Салдыр бағыныңқылы сөйлемдердің екіншісі «whіch» есімдік жалғаулық арқылы байланысады. Бұл есімдік алдыңғы сөйлемнің бір мүшесіне емес, сөйлемге түгел қатысты. Екінші сөйлем алдың ғы сөйлемге бағынышты емес, бірақ алдыңғы сөйлемдегі ойдың, ісәрекеттің әрі қарай өрбуін, жалғасын (салдарын) білдіреді.
My mother wished me to study Medicine, which I did ac cordingly (Анам медицинаны оқуымды қалады, мен оның айтқанындай істедім).
I had got a bad cold, which held me up in bed (Маған мені төсекке тартқызып, қатты суық тиді).
Еск ер т у. Мұндай сөйлемдер «whіch» жалғаулығымен бай ланысатын (құрмалас сабақтастың) анықтауыш бағыныңқылы сөй лем түріне ұқсас. Бұлардың арасындағы айырмашылық – анықтауыш бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемнің бір мүшесіне ғана (бүкіл сөйлемге дейін) бағынышты болса, аралас құрмаласта «whіch» жалғау лығымен байланысатын сөйлем алдыңғы сөйлемге түгел қатысты.
Мына мысалдарды салыстырып көрейік:
I bought a bag, which matched my shoes (Менің аяқ киіміме жарасатын сөмке сатып алдым) (Пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем)
I want to buy a bag, which I couldn’t (and/but I couldn’t buy it) (Мен өзім сатып ала алмайтын сөмкені алғым келеді).
Сабақтас құрмалас сөйлемдер бірбіріне бағына байланысқан екі не одан да көп жай сөйлемдерден тұрады. Көп жағдайда сөй лемдердің біреуі басыңқы болады да, ал қалғандары бағыныңқы байланыста болады. Ал басыңқы сөйлемдері жоқ, бастауыш не баяндауыш бағыныңқылы (мүшелі) сөйлемдерде басыңқы, бағыныңқы сөйлемдер болмайды.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлем дер жалғаулықсыз және жалғаулық сөздер (үстеу, есімдіктер) арқылы да байланысады.
I know he went to London (Мен оның Лондонға кеткенін білемін.)
I know that he has gone to London (Мен оның Лондонға кетіп қалғанын білемін).
I know how long he has been to London (Мен оның Лондонда қанша уақыт болғанын білемін).
Жалғау мен жалғаулық сөздердің арасында айырмашылық бар. Жалғаулық екі сөйлемді байланыстыратын көмекші элемент болып табылады. Ол сөйлемде басқа функция атқармайды. Ал жалғаулық сөздер сөйлемде тек қана байланыстырушы қызмет қана емес, сонымен қатар жалғаулық арқылы байланысқан бағы ныңқы сөйлемде синтаксистік қызмет атқарады.
He said that he was ill (Ол өзінің ауырып қалғанын айтты). (жалғау)
She showed me everything that she bought (Ол өзі сатып алған заттардың бәрін көрсетті) (Анықтауыш мағыналы есімдік)
Бағыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлемнің бір мүшесімен, яғни жай сөйлемнің сол бағыныңқы сөйлемнің түріне ұқсас мү шелерін байланыстыратын жалғаулық есімдіктер мен жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
It is all what he has done for them of late (Бұл оның олар үшін соңғы кезде істеген барлық қолынан келген жақсылығы болатын).
He gave no thoughts of the others who would be aboard Flight Two (Ол екінші бағыттағы самолеттегі басқалар туралы ойлаған да жоқ).
I can’t remember the place where I had left my umbrella (Мен қолшатырымды қайда тастап кеткенімді есіме түсіре алмадым).
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің алдында не соңында, ал кейде оның ортасында да келеді.
As it was raining children couln’t play outside (Жаңбыр жауып тұрғандықтан, балалар далада ойнай алмады).
The man who wants to see you is waiting for (Сізді көргісі келген кісі күтіп отыр).
We’ll have field practice after out term finishes (Сессия біткесін біз далалық практикаға барамыз).
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге не бағыныңқы сөйлем нің біріне бағына байланысуы мүмкін. Осындай байланыстың түріне қарай бірінші, екінші, үшінші дәрежелі бағыныңқы сөй лемдер деп бөлінеді.
I think he’ll go to his home town when he graduates from the university (Университетті бітіргесін ол өзінің туған қаласына барады деп ойлаймын).
But she worried more when she saw in his eyes a hint of desperation (Бірақ ол оның көзінен түңілгенді көргенде одан бетер қобалжыды).
Бағыныңқы сөйлемдердің функциясы жай сөйлемнің мүшеле рінің функциясына ұқсас. Сөйлемнің қай мүшесінің қызметінде жұмсалуына қарай бағыныңқы сөйлемдер бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш және анықтауыш бағыныңқылы құр малас сөйлем болып жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |