Грамматикасы



бет38/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

МӨЛШЕРЛІК ЕСІМДІКТЕР


Мөлшерлік есімдіктерге «much, many ((a) few, (a) lіttle, several, enough» сөздері жатады. Бұл есімдіктердің ерекшелігі – олар тек зат есім, сын есімнің орнына ғана емес, сонымен қатар сан есімнен жасалған үстеудің (көп, аз) орнына да қолданылатындығы.
«Much (a) lіttle» есімдіктері саналмайтын зат есімдермен қолданылады. «Many, (a) few; several» есімдіктері саналатын зат есімдермен келеді, «enough» есімдігі саналатын да, саналмайтын да зат есімдермен келеді.
Ауызекі тілде «much, many» есімдіктері сын есімнің орнына хабарлы сөйлемде, ал кейде сұраулы сөйлемде «a lot of, plenty of, a great deal of» тіркестері түрінде келеді.
We have a lot of fun. (Бізде көп қызық болды).
Бірақ та болымсыз сөйлемде «much» есімдігі келеді.
They haven’t much snow in winter. (Оларда қыста көп қар жауады.)
Have you got much (a lot of) plot at your school? (Сіздердің мектептеріңіздің жанында көп жер бар ма?)
Have you got many (a lot of) pets in your house? (Сіздің үйіңізде үй жануарлары көп пе?)
She spent a great deal of (a lot of) time at this problem (Ол осы мәселеге көп уақытын жұмсады).
Зат есімнің қызметін атқарғанда хабарлы сөйлемде кездеседі.
Much has been spoken about thіs subject (Бұл тақырып туралы көп айтылды).
Many tried to persuade him that his decision was wrong (Көп жұрт (адамдар) оны шешімінің дұрыс еместігіне көзін жеткізгісі келді).
«Lіttle» және «few» есімдіктері («very» сөзімен тіркесіп келме­ генде) хабарлы сөйлемде сирек қолданылады. Олардың орнына
«not much, not many» есімдіктері қолданылады.
We haven’t much tіme left. Біздің аз уақытымыз қалды. («lіttle tіme» болмайды).
They haven’t got many pets at their house. Олардың үйінде үй жануарлары аз. («few pets» болмайды).
«Lіttle, few» есімдіктері «very, too» сөздерімен тіркескенде хабарлы сөйлемде келеді.
We have very lіttle opportunity (Біздің мүмкіндігіміз аз). She has too few English books at home (Оның үйінде ағылшын кітаптары өте аз).
Very few (students) attended the meeting (Жиналысқа өте аз студент қатысты).
Too little milk is left for the cat (Мысыққа өте аз сүт қалды).
«Many, much» есімдіктері «lіttle» есімдігі сияқты «of» жалға­ уынан кейін келгенде бір нәрсенің (бүтіннің) бөлігі деген мағы­ наны білдіреді. Бұндай жағдайда «one of, some of, half of» т.б. тіркестермен мағыналас келеді.
Many of our relatives live in Astana (Біздің туыстары­ мыздың көпшілігі Астанада тұрады).
Much of the work іs done (Жұмыстың көбі істеледі). Lіttle of the bread was eaten (Нанның шамалысы ғана желінді).
Half of them returned home (Олардың жартысы үйлеріне қайтты).
Some of the test was done correctly (Сынақтың біразы ғана дұрыс орындалған).
Мөлшерлік есімдіктердің көпшілігінің шырай категориясы бар.
many }
much } more – most
few – fewer – (the) fewest lіttle – less – (the) least
«Most» есімдігінің күшейтпелі шырай формасы «бір нәрсенің көпшілік бөлігі» деген мағынада да қолданылады. Онымен жалпы мағынаны білдіретін артикльсіз келген зат есім тіркеседі.
Most furniture іn this room is old (Бұл бөлмедегі жиһаздың көпшілігі ескі).
Most suggestions are offered by the scientists in this field (Ақыл­кеңестің көпшілігін осы саладағы ғалымдар ұсынды).
Бірақ «most» есімдігі «айтарлықтай, басым көпшілігі деген мағынаны білдіргенде, одан кейін «of» шылауы келеді және зат есімнің алдында белгілі артикль келеді.
Most of the students carry on experiments (Студенттердің басым көпшілігі тәжірибе жұмысын жүргізеді).
Most of the towns were built in 60­s (Қалалардың көпшілігі 60­жылдары салынған).
«Much» есімдігі салыстырмалы шырай формасында сын есімді, үстеуді анықтап тұрады.
Thіs text іs much easier than the other (Бұл мәтін басқасына қарағанда әлдеқайда оңайырақ).
He speaks English much more better than his friend (Ол досына қарағанда ағылшынша әлдеқайда жақсы сөйлейді).
«Much, many» есімдіктері төмендегідей салыстырмалы шырай конструкцияларында келеді.
He works as much as you (do) (Ол да сіз сияқты көп еңбек етеді).
I have got as many friends as you have. (Менің де сіз сияқты достарым көп).
She made mistakes as much (as I do) (Ол да мен сияқты қате жіберді).
This oil two tіmes as much as that one (Мына май ана майдан екі есе көп).

76
You’ve made twіce as many mіstakes thіs tіme (Сіз осы жолы екі есе көп қате жібердіңіз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет