Гп факультетінің деканы Ж. Т


Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны



бет5/7
Дата04.12.2023
өлшемі264 Kb.
#485335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны


1-тақырып. Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Қазақ сыни ой-пікірдің оянуы және әдебиет сынының тууы.
Тапсырмалар:
1. Әдеби сынының арналары. Халықтық эстетика. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар. Көне дәуірдегі сыншылық ой-пікірлер. Әл-Фараби және эстетика. Жүсіп Баласағұнның эстетикалық көзқарастары. Алтын дәуірдегі әдебиет. Жыраулар поэзиясындағыы көркемдік таным (жай конспект түрін жаз).
2. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары. Шоқан Уәлиханов және әдебиет. Абай-қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Абай сөз өнері. Абайдың эстетикалық ойлары (салыстырып, талдау жаса).
2-тақырып. Баспа сөз және сын. Жазба әдебиет және сын.
Тапсырмалар:
1. Баспасөз және сын. «Дала уалаяты» газетіндегі әдебиет мәселелері. «Айқап» журналының әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы. «Қазақ» газеті және әдеби сын (сұрақтар құрастырып, қысқаша жауаптар жаз; 6-7 сұрақтан кем емес).
2. Жазба әдебиет және сынның қалыптасу жолдары. Сұлтанмахмұт Торайғыров әдебиет туралы (жай конспект жаз).
3-тақырып. Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы және әдебиеттану. Дарындар – сын додасында.
Тапсырмалар:
1. ҚазАПП және 20-жылдардағы қазақ әдеби сыны. ҚазАПП тұсындағы социологиялық сындар. Отызыншы жылдардағы әдеби сынның ахуалы. Әдеби сын туралы қаулылар (сыни талдау жаса).
2. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар (эссе жаз).
4-тақырып. Өркендеу өзегі - көркемдік әдіс. Ұйымдасудың қияметі мен қиястығы. Әдеби мұра және оны игеру мәселелері.
Тапсырмалар:
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Ж.Аймауытов - әдебиет сыншысы. М.Дулатов - әдебиет сыншысы. Ғаббас Тоғжановтың шығармашылығы. Әбдірахман Байдилдин шығармашылығы. Бейсенбай Кенжебаев шығармашылығы (жай конспект жаз).

  1. 37-жыл ойранының себептері. Есмағанбет Ысмайылов шығармашылғы. Қажым Жұмалиев шығармашылығы. Темірғали Нұртазин шығармашылығы. Белгібай Шалабаев шығармашылығы (күрделі конспект жаз).

3. Әдеби мұраны игеру мәселелері және сын. С.Сейфуллин - әдебиет сыншысы. М.Әуезов - әдебиет сыншысы. М.Әуезов – абайтанушы (онлайн-ауызша тапсыру).
5-тақырып. Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі. Сынның жанр ретінде қалыптасуы. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы және қазіргі әдеби сынның жай-күйі. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдеби сын. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы жаңа ізденістер
Тапсырмалар:

  1. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасау - сыншылық ойлардың өрісті арнасы (сыни тұрғыда аралас конспект жаз).

  2. Ғабит Мүсірепов - әдебиет сыншысы (жай конспект).

3. Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы. Мұхамеджан Қаратаев - әдебиет сыншысы (эссе жаз).
4. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, соғыстан кейінгі жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдеби сынындағы ізденістер. Серік Қирабаев шығармашылығы. Рахманқұл Бердібаев шығармашылығы (күрделі конспект жаз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет