» бірінші томының бірінші кітабы қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналды. Оның жазылуына М.Әуезов басшылық жасады. Бұл тақырыпқа жазылған бұрынғы зертгеулердің тәжірибесіне сүйене отырып, том авторлары халық әдебиетінің бұл саласындағы деректі материалды мол пайдаланды. Қазақ фольклоры жанр - жанр бойынша жіктеліп зерттелді. Оларда бұрын пайдаланудан шығып қалған тұрмыс - салт жырларының кейбір салалары (діни ұғымдарға байланысты жырларт, шешендік сөздер, батырлар жырлары жан - жақты талдауға түсті. Сонымен бірге, бай халық әдебиетінің көне үлгілері, діни әдебиет, ноғайлы дәуірінің эпостары сияқты сол кезде айналымға түспеген шығармалар тарих зерттеуіне ілікпеді.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» қамтыған материалының молшылығымен де, әдеби зерттеушілік талғамның жоарылығымен де өз кезінде қазақ әдебиеттану ғылымының елеулі табысы саналды.
2. Әдебиет тарихын зерттеу мен әдеби сынның дамуы осы кезеңде ерекше қарқынмен жүрді. Газет - журналдар, ғылыми басылымдар, баспалар, жоғары оқу орындары, Ғылым академиясының Әдебиет институты әдебиет сыны мен ғылымының өсуіне мұрындық болды. Жүздеген мақалалар жазылды, ондаған кітаптар, жинақтар шықты, диссертациялық еңбектер қорғалды. Түрлі конференцияларда, пленумдерде, съездерде, жыл қорытындыларында, жеке жанрға, жеке кітапқа арналған талқылауларда әдебиет мәселелері жан - жақты сарапқа түсті. Қысқасы, тар заманда, әкімшіл-әміршіл дәуірде көркем әдебиет, соның сыны мен ғылымы ұлттық рухтың негізгі ұраншысы бола білді, Әдебиет сыны, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы жеке - жеке арна тауып, тарам-тарам жолмен өрістей бастады.
50 – жылдардың соңы әдеби сынының дамуы.
50 – жылдардың соңы мен 60 - жылдардың басында әдеби сынға көңіл бөлудің үлкен бір көрінісі - сын кітаптарының басылуы еді. Алдыңғы кезекте М.Әуезов пен С. Мұқановтың бұрын жазылып, мерзімдік баспасөзде жарияланған, бірақ кітап болып басылмаған еңбектері жиналып жарық көрді. Олардың қатарында М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары»(1959), С.Мұқановтың «Өсу жолдарымыз» (1960) атты кітаптары бар еді. Сәл кейінірек С.Мұқанов «Жарқын жұлыздар»(1964) деген атпен Шоқан мен Абай шығармашылығы туралы зерттеуін жариялады. Осыған жалғас аға буын әдебиет зерттеушілер Қ. Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев еңбектері біртіндеп жарық көре бастады. Кезінде әдеби - сыншылдық қызметі партиялық тұрғыдан ылғи сынау астынан шықпаған бұлар ғылыми - шығармашылық ізденудің жаңа белесіне аяқ басты.
Қажым Жұмалиев ұзақ жылдардағы зерттеулерінің қорытындысы есебінде «қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері»(1958), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі»(1960) aтrы екі томдық зерттеулерін бастырды. Орта және жоғарғы мектепке арналған оқулықтар жазды.
Ақындық табиғаты, оның ұлттық ерекшелікпен байланысты проблемалары Есмағамбет Ысмайыловтың еңбектерінде фактілік жағынан да, ғылыми жағынан да терең зерттелген. Оның «Ақындар»монографиясы (1956) орыс тіліне аударылып, одақтық сында жақсы бағаланды. Одан кейін Есмағамбет «Ақын және революция»(1964) деген С.Сейфуллин туралы зерттеуін, бірнеше сын кітаптарын «Сын және шығарма» (1960), «Әдебиет жайлы ойлар»(1963) жариялады.
Еш уақытта әдебиеттану бір стильде, бір бағытта, бір ыңғаймен ғана жасай алмайды. Талант сипаты ғалым даралығын айқындайды: Б.Кенжебаев пен Е.Ысмайыловтың, Ә.Тәжібаев пен М.Қаратаевтың жазғандарын еш уақытта шатастырмаймыз.
Мұхаметжан Қаратаев - қазақ әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымының қаз тұрып, өсіп өркендеп, жақсы өріс, кең жайлауға шығуына мол еңбек сіңіріп, сол сапарда көп іс тындырған қаламгер. Жас, қайратты кезінде қаламнан қол узуге еріксіз мәжбүр болған сыншы, әсіресе, соңғы отыз жылда зор шабыт, айрықша құштарлықпен қыруар еңбек жазды. Оның бұл тұста жарияланған кітаптары ішінде «Туған әдебиет туралы ойлар»(1958), «Шеберлік шыңына»(1963), «Эпостан эпопеяға»(1969), «Әдебиет және эстетик» (1970) т.б. елеулі орын алады. Мұның ішінде сын мақала да, зерттеу де, әдеби портрет те, эссе де бар.
Өнер табиғатын байсалды түсіну, эстетикалық тереңдік, эрудиция байлығы, публицистік пафос, суреткерлік шеберлік Қаратаевтың сыншылық талантына етене қасиеттер. Ол әдеби процестерді бағалаған уақытта объектіні жан-жақты қамтып, түбегейлі қопарып, салмақты мәселе көтеріп, маңызды ойлар айтуға ұмтылады. Жалғыз қазақ әдебиетінің аясында сөйлеп қоймай, ол Ленин және әдебиет, Белинский Плеханов Луначарскийлердің эстетикалық мұрасы деген мәселелерге apналған зерттеулер берді.
Сыншы еңбектерінде қазақ әдебиетінің әр қырлы қаламгерлерінің туындылары идеялық - көркемдік, шеберлік жағынан талданып, эстетикалық сарапқа түседі. Бүгінгі өмірді суреттеу, замандас образын жасау міндетін іске асырудың практикалық жолдары айтылады.
Әдебиеттің берік құралы, мықты қаруы, өмірді объективті суреттеудің жемісті әдісінің қазақ прозасында қалыптасуына арнап жазған Қаратаев кітабы - материалдарының байлығы жағынан, теориялық тереңдігі жағынан да, сапасы жағынан да, өз кезіндегі сыншыл ойдың талабынан табылған бағалы еңбек.
«Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» (1965) кітабында білікті сыншы, ғалым, публицист туған әдебиетіміздің ХХ ғасырдағы даму жолына көз жіберіп, басты тенденцияның жазушыларымыздың шығармашылық тәжірибеде іске асыру процесі қалай өткендігін ғылыми негізде баяндап, теориялық байламдар жасады.
М. Қаратаев - одақ көлеміне мәшҺүр сыншы болды. Оның мақалалары «Литературная газетада: да, «Вопросы литературы да» да басылатын еді. «Мировозрение и мастерство»(1965), «От домбры до книги» (1969), «Вершины впереди»(1972) кітаптары - сыншының орыс оқырмандарының алдына қазақ әдебиетінің мәселелерін тартып, қабырғалы суреткерлердің шығармаларымен таныстырған құнды туындылар. Бұл еңбектерде сын табиғаты, аударма жайы, көрнекті суреткерлер өнері Лермонтов және қазақ әдебиеті, Белинский және қазақ әдебиеті сөз болады. «Вершины впереди- кітабы үшін М. Қаратаевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Қысқасы, Мұхаметжан Қаратаев зор белсенділікпен қазақ әдебиетінің көкейкесті проблемаларына арнап көтерген сын еңбектерін жазып, қыруар шаруа тындырды. Академик әдебиетшінің үш томдық ғылыми - сын еңбектері (1974) - қазақ сынының кәсіби дәрежесінің өсіп, философиялық салмағының артып, биік өреге жеткендігінің куәсі.
Бейсембай Кенжебаев өнерпаздығының ең жемісті кезеңдері, оның ғалымдық пен ұстаздықты ұштастырған шақтары Қазақ мемлекеттік университетінде және Қазақ КСР Ғылым академиясында істеген уақыттарынан, қырқыншы жылдардың ортасынан басталады. Іскер оқымысты университетте кафедра басқарса, академияда сектор меңгереді.
Ғалымның күрделі, іргелі, ең көлемді еңбегі «қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары»(1958) монографиясында тұңғыш рет мұрағаттардың бұрын белгісіз болып келген қорларынан, кітапханалардың сирек газет журнал, кітаптарды сақтайтын бөлімдерінен, жеке адамдардың қолдарында жинақталған қазыналардан алынған орасан бай материалдар, қолжазбалар, әдеби - тарихи деректер, сан алуан шығармалар жаңа методология тұрғысынан екшелеп, әдебиеттанудың үздік жетістіктері, дәстүрлі үлгісі негізінде талданған болатын. Зерттеудің басты ұтымдылығы - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдайы мен әдебиеті диалектикалық бірлікте, тарихи байланыста, ажырамас тұтастықта алынуында жатыр.
Мұхаметжан Қаратаев - қазақ әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымының қаз түрып, өсіп өркендеп, жақсы өріс, кең жайлауға шығуына мол еңбек сіңіріп, сол сапарда көп іс тындырған қаламгер. Жас, қайратгы кезінде қаламнан қол ұзуге еріксіз мәжбүр болған сыншы, әсіресе, соңғы отыз жылда зор шабыт, айрықша құштарлықпен қыруар еңбек жазды. Оның бұл тұста жариялаған кітаптары ішінде «Туған әдебиет туралы ойлар»(1958) «Шеберлік шыңына»(1963), «Эпостан эпопеяға»(1969), «Әдебит және эстетика»(1970) Т.б. елеулі орын алады. Мұның ішінде сын мақала да, зерттеу де, әдеби портрет те, эссе де бар.
Өнер табиғатын байсалды түсіну, эстетикалық тереңдік, эрудиция байлығы, публицистік пафос, суреткерлік шеберлік Қаратаевтың сыншылық талантына етене қасиеттер. Ол әдеби процестерді бағалаған yaқытra объектіні жан-жақты қамтып тұбегейлі қопарып, салмақты мәселе көтеріп, маңызды ойлар аитуға ұмтылады. Жалғыз қазақ әдебиетінің аясында сөйлеп қоймай, ол Ленин және әдебиет, Белинский, Плеханов, Луначарскийлердің эстетикалық мұрасы деген мәселелерге арнап зерттеулер берді.
Сыншы еңбектерінде қазақ әдебиетінің әр қырлы қаламгерлерінің туындылары идеялық-көркемдік, шеберлік жағынан талданып, эстетикалық сарапқа түседі. Бүгінгі өмірді cypeттey, замандас образын жасау міндетін іске асырудың практикалық жолдары айтылады.
Жазушы дүниетанымының қалыптасуы күрделі эволюциядан өтеді. қаламгер ұстанатын эстетикалық мұрат та бір күнде пайда бола қалмайды. Осы құбылыстың Майлинге қатысты көрінісін Нұртазин түпкілікті шешіп бермегенімен, өзекті, қызықты ойлар айтқан.
Монографияда Бейімбеттің шығармалары жанр - жанр бойынша алынып, сарапқа түсіп, жеке-жеке талданады. Бұлай зерттеудің бағалы жағы көп. Жазушы эволюциясын, өсу сатыларын көрсетуге мүмкіндік туады. Сыншы Майлин әңгімелеріне айрықша тоқталған. Жазушы зертханасына еніп, жеке шығармалардың қалай, қандай жағдайларда туғанын қарастыру-әдебиеттік зерттеудің негізгі міндеті. Жазушының жоспарлары, эскиздері, аяқталмай қалған шығармалары ғылыми тұрғыдан түгелдей тексерілген кезде ғана, біз ол туралы толық түсінікке ие боламыз. Қазақ зерттеушілері бұл өрістегі ізденістерге әлі терең бара алмай жүр. Сондықтан Бейімбеттің «Тартыс», «Қонсылар», «Атылмаған оқ», «Қызыл жалау» сияқты аяқталмаған, жоғалған, бірер тарауы ғана газет-журнал беттерінде жарияланған, қалың оқушыға белгісіз шығармаларын тұңғыш рет сөз еткен Нұртазин еңбегі де мақтауға татиды.
Майлин - қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі. Бұл - бүгін ешкім дауласпайтын аксиома. Классиктер шығармашылығын талай қырынан көрсететін қыруар зерттеулер жазылатыны және ақиқат. Т.Нұртазиннің айтылмыш кітабы осы сапардағы алғашқы, салмақты, бағалы еңбек болды.
50 - жылдарда қазақ әдебиетінің бұрын қарастырылмаған жанрлық проблемалары бойынша көптеген маңызды ғылыми жұмыстар жүйелі түрде қолға алынып, сан-алуан еңбектер жарық көрді. Монографиялық зерттеу стилінде І. Жансүгіров (М. Дүйсенов), Б.Майлин (Т. Нұртазин, Б. Наурызбаев), С.Сейфуллин (Е.ЬІсмайлов, С. Қирабаев), Қ. Аманжолов (Т.Әбдірахманова), С. М\ұқанов (Т. Нұртазин, М. Хасенов), Х. Есенжанов (З.Серікқалиев), М. Әуезов (М. Мырзахметов, Л.Әуезова), Ә.Тәжібаев (М. Дүйсенов), Қ.Бекхожин (Ә.Нарымбетов) шығармалары талданса, юмор, сатирасын (Т. Қожакеев, М.Тілеужанов, Т.Кәкішев, Д.Ысқақов), драматургия (С.Ордалиев, Ә.Тәжібаев, Р.Рустембекова, Е.Жақыпов, Р.Нұрғалиев), проза (Ш.Елеукенов, Ә.Шәріпов, Б.Майтанов), поэзия (М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов, З.Ахметов), әдебиетгер байланысы (Ш.Сатпаева, Е. Лизунова, Е.Fабдиров), аударма (Ә.Сатыбалдиев, С.Талжанов, Х.Садықов), көне әдебиет тарихы (Х. Сүйіншәлиев, Қ. Өмірәлиев, Н.Келімбетов), фольклор (Ә.Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, О. Нұрмағамбетова, Е.Тұрсынов Н.Төреқұлов, С. Қасқабасов, С. Садырбаев, Ш. Ыбыраев, текстология (Қ. Мұхаметқанов, М.Бөжеев) проблемалары тарам - тарам салалар бойынша сарапқа түсіп, жеке зерттеулер, кітаптар, ұжымдық жинақтар, тізбекті басылымдар жарыққа шықты. Осы еңбектер негізінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды; орта мектепке жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазылды.
Әдеби мұраны жинау, бастыру дәстүрі байыды. Жазушылардың көптомдығын жариялау тәжірибесінде алғы сөз, соңғы сөз жазу, түсініктер беру мәдениеті, әсіресе, М.Әуезовтің 12 және 20 томдық шығармалар жинағын шығару кезінде өсе түсті. Қолжазбаларды оқу, нұсқаларды салыстыру, түпкілікті мәтінді анықтау әдістері қалыптасты. Жеке шығармалардың жазылу тарихын, жазушы зертханасын зерттеп, қаламгерлік психологиясын анықтауға бағытталған жұмыстар жазылды, Аударма, әдеби байланыстар бағытындағы еңбектерде бірнеше тілдердің материалдарына, әр тақырыптарға көңіл бөлініп, жалпьmық мәні бар эстетикалық қорытындылар жасалды.
50 - жылдары шыққан сын, әдебиеттану еңбектерінің саны, жанрлық ерекшеліктері, авторлар құрамы, көтерген, шешкен мәселелері - қазіргі әдеби қозғалыс туралы бірқыдыру тұжырымды ойлар қорытуға мүмкіндік береді. Қазақ сыншылары мен әдебиетшілері көркемдік талдау мен социологиялық, философиялық, эстетикалық саралау үлгілерін ұштастыруға, реализм әдісінің қазіргі кезеңдегі методологиялық мәселелерін қарастыруға, жанрлық-стильдік ізденістерді анықтауға, көрнекті қаламгерлердің шығармашылығын тануға күш салып, осы салаларда белгілі табыстарға жеткенін көрмеу, айтпау, елемеу, сөз жоқ, әділетсіздік болар еді.
Сынға жағдай жасау, сынды бағалау бағытында жасалған шаралардың қатарында жазушылардың сын еңбектерін жариялау дәстүрінің жалғасқанын айтуға болады. Ғ. Мүсірепов сypeткep парызы» (1970), F.Мұстафин «ой әуендері» (1978) кітаптарын бастырды. Ж. Молдағалиевтің үш томдық таңдамалы жинағының соңғы кітабының тең жартысы сын - мақалалардан құралған. Драматург Қ. Мұхамеджановтың екі томдық тандамалысының бір томы түгелге жуық әдеби - сын мақала, шолу, портрет, рецензиядан тұрады. Прозаик, драматург Т. Лхтановтың екі том таңдамалысының бір томы да осындай, Т. Ахтанов әуелі «Керуен» деп, одан кейін «Әдебиет туралы ойлар» деп, «Көкейкесті» деп, сын еңбектерін үш қайтара бастырып үлгерді. Ә. Нұрпейісовтің «Толғауы» «Жүрегі тола жыр еді» болып екінші рет жарияланды. Белгілі ақын F. Қайырбеков «Бір кеменің үстінде» сын мақалалар жинағын шығарды. Осында заңдылық, дәстүр ізі бар ма? Сәкен Сейфуллин, Әбділдә Тәжібаев поэзия жөнінде ғылыми зерттеулер жазған; қалижан Бекхожин, Сырбай Мәуленовтің сын мақалалары кітап болып шыққан; Мұзафар Әлімбаев, Әбдірәш Жәмішев, Қадыр Мырзалиев секілді ақындар сын жинақтарын бастырған.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |