Бұл оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға және жоғары оқу орындары студенттеріне, аударма ісі мамандарына арналған. Оқулықта ағылшын тілі грамматикасының негізі тілдік нормаға сәйкес түсіндіріледі. Бұл грамматикалық оқулықтың негізгі мақсаты ағылшын тілінде дұрыс сөйлеп, жаза білу үшін қажетті грамма тикалық ережелер мен тілдік заңдылықтар жөнінде мағлұмат беру болып табылады. Оқулық морфология және синтаксис сияқ ты екі бөлімнен тұрады. Сөз таптары тарауында сөз таптары, олардың түрлері, қызметі, жасалым жолдары мен морфология лық көрсеткіштері қамтылады. Бұл тарауда грамматикалық ка тегориялар қай сөз табына қатысты болуына қарай, сол тақы рып көлемінде қарастырылады. Ал кейбір сөз таптары, мысалы, жалғау және шылау сөздердің қолдану ерекшеліктері жеке тақырып болып негізгі сөз таптары, яғни зат есім, артикль, сын есім, үстеу, есімдік, етістікке қатысты беріледі. Сондайақ мо даль сөздер, жұрнақтар және қыстырма сөздер де әртүрлі тарау лардың бөлімдерінде таныстырылады. Синтаксис тарауында сөйлемнің түрлері, құрылымы, олардың тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері қарастырылады. Ағылшын тіліндегі грамматикалық категорияларды және олардың қызметі жайлы түсініктемені бер генде, қазіргі және соңғы шыққан грамматикаларда ұсынылған заңдылықтар мен нормаларға сүйене отырып негізделеді. Ағыл шын тіліндегі әрбір грамматикалық құбылыстар таныстырылған да, мысалдармен дәйектеліп, тіл үйренушіге түсінікті болу үшін олардың формалары мен аударылу ерекшеліктерінің қазақ тілінен айырмашылықтары атап көрсетіледі. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі кейбір конструкциялардың сөзбесөз аудармасы қазақ тіліне сәйкес келмегендіктен, аударма жасалғанда оларды қазақ тілінің тілдік нормасына сәйкес аударуға көңіл бөлінеді. Ағылшын
4
тіліндегі грамматикалық құбылыстар ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттерден (жазушылардың шығармаларынан) алынған қара пайым, көпшілікке түсінікті, жиі қолданылатын сөздерден тұ ратын мысалдармен беріледі. Оқулықтың соңында бірқатар грамматикалық формалардың кестесі, ағылшын тіліндегі негізгі грамматикалық категориялардың қаза тіліне аудармасы және оқу лықты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |