Грамматикасы



бет45/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«to be» етістігінің өткен шақ формасы
«To be» етістігі өткен шақтың жекеше түрінде «was» және көпше түрде «were» болып жіктеліп кетеді.


Жекеше түрі
I was at home yesterday (Кеше мен үйде болдым).
You were at home yesterday (Кеше сіз үйде болдыңыз).
He was at home yesterday (Кеше ол үйде болды).
She was at home yesterday (Кеше ол (қыз бала) үйде болды). It was cold yesterday (Кеше күн суық болды).


Көпше түрі
We were at home yesterday (Біз кеше үйде болдық).
You were at home yesterday (Сіздер кеше үйде болдыңыздар). They were at home yesterday (Олар кеше үйде болды).
Сұраулы сөйлемде «to be» етістігінің «was, were» өткен шақ формасы бастауыштың алдында тұрады.
Was he at home? (Ол кеше үйде болды ма?)
Were you at home yesterday? (Сіз (сіздер) кеше кеше үйде болдыңыз ба?)
Was it cold yesterday yesterday? (Кеше күн суық болды ма?)
Болымсыз сөйлемде «to be» етістігінің өткен шақ формасынан кейін «not» сөзі келеді.
I was not at home yesterday (Мен кеше үйде болған жоқпын). You were not at home yesterday (Сіз кеше үйде болған жоқсыз).
He (she) was not at home yesterday (Ол кеше үйде болған жоқ).
It was not cold yesterday (Кеше күн суық болған жоқ).
Ауызекі тілде «was not/were not» формаларының орнына олар­ дың қысқартылған «wasn’t, weren’t» формалары келеді.


Белгісіздік келер шақ


Белгісіздік келер шақ іс­әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уа­ қыттан кейін, яғни алдағы уақытта істелетінін, орындалатынын көрсетеді. Белгісіздік келер шақтағы хабарлы сөйлем «shall, will» көмекші етістіктері мен («to» шылауынсыз келген) негізгі етістік­ тің тұйық түрі арқылы жасалады. «Shall» көмекші етістігі 1­ші жақтың жекеше, көпше түрінде, ал «will» формасы 2­ші, 3­ші жақтарда келеді (Қазіргі ағылшын тілінде «will» формасы 1­ші жақта да жұмсала береді). Белгісіздік келер шақтағы іс­әрекеттің мезгілін білдіру үшін «tomorrow, next week (monday, month, year)» т.б. үстеулері қолданылады.
I shall learn English next year (Мен келесі жылы ағылшын тілін үйренемін).
You will learn English next year (Сіз келесі жылы ағылшын тілін үйренесіз).
He (she) will learn English next year (Ол келесі жылы ағылшын тілін үйренеді).
We shall learn English next year (Біз келесі жылы ағылшын тілін үйренеміз).
You will learn English next year (Сіздер келесі жылы ағылшын тілін үйренесіздер).
They will learn English next year (Олар келесі жылы ағылшын тілін үйренеді).
Сондай­ақ ауызекі тілде «shall, will» көмекші етістіктері жік­ теу есімдіктерімен қысқартылған «I’ll, you’ll, he’ll, she’ll, it’ll, they’ll» түрінде келеді.
Сұраулы сөйлемде «shall, will» көмекші етістіктері бастауыш­ тың алдында тұрады. Жалпы сұрақта «shall» етістігі келер шақ­ тағы іс­әрекетті білдірмейді. «Shall» көмекші етістігі жалпы сұрақта айтушы тыңдаушының іс­әрекет жөнінде нұсқауын, келі­ сімін, рұқсатын алу үшін қолданылады. «will, won’t» көмекші етістіктері сыпайы өтінішті білдіреді.
Shall we come at 5 o’clock tomorrow? (Біз ертең сағат бесте келейік пе?)
Shall I help you? (Мен сізге көмектесейін бе?)
Won’t you show me the way to the centre of the city? (Сіз маған қаланың орталығына баратын жолды көрсетіп жібермейсіз бе?)
Will you come have a dinner with us? (Сіз біздің үйге қонаққа келесіз бе/келсеңіз?)
Will you learn English next year? (Сіз келесі жылы ағылшын тілін үйренесіз бе?)
Will he (she) learn English next year? (Ол келесі жылы ағылшын тілін үйрене ме?)
Сөйлемнің болымсыз түрі болымсыздық «not» сөзі арқылы жасалады және ол көмекші етістіктен кейін тұрады.
We shall not learn English next year (Біз келесі жылы ағылшын тілін үйренбейміз).
You will not learn English next year (Сіз келесі жылы ағылшын тілін үйренбейсіз).
He (she) will not learn English next year (Ол келесі жылы ағылшын тілін үйренбейді).
Ауызекі тілде «shall not» формасының орнына қысқарған
«shan’t» формасы, ал «will not» формасының орнына қысқарған
«won’t» формасы келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет