Грамматикасы



бет3/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

КІРІСПЕ


Тіл екі не одан да көп адамдар арасындағы сөйлесу арқылы көрініс табады. Ал тілдік қарым­қатынас, негізінен, сөйлем түрін­ де жүзеге асады. Сөйлем ішіндегі барлық сөздер грамматикалық жағынан бір­бірімен байланыста болады, яғни олар белгілі бір ойды, қимылды, іс­әрекетті білдіру үшін бір­бірімен байланысып тұрады және осыған байланысты олардың формалары да өзге­ ріске түсуі мүмкін. Ғылым ретінде грамматиканың негізгі зерт­ теу объектісі – тілдің грамматикалық құрылымы, яғни сөздердің грамматикалық формаларының және сөйлем құрылымының өз­ геру заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы болып табы­ лады. Бұл грамматикалық оқулықтың негізгі мақсаты ағылшын тілінде дұрыс сөйлеп, жаза білу үшін қажетті негізгі грамматика­ лық ережелер мен тілдік заңдылықтар жөнінде мағлұмат беру болып табылады.


Ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымы
арасындағы айырмашылық сөз, сөз тіркесі және сөйлем арасын­ дағы грамматикалық байланыстың жасалу тәсілдері болып та­ былады. Қазақ тілінде бұл байланыстар жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: елдің астанасы. Ағылшын тілінде сөз бен сөздің арасындағы байланыс сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі мен көмекші сөздер арқылы беріледі: the capіtal of the country.
Кейбір синтетикалық құрылымдар сақталғанымен, қазіргі ағылшын тілі аналитикалық тілге жатады. Мұны сөздің сан алуан болып түрленуінен көруге болады.
Сөздің грамматикалық формалары әртүрлі жолдар арқылы өзгереді. Сөздің грамматикалық формалары деп сөздің өзінің лексикалық мағынасын сақтай отырып, грамматикалық жағынан түрленуін айтады. Мысалы: pen – pens.
Ағылшын тілінде сөздің грамматикалық формасын а) жал­ ғау арқылы, ә) сөз құрамындағы дыбыстарды өзгерту арқылы,
б) қосымшалар арқылы, в) аналитикалық формалар арқылы түр­ лендіру жолдары бар. Жұрнақтар сөздің түбіріне жалғанатын сөз түрлендіруші элемент болып табылады. Оларды инфлексия деп атайды. Сөз түрлендірудің бұл түріне төмендегі жұрнақтар жатады:
­e (s) { зат есімнің көпше түрінің формасы
{ белгісіздік осы шақтың үшінші жақтағы жекеше түрі
{ ашық райдың белгісіздік өткен шақ формасы
­e (d) { қалау райдың формасы
{ дұрыс етістіктің көсемше түрі
­іng { етістіктің есімше түрі
{ герундий
­er, ­est – сын есімнің, үстеудің салыстырмалы және күшейт­ пелі шырайларының формасы.
Сөздің дыбысталуын өзгерту арқылы сөз түрлендіру деп, бір сөздің әртүрлі грамматикалық формада әртүрлі дыбысталуын айтамыз. Сөз ішінде дауысты дыбыс та (write – wrote), дауыссыз дыбыс та (knife knives) дыбыстық өзгеріске ұшырауы мүмкін.


Еск ер т у. Сөздің дыбыстық құрамындағы өзгеріс инфлексия­ мен қатар жүруі де мүмкін: (knіfe – knіves, goose – geese).

Супплетивті формалар – түбір сөздің әртүрлі болып өзгеруі арқылы жасалатын грамматикалық формалар. Бұларға «be -am


-is -are -was, were; take-took, her-him, little-less» сияқты сөздердің түрлену тәсілдері жатады.
Аналитикалық формалар екі компоненттен – көмекші және негізгі етістіктерден тұрады. Көмекші етістіктердің өзінің дербес лексикалық мағынасы жоқ, олар сөзді тек грамматикалық жағынан түрлендіре алады, яғни тек қана грамматикалық көрсеткіш болып табылады. Түбір өзінің дербес лексикалық мағынасы бар, сөздің өзгермейтін элементі болып табылады. Аналитикалық формалар етістіктің шақ, рай, етіс формаларын жасауда қолданылады.
І have learnt Englіsh. He has learnt Englіsh.
Еск ер т у. Қазіргі ағылшын тіліндегі грамматикалық формаларды
өзгертудің төрт тәсілінің екеуі ғана яғни жұрнақ және аналитикалық формалар өсімді тәсілдер болып табылады.

Бір­бірімен салыстыра қарағанда екі не одан да көп грамма­ тикалық формалардың ортақ, жалпы мағынасы грамматикалық категорияны құрайды. Мысалы: pupіl ­ pupіls, pen­pens.


«Pupil» және «pen» сөздерінің формасы зат есімнің жекеше түрін білдіреді. Ал «pupils», «pens» деген сөздердің формасы көп­ ше түрді білдіреді. Осы сөздердің екі формасының бір ғана ортақ жалпы мағынасы (зат есімнің көпше түр категориясы) бар. Яғни, көптік жалғаудың грамматикалық мағынасын білдіретін формалар зат есімнің көпше түріндегі грамматикалық категориясын құ­ райды.
Зат есімнің көптік және септік жалғау грамматикалық катего­ риясы бар, яғни зат есім көптеледі, септеледі. Ал етістіктің жақ, шақ, түр, аспект, етіс және рай категориясы бар. Сын есім мен үстеудің шырай категориясы бар. Кейбір есімдіктердің жіктік, көптік, тек, септік және шырай категориясы бар. Сөздердің грам­ матикалық формаларының жүйесін парадигма деп атайды.
Тілдегі барлық сөздер лексикалық мағынасына, морфология­ лық ерекшеліктеріне, синтаксистік функциясына және олардан жасалатын сөз тіркестерінің типтеріне қарай белгілі бір топқа жатады. Қазіргі ағылшын тілінде он екі сөз табы бар: 1) зат есім,
2) сын есім, 3) есімдік, 4) сан есім, 5) етістік, 6) үстеу, 7) шылаулар,
8) жалғаулықтар, 9) артикль, 10) жұрнақтар, 11) қыстырма сөздер,
12) одағай.
Барлық сөз табы атауыш және көмекші сөздер болып іштей екі топқа бөлінеді.
Атауыш сөздердің өзіндік дербес лексикалық мағынасы бар, яғни олар затты, оның сапасын, қимылды, күйді, жағдайды біл­ діреді. Олар өз алдына жеке тұрып, сөйлемнің белгілі бір жеке мүшесінің – бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштың қызметін атқара алады. Көмекші сөздердің дер­ бес лексикалық мағынасы жоқ және олар өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды. Олар анықтаушы және байланыстырушы (дәнекерлеуші) сөздер болып жанама екі топқа бөлінеді. Байланыстырушы (дәнекерлеуші) сөздер сөздерді
грамматикалық жағынан байланыстыру үшін немесе белгілі бір сөйлем мүшесінің грамматикалық формасын жасау үшін қолда­ нылады. Бұл топқа шылаулар (предлогтар), жалғаулар, модаль, көмекші және дәнекерлеуші етістіктер жатады. Анықтауыш сөзд­ ер өздері қатысты атауыш сөздердің мағынасын ерекшелеп, ай­ қындай түсу үшін қолданылады. Мұндай сөздерге артикльдер, жұрнақтар және кейбір есімдіктер жатады.
Дегенмен, көмекші сөздер мен атауыш сөздердің аражігін ашып көрсететін белгілі бір белгі, айырмашылық жоқ. Кейде олардың арасындағы айырмашылық сөз таптарының арасында, ал кейде бір сөз табының ішінде де (атауыш және көмекші етіс­ тіктер) кездеседі. Бір сөз әртүрлі контекстің бірінде атауыш сөз ретінде қолданылса, ал екінші бір жағдайда көмекші сөздер ретінде қолданылады.
Тілдегі барлық сөздер сөз тіркестерімен немесе сөйлем құрай отырып, грамматикалық жағынан бір­бірімен байланысқа түседі. Сөз тіркесі сөз бен сөйлем арасындағы аралық байланыс болып табылады. Бұл бір құбылысты білдіретін екі не одан да көп атауыш сөздерден тұратын (жасалған) грамматикалық бірлік болып табылады: the Ministry of Foreign Affairs, the title of the book. Сөз тіркесі жеке сөз сияқты сөйлемнің бөлінбес бір бөлшегі ретінде қызмет атқарады. Almaty is the former capital of Kazakh-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет